Редакция таңдауы
Ақтауда сот жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланды
Маңғыстауда «Рухани құндылықты сақтау – өркендеудің негізі» атты тақырыпта Батыс өңірлік семинары өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Н.Өтеулиева хабарлады.
30 Қараша, 2019
Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті
Атырауда 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
30 Қараша, 2019
Ақжайық ауданында инсультқа қарсы орталық ашылды
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының орталығы Чапаев селосы – тоғыз жолдың торабында, облыстың оңтүстік аудандарына шығар жолайырықта орналасқан ірі елдімекен. Бүгін осы ауылдағы аудандық аурухана базасында арнайы жасақталған инсульт орталық ашылды. Орталық бес ауданның халқына қызмет көрсетпек.
30 Қараша, 2019
Атыраулық кәсіпкерлерді не алаңдатады?
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы бизнес өкілдерімен кездесті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
30 Қараша, 2019
Жетісудың көшбасшы жастары марапатталды
Талдықорғанда өңірдің белсенді жастарын марапаттауға арналған «Көшбасшы-2019» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
30 Қараша, 2019
Тағы бір ауыл табиғи газ желісіне қосылды
Жетісу өңіріндегі әр елді мекенді көгілдір отынмен қамту мәселесі күн тәртібінде тұр. Соңғы 3 жыл аралығында бұл бағытта теңдессіз жұмыстар жасалды. Бүгінде Талдықорған қаласы мен жақын маңдағы аудандардың табиғи отын көзіне қосылуы облыстың ерекше жетістігінің бірі. Келешекте көгілдір отынмен қамту ісі бұдан да қарқын ала түспек.
30 Қараша, 2019
«ALTYN SAMGAY-2019» ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздары анықталды
Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қалыптасқан дәстүр бойынша жылдың спорттық жетістіктерін қорытындылап, «Қазақстан» Орталық концерт залында «Altyn Samgay-2019» Ұлттық Спорттық Жүлдесінің марапаттау кешін өткізді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
30 Қараша, 2019
Филармония оркестрі халықаралық фестивальға қатысуда
Облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның көркемдік жетекшісі Сәуле Мұқаеваның айтуынша, Малайзияда өтіп жатқан фестивальға Филиппин, Өзбекстан, Тайланд, Корея, Мексика және Индонезия елдерінің өнерпаздары қатысуда.
30 Қараша, 2019
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 30 қараша - 2 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын айтты.
29 Қараша, 2019
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Автомобилисті» ұтты
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті турын ойынын Екатеринбурте өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жергілікті «Автомобилистен» айласын асырды.
29 Қараша, 2019
«Алатау» театры Тұңғыш Президент күніне тарту жасады
Құрылғанына төрт жыл толған «Алатау» дәстүрлі өнер театры өз көрермендерін тың бастамаларымен қуантып келеді. Аталған өнер ордасында «Елін сүйген Елбасы» деген тақырыппен еліміздің Тұңғыш Президент күніне орайластырылған мерекелік шара өтті. Концертке алматылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
29 Қараша, 2019
А.Мамин Франция бизнес қауымдастығының аса ірі бірлестігімен келіссөздер өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Франция-Қазақстан іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикарер бастаған «Франция-Қазақстан» сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелерін және Франция кәсіпорындары қозғалысының (MEDEF) өкілдерін қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
29 Қараша, 2019
Қазақстан халқы Ассамблеясы мерекемен құттықтады
Қазақстан халқы Ассамблеясы ел тұрғындарын 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
29 Қараша, 2019
Елбасы назарында – ел қауіпсіздігі
1 желтоқсанда Қазақстан ерекше – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. 28 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев егемен Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. Дәл 1991 жылғы 1 желтоқсанда ол қазақстандық электораттан Мемлекет басшысы уәкілеттілігін алып, өз әрекетін халықтың ерік-жігерімен дәйектеуге саяси құқыққа ие болды.
29 Қараша, 2019
Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыздың Таразға әлденеше мәрте жолы түсіпті. Киелі де қасиетті Әулиеата жерінің өзгеше бір құдірет-күші бар шығар-ау. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей-ақ, ол кезде Мемлекет басшысының күнгей өлкеге әрбір сапары өркенді өзгерістермен тұспа-тұс келетін-ді.
29 Қараша, 2019
Егемен елдің еңсесіндей бойын тіктеген елорданың әдемілігін ұшақпен сапарлап келе жатқан әрбір қонақ иллюминатордың әйнегінен байқайды, табаны алдымен әуежайға тиеді. Аспан мен астананың арасын жалғаған бұл «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – елорданың ғана емес, еліміздің бас әуе қақпасы.
29 Қараша, 2019
Креативті 8 индустрия – «Жаңа Алматының» жарқын келешегі
Заманауи көркін асқақтатып, әлемдегі дамыған қалалар үдесінен шығу Алматы шаһары үшін айшылық алыс қашықтық емес. Almaty Investment Forum алаңында отандық және шетелдерден келген инвесторлар «Жаңа қаланың» келешегіне қатысты маңызды құжаттарға қол қойған сәтте сөзіміздің растығына көз жеткізгендей болдық. Ал қағаз жүзінде күшіне енген креативті жоспарлар қала халқымен бірге жүзеге асатын болады. Өйткені Алматыда еліміздегі және өңірдегі ең креативті, ең батыл әрі білімді адамдар тұрады. Дәл осындай пікірмен бөліскен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев креативті адами капитал Алматының басты артықшылығы деп атап өтті. Қалада жұмыс істейтін тұрғындардың 70 пайызға жуығы жоғары білімді. Ал жұмыспен қамтылғандардың үштен екі бөлігін құрап отырған шағын және орта кәсіп иелері қазынаға салықтың 63 пайызын беріп отыр.
29 Қараша, 2019
«Бейбітшілік кіндігі» норвег тілінде жарық көрді
Ослоның Әдебиет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» кітабының норвег тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.
29 Қараша, 2019
Тұңғыш Президент көшесі тұнған тарих
Бір-бірімен қиылысып һәм қатар шауып, шумақ-шумақ созылып, шулы шаһардың тұла бойына жан бітіретін көшелердің де өз өмірі, тылсым тағдыры, терең тарихы болады. Біз бүгін көне Орал қаласының қақ ортасында жатқан осындай бір көше туралы әңгіме қозғамақпыз.
29 Қараша, 2019
Ұлттық музейде Тұңғыш Президент – елбасы Кітапханасының ұсынуымен егемендіктің негізін қалауға, үйлесімді қоғам құру мен ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі Елбасы рөлін айқындайтын жаңаша көрме ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде кітапхананың мұрағаттық материалдар жинағы әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжатты ел назарына ұсынды.
29 Қараша, 2019