Редакция таңдауы
Түркістан қаласы бүгінде күн санап көркейіп келеді. Әсіресе жарыса бой көтерген қала аумағындағы тұрғын үйлер мен көздің жауын алардай көркем ғимараттар өңір экономикасына жаңа серпін беруде. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіздік жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауы мен бастамасы киелі Түркістанның жандана түсуіне, бүгінгідей ізгілікті істерге басты негіз болғаны елге мәлім.
29 Қараша, 2019
Біздің басты құндылығымыз – елдің амандығы мен жердің тыныштығы, бірлігі мен бейбітшілігі. Дін қызметкерлері мұны айтудан ешқашан жалыққан емес. Өйткені Пайғамбарымыз прогреске үндеген. Дамудың жолын көрсеткен. Керітартпа көзқарас алға жылжуды тежейді. «Отанды сүю – иманнан», деген аталы сөз бар. Бұл – тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін нақыл. Отбасын ізгілікке тәрбиелеу, елдің игілігіне қызмет ету, тұрақтылық пен тыныштыққа тілеулес болу, міне, Отанды сүю деген осыдан басталады. Отаншыл адам өз ортасын береке мен бірлікке бөлеп, ізгілікке үндеп жүреді.
29 Қараша, 2019
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 2011 жылы 10 желтоқсанда Парламент Сенатының отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданған болатын. Нәтижесінде 2012 жылдан бастап бұл күн елімізде ресми мерекелердің қатарына енді.
29 Қараша, 2019
Қоқыс экологиялық проблемаға айналды
Кеше Парламент Сенатында осы палатаның Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті ұйымдастырған «Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау және өңдеу» мәселелеріне арналған Үкімет сағаты өтті.
29 Қараша, 2019
Орынборда «Egemen Qazaqstan»-ның ғасырлық тойына арналған дөңгелек үстел өтті
Н.Крупская атындағы облыстық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған Орынбор облысы Мәдениет және сыртқы байланыстар министрінің орынбасары, Халықаралық әріптестік басқармасының бастығы Александр Калинин бастаған орынборлық лауазымды тұлғалар қатысты.
28 Қараша, 2019
ҰҚШҰ ЖҚК сессиясында толық түсіністікке қол жеткізілді
Шағын құрамдағы отырыста мүше мемлекеттер сындарлы әрі сенімді сипатта бірқатар мәселелерді қарастырып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысты ашық талқылау өткізді. Ұйымға төрағалық жасаған мемлекеттің басшысы Сооронбай Жээнбеков бұл туралы пленарлық атап өтіп, ҰҚҰШ сессиясының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша толық түсіністікке қол жеткізілді.
28 Қараша, 2019
Сандуғаш үні салқар даланы тегіс тербеген Бибігүл Төлегенова биыл тоқсан жасқа толды. Халық әртісінің мерейлі белесіне арналған кезекті шара Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғасын тапты.
28 Қараша, 2019
Елордамыздағы «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында 4 мектептің оқушыларын біріктіретін Master art жобасының тұсауы кесілді.
28 Қараша, 2019
Абайдан соң... Мұқағали сөздігі
Қоржыны қазынаға толы қазақ әдебиетінің жүріп өткен сүрлеулі, соқпақты жолына көз салсақ, шығармаларымен оқырман санасында жатталып қалған талантты қаламгерлер көп-ақ. Әдебиетке еңбегі сіңген ақын-жазушыларды кейінгі ұрпақтың ұлықтап, мадақтауы заңдылық екенін ескерсек, қазіргі таңда да ұлылардың ұлағаты қадари-халінше насихатталуда.
28 Қараша, 2019
Күллі Еуропа құрлығын елең еткізген Ержанның ерек үні күні кеше тағы да жаһан назарын өзіне бұрғызды. Балалардың әлемдегі ең үздік ән байқауы – «Junior Eurovision song contest-2019» жобасында 2-орын тұғырынан көрінген талантты жастың жеңісі – мұқым қазақ елінің мерейі, мақтанышы екені даусыз.
28 Қараша, 2019
Болашаққа жасалған батыл қадам
Жамбыл облысында бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы барлық салада тиісті деңгейде жүзеге асырылуда. Мәселен өңірде білім беруді цифрландыру аясында орта білім беру мекемелерінде 26 026 компьютер қолданылуда.
28 Қараша, 2019
Индустриялық аймақ ірі инвесторлар алаңына айналады
Алматыға сапары барысында қаланың экономикалық әлеуетін толық пайдалану туралы тапсырма берген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау ауданындағы Индустриялық аймақты белсенді игеру мәселесіне айрықша көңіл бөлген болатын.
28 Қараша, 2019
Ел газетінің мерейтойы Көкшетауда зор құрметпен атап өтілді
Облыс орталығында республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығын мерекелеу аясында «Егемен» – Отанымыздың бас газеті» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.
28 Қараша, 2019
Біраз жыл бұрын Американың Айова штатындағы, орталықтан 35 шақырым жердегі бір фермердің үйінде болдық. Маңайда жүгері жайқалып өсіп тұрды. Кезінде осы штатта КОКП-тың сол тұстағы бірінші хатшысы Никита Хрущев болып, жүгері өсіруден тәжірибе алмасқаны тарихтан белгілі. Өйткені Хрущев жүгері мен доңызды ерекше жақсы көріп, сүйсініп жейтін болған. Міне, сол фермердің үйіне барар жолда асфальт төселмеген, кәдімгі тақтайдай тартылған қара жол. Жеңіл көлік жүйткіп жүреді. Ал фермердің үйі еңселі. Кәдімгі біздегі байлар тұратындай. Фермер дегеніміз, жетпісті еңсерген екі қарт адам.
28 Қараша, 2019
Банк бизнеске, бизнес экономикаға сенбейді
Былтырдан бері бизнес ақшадан таршылық көріп отыр. Нақтырақ айтқанда, банктердің беретін несиесі азайып кетті. Дегенмен, бизнес субъектілерінің банктерге салған депозиті ай санап ұлғайып келе жатыр. Соған қарағанда кәсіпкерлердің «ақша жоқ» деуі Үкіметтен «арзан», кейде тіпті «тегін» ақша алу амалы ғана секілді.
28 Қараша, 2019
Инклюзивті білім беру кабинеті ашылды
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов №88 жаңа мектеп-лицейіне барды. Оқу орны 1200 орынға есептелген. Бұл №75, №84 және №85 мектептердің шамадан тыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жаңа мектептің жұмысымен танысу барысында «Әр бала мектепке лайықты» жобасының іске асырылуы таныстырылды. Мектеп-лицейде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында инклюзивті кабинет ашылды.
28 Қараша, 2019
Мақсат – парламенттік партия болу
Нұр-Сұлтан қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының XVI есеп беру-сайлау съезі өтті.
28 Қараша, 2019
Садақа беру мәдениетінің заманауи үлгісі
Нұр-Сұлтан қаласындағы Әлжан ана мешітінде «QIWI» электронды садақа терминалының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысты.
28 Қараша, 2019
Ынтымақтастық жоспарына қол қойды
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Дамир Сагынбаевпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
28 Қараша, 2019
Биыл Отанымыз сегізінші рет мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өткелі отыр. Президенттік билік пен Тәуелсіздіктің 28 жылдық тәжірибесі Қазақстан үшін осы басқару формасының тиімді екенін дәлелдеп, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
28 Қараша, 2019