Редакция таңдауы
Халық бірлігін нығайтудағы үлесі зор
Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қазақстандағы әзербайжан этносының мәдениеті және салт-дәстүріне арналған мерекелік іс-шара өтті.
12 Қараша, 2019
ЖИТС-ке қарсы іс-шаралар өтеді
Елордада 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке (СПИД) қарсы күрес кампаниясы аясында іс-шаралар өтеді. Науқан туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, «Жария», «Болашаққа қадам», «Human Health Institute» және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
12 Қараша, 2019
Назарбаев Университет студенттері бірыңғай жаратылыстану бағытында білім алатындықтарына қарамастан, ән мен күй, жалпы дәстүрлі өнерге де барынша бейім екендіктерін көрсетіп, көрерменіне тамаша тарту жасады. Өткен жұмада Назарбаев Университеттің Ballroom Right залында өткен қазақтың ұлы ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Ақын және оның музасы» атты әдеби-театрландырылған кеште жарқырай көрінген талантты жастар өнері соған дәлел.
12 Қараша, 2019
Бүгінде Қостанай ауданындағы Алтын дала ауылының тұрғыны Алмас Доскеевтің отбасына лаң кіріп кеткендей, сергелдең күйге түскен. Айдың, күннің аманында олар «КЭЦ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 019 304 теңге айыппұл төлейтін болып шыға келді. Ауылда өз еңбегімен ғана күн көрген қарапайым отбасы қара қылды қақ жаратын сот әділдігінің ақсағанына налиды, өздерінің таза арын сақтап қалуды, намысын қорғауды ойлап күйінеді.
12 Қараша, 2019
Кәсіби кадрлар жұмыс істеуі тиіс
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде аграрлық ғылым, білім беру мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзара қарым-қатынасының мәселелері және шешу жолдарына арналған баспасөз конференциясы өтті.
12 Қараша, 2019
«Пішін мен бейне үндестігі» атты көрме
Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмелер топтамасы «Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылуымен басталды.
12 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру, жергілікті жердегі тыныс-тіршілікпен етене жақын танысу мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы өңірді аралады.
12 Қараша, 2019
Әділ әрі ашық диалог құруды көздейді
Жаһандық сын-тегеуріндер мен саяси шешімдердің ықпалы арқылы қысқа күнде қырық құбылған әлемдік экономикалық ахуал Astana Club-тың алаңында сарапқа салынбақ. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын айтулы шараның бұл жолғы тақырыбы «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында» деп аталды. Екі күнге жоспарланған жиынның алғашқы сессиясы жабық есік жағдайында өтті.
12 Қараша, 2019
Бағдарламаларға белсенді қатысады
ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы біздің еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін.
12 Қараша, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Тұңғыш Президент – Елбасының баспасөз қызметі.
12 Қараша, 2019
Елбасы «JP Morgan Chase International» басқарма төрағасы Джейкоб Френкельмен кездесті
Әңгіме барысында Елбасы әлемнің жетекші сарапшылары өзара диалог құруы үшін «Астана клуб» алаңының ерекше маңызды екенін атап өтті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
11 Қараша, 2019
Президент ведомстволар басшыларының есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдап, ведомствоның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ақпаратпен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
11 Қараша, 2019
Жастарға арналған баспанаға құжат қабылдау уақыты бiр күнге ұзартылды
Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана үшін құжаттар қабылдайтын Smart Astana порталының жұмысы қайтадан жөнделді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
11 Қараша, 2019
Әскери институтта Талғат Бигелдиновті еске алды
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының курсанттар ұлы ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновті еске алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 Қараша, 2019
Аружан Жазылбекова АҚШ-та «Ең үздік актриса» атанды
Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова АҚШ-та Golden screen awards марапаттау шарасында «Ең үздік әйел рөлі» сыйлығын жеңіп алды.
11 Қараша, 2019
Әлем саясаткерлері елордада жиналды
Елордада «Астана Клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы басталды.
11 Қараша, 2019
2019 жылғы 10 айда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд теңге көлемінде төлемдер жүргізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 Қараша, 2019
Қатқақтан тазартудың жолын тапты
Жас ғалым, PhD Алина Ким Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің үздік жобаларды қолдау бағдарламасы шеңберінде көшені қатқақтан тазартатын құрылғы ойлап тапты.
11 Қараша, 2019
Әлемде екі секунд сайын бір адам қанға мұқтаж болады. Ал бір донордың қаны үш адамның өмірін құтқарады екен. Мұның сыртында 450 милилитр қан тапсыру қан айналымы жұмысын жақсартып, күйзеліске қарсы тұру қабілетін арттырады, иммунитетті және ас қорыту жүйесін жақсартады. Осыны ескерген Республикалық «Қазақстан құрылысшылар одағы» қызметкерлері тегін қан тапсырып, қайырымдылық жасады.
11 Қараша, 2019
Осындай атпен жазылған бұл мақаланың авторы – Есхан Есетов 1945 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің (қазіргі «Egemen Qazaqstan») Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет істеген. Ал 1945-1959 жылдары аралығында аталмыш газеттің Алматы облысы бойынша тілшісі, кейіннен осы газет редакциясы аппаратында еңбек етеді. Сондай-ақ аға-апалар, еске түсіріңіздерші, «Ал кәнеки жолдастар, шық біреуің той бастар» деп жеңіл де ойнақы әуенмен басталатын «Тойбастар» әнін ұмыта қоймаған шығарсыздар. Есхан ағамыз өз заманында, қазіргі тілмен айтқанда хит болған осы әннің иесі, белгілі сазгер. 1958 жылы Алматының Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан Ілияс Есенберлиннің әдеби редакторлығымен «Әндер жинағы» жарық көрген. Қазақта Бейімбет Майлинді, оның атақты кейіпкері Мырқымбайды білмейтін кісі кемде-кем. Мырқымбай әдебиетіміздегі типтік бейне ғана емес, қазаққа сіңісті замандас сипатын аңғартар тұлға, мәтелге, тіпті қанатты сөзге айналған есім. Ендеше, Мырқымбай өмірде шын болған адам ба? Болса ол кім еді? Міне, осындай сауалдарға біздің қолымыздағы мына «Мырқымбай» деп аталатын материал біршама жауап беретін сыңайлы. Материал 2013 жылы Е.Есетовтің туындыларын жинап-теріп, ағайын-туыстары Қостанай қаласынан шығарған «Естеліктер» жинағына енген. Әңгіме өткен ғасырдың елуінші жылдары жазылған. Біз сіздердің назарларыңызға автордың өзіндік қолтаңбасын сақтай отырып, ықшамдалған нұсқасын ұсындық. Жанұзақ АЯЗБЕКОВ, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
11 Қараша, 2019