Редакция таңдауы
Анар Фазылжан: Мәтінді жасанды жадқа тілтанушылар бейімдеді
Қазақ тілін цифрландыруға бейімдеу А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен ғасырдың 70-жылдары қолға алынды. Осы кезеңде Қолданбалы лингвистика бөлімінде қазақ сөздіктерінің автоматтандырылған базасы жасалды. Араға жылдар салып жанданған ұлттық корпус қазіргі таңда 100 млн-нан астам қазақ сөзімен толықты. Жасанды интеллект дәуірінде үлкен тілдік модельдер осы ұлттық корпустағы сапалы әрі жүйелі дереккөзді пайдаланады. Ғалымдар еңбегінің нәтижесінде көрсеткіш келер жылы 200 млн-ға дейін ұлғаяды (qazcorpus.kz). Біз бүгін институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанмен қазақ тілінің бай қорын жасанды жадқа енгізу туралы әңгімелестік.
19 Желтоқсан, 2025
Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы: Саяси дамудың жауапты кезеңі
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде ауылдардың әлеуетін арттыру мәселесін де ұмыт қалдырмай, оны ұлттық саясатымыздың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыруымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ауыл әкімдерінің диалог-платформасы ауылдық аумақтарды дамытуға тың серпін берген айрықша маңызды оқиға болды.
19 Желтоқсан, 2025
«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы
Отандық ғалымдар «жасыл сутегі» өндіретін алғашқы кешенді стансаны жасап, іске қосты. Бұл олардың өз патенттері мен инженерлік әзірлемелеріне негізінде жасалған. Толық циклді сынақ қондырғы тек күн панельдері мен жел генераторларынан қуат алады.
19 Желтоқсан, 2025
Елдік жолындағы ерлік: Алаш арманын жүзеге асыруға бел шешкен боздақтар
Батысқазақстандық бір топ жастың 1940 жылы кеңестік тотаритарлық билікке қарсы «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» атты ұйым құрғаны, кейін әшкереленіп, аяусыз жазаланғаны ара-тұра жазылып жүретін. Жақында ғана газетіміздің 6 желтоқсан күнгі нөмірінде жарияланған «Азаттықты аңсаған жастар» атты мақала оқырман қауымды тағы да елең еткізді. Автор айтқандай, расында да бүгінгі бұқара «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» ұйымы мен оның мүшелері хақында толық құлағдар емес. Сондықтан ұлт тарихының сәулелі сәттерін әлсін-әлі халық жадында жаңғыртып тұру қажеттігі көрініп тұр.
19 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беріледі
Сенат депутаттары архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда самокатпен жүру ережелері қатаңдады
Қазақстанда енді электросамокаттардың нөмірі міндетті түрде тіркелуі тиіс. Бұл заңды Сенат депутаттары екі оқылымда да мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Желтоқсан, 2025
Жедел жәрдем қызметі автокөлік қорын жаңартты
Шымкент қаласында медициналық жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа санитарлық автокөлік кілттері табысталды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, денсаулық сақтау саласындағы жедел жәрдем қызметінің рөлін атап өтті.
18 Желтоқсан, 2025
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі брифингте Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 2025 жылы қаңтар-қараша айларындағы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы баяндап, журналистер сауалына жауап берді.
18 Желтоқсан, 2025
Дәрігерлер қауіпсіздігіне кепілдік беретін заң қабылданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар халықаралық келісімді ратификациялау туралы екі заңды қабылдап, Қылмыстық кодекске және Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізген заң жобаларын қарады. Сондай-ақ Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады.
18 Желтоқсан, 2025
«Қарызсыз қоғам» жобасының шапағаты
Қазақ қоғамы кейінгі онжылдықта түрлі несие шырмауына тәуелді болып қалды десек, артық айтқандық емес. Тұрғын үй, автокөлік, дәстүрлі той-томалақ тұрмақ, тұрмыстық техникадан бастап, киім-кешек, азық-түлікке дейін несиеге алу қалыпты өмір салтына айналды. Алайда бұл «қалыптылықтың» артында 8,5 миллионға жуық экономикалық белсенді халықтың қарызға батуы, оның ішінде 1,5 миллионнан астам адамның төлем мерзімін 90 күннен асырып алуы сияқты келеңсіз статистика тұр.
18 Желтоқсан, 2025
Субсидияның қайтарымы бола ма?
Ертіс бойының фермерлері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытқаны үшін мемлекеттен былтыр 7,2 млрд, биыл 7,7 млрд теңге субсидия алған. Өңір халқы миллиардтаған қаражаттың қайтарымын қаншалықты сезіне алып отыр?
18 Желтоқсан, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жас ғұмырын қиған жауынгерлердің рухына тағзым ету – парыз. Бүгінгі ұрпақ ерен ерлердің көкірегіндегі перзенттік махаббаттың пайымын түсінсе, сабақ болар еді.
18 Желтоқсан, 2025
«Қаралма» тағдыры қашан шешіледі?
Көне Тараз өңірінде күн тәртібінен түспей, түпкілікті шешімін таппай келе жатқан күлбілтелі мәселенің бірі – «Қаралма» тау-шаңғы кешені. Кезінде «Жамбылдың өз Шымбұлағы болады, «Қаралма» тау-шаңғы кешені салынады, жұрт осы жаққа ағылады», деп ұрандатып еді. Жыл бұрын облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек те «Қаралмаға» қатысты сүйінші хабар жеткізген. Алайда сол кездегі сүйініш қазір күйінішке айналып кеткендей. Өйткені сөз бен істе үйлесім жоқ.
18 Желтоқсан, 2025
Облыстық филармония академиялық мәртебе алды
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясына жақында «академиялық» мәртебе берілген болатын. «Атамекен» өнер ордасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасы Ерлан Дәкенов ел Үкіметі қаулысын филармония басшысына салтанатты түрде табыс етті.
18 Желтоқсан, 2025
Президент: Cоңғы алты жылда электр энергиясын өндіру 16 миллиард киловатт-сағатқа артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, аталған сала бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күнінде елімізде қанша мектеп пен балабақша ашылды?
Тәуелсіздік күні Астана, Алматы қалаларында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында жаңа білім беру нысандары пайдалануға берілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Франция арасындағы келісім: заң талаптарын бұзып жүрген азаматтар қайтарылатын болды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Француз үкіметтері арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісім ратификацияланды. Бұл келісімнің негізгі мақсаты – ұлттық заңнамалар талаптарын бұзып екі елдің аумағында жүрген адамдарды реадмиссиялау мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастыққа құқықтық негіз қалау. Құжатта осы елдер аумағында болу шарттарын бұзған немесе қиын жағдайға тап болған, айталық құжатын жоғалтқан адамдарды өз еліне қайтару қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2025
Тарихи Алаш автономиясы күні қарсаңында еліміздің солтүстік өңіріндегі Ақжар ауданы мен Көкшетау қаласында ұлт азаттығы мен теңдігі жолында аянбай күрескен біртуар саяси тұлға, жастар көшбасшысы, экономист, ғасырдан астам шежіресі бар «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Aqiqat» журналының бастауында тұрған редактор, жазушы, әдебиет сыншысы, ұлт театрының негізін қалаушы Смағұл Садуақасұлының (1900–1933 жж.) туғанына 125 жыл толуына арналған елдік іс-шаралар өтті.
16 Желтоқсан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін мерейтойлы жыл еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудың ерекше кезеңі болды. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Бірлік пен ынтымақтастық, диалог, өзара сенім мен құрмет, азаматтық жауапкершілік – осы мызғымас қағидаттардың бәрі еліміздің ілгерілеуінің негізін құрайды». Бұл сөздер Ассамблеяның 30 жылдығындағы қызметінің мән-маңызын дәл айқындайды.
16 Желтоқсан, 2025
Әлемдік мәртебе: сенім мен серіктестік
Кез келген елдің тәуелсіздігі халықаралық деңгейде мойындалғаны аса маңызды. Өйткені әлемдік қоғамдастық трансшекаралық кепілдік бермей мемлекет құру, экономикалық реформа жүргізу, әлеуметтік даму мүмкін емес. Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін оны дүние жүзіндегі көптеген мемлекет халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қабылдады. 120-дан аса ел Қазақстанның тәуелсіздігін ресми түрде мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
16 Желтоқсан, 2025