Редакция таңдауы
Софья Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?
2026 жылғы Олимпиада ойындарында (Италия) Қазақстан құрамасы атынан сынға түскен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Ақпан, 2026
Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орналасқан түріктің «Nord Panels» компаниясы биыл наурыз айынан бастап ағаш қалдықтарын терең өңдеу жолымен әртүрлі көлемдегі жүктерге арналған ағашқап жасауды қолға алмақ. Компания жаңа жарақтарды сатып алу мақсатында «Солтүстік ӘӘҚ» АҚ-дан 670 млн теңге қарыз алған.
18 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында халықтың тарихи жады мен ғылым-білімін жүйелейтін «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасын қолдайтынын айтқан еді. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды сақтап, оны терең зерделеуге мүмкіндік береді. Жаңа қор e-archive, e-kitaphana, e-culture, e-museum секілді қолданыстағы жүйелермен, сондай-ақ мемлекеттік, ғылыми және білім беру ұйымдарының дерекқорларымен біріктіріледі. Айта кетейік, бүгінде Ұлттық архив қорының 2 миллион 600 мыңнан аса құжаты цифрландырылған. Ал «Qazaq Culture» платформасы сегіз тілде жұмыс істеп тұр.
18 Ақпан, 2026
Бұл кісінің шаңырағын үй емес, музей ме деп қалатының анық. Өйткені Әлимаш Теміржанованың үйінде қос ғасырдың куәсіндей болған жәдігерлер менмұндалап тұр. Бір емес, үш бірдей бөлмеде орналасқан әрбір заттың өзіне тән тарихы бар. Кейуана барлық жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап отырғаны көңіл тоғайтады. Шаңырағын музейге айналдырған зейнеткердің үйіне келушілер аз емес. Олар мұндағы әрбір зат туралы тереңірек білгісі келеді.
18 Ақпан, 2026
Болашағымыздың стратегиялық бағдары
Ата заң – еліміздегі саяси жүйені терең әрі жүйелі жаңғыртуға бағытталған реформалардың заңды жалғасы. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы алаңындағы дөңгелек үстелде бас қосқан көпшілік осылай дейді. Мемлекеттік қызметшілер Конституцияға қазіргі қоғамда кездесетін түрлі сын-қатер ескеріліп, елеулі өзгеріс енгізілгенін баса айтты.
18 Ақпан, 2026
Ұшақта жолаушының өмірін құтқарды
«Астана – Прага» бағытындағы ұшақта әйел адамның денсаулық жағдайы кенеттен күрт нашарлап, есінен танып қалған. Абырой болғанда, рейстегі жолаушылардың бірі, екібастұздық дәрігер Анар Күркебайқызы дер кезінде науқастың өміріне араша түскен.
18 Ақпан, 2026
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Атырау облыстық инфекциялық ауруханасында емделіп жатқандардың арасында қызылша жұқтырған 290 науқас бар. Науқастардың 86 пайызы – вакцина алмаған балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2026
Дәрігерлер трактордың астына түскен ауыл тұрғынын аман алып қалды
Ақмола облысы Жақсы ауданына қарасты Новокиенка ауылында бірнеше күн бұрын жұмысшы трактордың астында қалып қойған оқиға тіркелді. Көптеген дене жарақатын алған ер адам аса ауыр жағдайда жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Ақпан, 2026
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Әлеуметтік желілерде «пәтердің техникалық паспорты енді болмайды» деген мазмұндағы жазбалар тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мұны жай қауесет деп атап, құжаттың қолданыста қала беретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
17 Ақпан, 2026
Мемлекеттік тілде білім алатын оқушының саны жыл санап артып келе жатқан Рудныйдағы ағайын 2023 жылы іргетасы қаланған қазақ мектебінің ашылуын асыға күткен еді. Көптен күткен білім ордасы есігін айқара ашқан күн де келіп жетті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ел игілігіне берілген білім ошағында 900 бала оқитын болады.
17 Ақпан, 2026
Ақпан айы келген сайын қазақ ғылымы бір ірі тұлғаны еске алады. Егер тірі болғанда, бүгін 16 ақпан күні қазақ ғылымы мен рухани ой-санасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, терең ойшыл тұлға Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин 93 жасқа толар еді.
17 Ақпан, 2026
«Egemen Qazaqstan» газеті – есімі елге танымал талай майталман түлеп ұшқан алтын ұя. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де еңбек жолын осы газеттен бастап, журналистиканың мәртебелі мектебінен өтіп, кейін сыртқы саясат саласына бет бұрған дипломатия саласы мамандарының бірі – Гүлсім Еңсепова.
17 Ақпан, 2026
40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды
Жамбыл облыстық полиция департаментіне қарасты көші-қон қызметкерлері 40 жыл құжатсыз жүрген азаматтың құжатын рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін
Алматы қаласының Бостандық ауданында Гиннестің рекордтар кітабына енуден үмітті, ұзындығы 110 метрге жететін сырмақ тоқылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке сатылды
Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Бірқатар экономикалық көрсеткіштер ел тұрғындарының әл-ауқатының төмендеп бара жатқанын байқатады. 2025 жылдың төртінші тоқсанында еліміздегі жұмыс істейтін азаматтардың нақты табысы 2%-ға қысқарған. Сонымен қатар отбасылық бюджеттегі азық-түлік шығындарының үлесі айтарлықтай артқан, деп жазады Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
4 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым саласын дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес беріліп отыр, деп жазады Egemen.kz
16 Ақпан, 2026
Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті
Жапонияда ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұл спортшылармен және жас балуандармен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешкілік уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Қайтыс болған адамдар әкесі мен қызы екені анықталды. Олардың мәйіті үйде ұзақ жатып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Ақпан, 2026