Редакция таңдауы
Өңірді су басып жатыр: құтқарушылар СҚО тұрғындарын эвакуациялады
Кеше, 9 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды белсенді көшіру жұмыстары жүргізілді. ТЖМ күштері зардап шеккен азаматтардың үй жануарларын да қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Петропавл маңындағы тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтардың тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Сәуір, 2024
Биылғы Ораза айт еліміз үшін үлкен сынақпен қатар келіп отыр - Мәулен Әшімбаев
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ораза айт мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Алатоодан Ақжайыққа жеткен көмек
Бауырлас Қырғыз елінің гуманитарлық көмегі Ақжайық өңіріне де жетті. Сәуірдің 6-ы күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан өңіріне бөлінген еді.
10 Сәуір, 2024
Әлемдегі ең үлкен Құран Кәрім нұсқасының бірін Үндістандағы құсни хатшы Мәулана Жәміл Ахмад дайындап шықты. Ұзындығы 3,2 метр, ені 2,3 метр кітаптың көшірмесін жасауға шебер екі жыл уақытын жұмсаған екен.
10 Сәуір, 2024
Су тасқыны салдарынан жолдар қайта жабылып жатыр
Қазақстанның төрт облысында республикалық тас жолдардың сегіз учаскесін еріген су басты. Сондай-ақ еліміздің алты облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін, 10 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ауысты
Бұл қызметке полковник Мұрат Мұханов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Сәуір, 2024
Еліміздің көп жерін су басып жатқаны белгілі. Сол су тасқыны себебінен төтенше жағдай жарияланған өңірлерде білім беру үдерісі қалай жүргізіліп жатыр? «Төтенше тоқсанға» тап келген педагогтерді қолдау, олардың еңбекақысын есептеу мәселесі қалай болмақ? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
10 Сәуір, 2024
Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл. Соған орай Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Философия, саясаттану және дінтану институты бірлесіп «Академик Қ.И. Сәтбаев феномені және ХХ ғасырдағы отандық ғылым: қазіргі ұстанымдар мен пәнаралық зерттеу мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Онда қазіргі Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырушысы әрі алғашқы президенті, Қазақстан металлогения мектебінің негізін қалаған көрнекті тұлғаның ғылыми еңбектерін зерттеу мен зерделеу мәселесі сөз болды.
10 Сәуір, 2024
Волонтерлер атыраулықтарға көмекке жетті. Апаттан зардап шеккен ағайынға «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері «Biz Birgemiz» қоғамдық қорының қолдауымен азық-түлікпен қатар жылу генераторлары, киім-кешек және қайықтар жеткізді.
10 Сәуір, 2024
Өңірде тасқын судың беті қайта бастады. Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Әйет өзенінің деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Қарасу ауданындағы Тінтуір, Құндызды, Қарасу өзендерінің деңгейі тәулік ішінде 17 см-ден 127 см-ге дейін түскен. Торғай, Дәмді , Қабырға өзендері әлі тасып жатыр.
10 Сәуір, 2024
Еліміздің 10 өңірін су алып, халықтың басына сынақ келгенде дін өкілдері де қарап қалмай, жамағатты жұмылдырып, қам-қарекет жасап жатыр. Осы күнге дейін ҚМДБ тапсырмасымен Астана қаласы өкілдігінің өзі «Қиындықта ел бірге!» акциясы аясында Арқалық қаласына – 2, Ақтөбе облысына – 3, Оралға – 1, Атырауға 2 фура қайырымдылық көмек жіберді.
10 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккен халықты қолдау шаралары үздіксіз жалғасып жатыр. Бұған дейін елдегі ірі қаржылық ұйымдар мен компаниялардың үлкен көлемде ақша аударғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк және микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) бірлесіп, зардап шеккен азаматтарды, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдайтынын мәлім етті.
10 Сәуір, 2024
Тұрар Рысқұлов есімін университетке қайтару – көптің қалауы
Қазіргі жоғары мектеп – ғылым-білім мен отаншылдықтың ошағы. Бізде қалыптасқан дәстүрге сәйкес, ұлттық және өңірлік университеттердің әрбірі тарихымыздағы ірі тұлғалардың есімін алған. Сондай оқу орындарының бірі Т.Рысқұлов атындағы ұлттық экономика универсиеті еді. «Еді» дегенді амалсыз айтып отырмыз. Ел тәуелсіздігіне еңбек сіңірген Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Камал Смайылов сынды зиялылардың, Молдияр Серікбаев секілді қоғам және ғылым өкілдерінің бастамасымен 2000 жылы бұрынғы Халық шаруашылығы институты (Нархоз) Ұлттық экономикалық университетке айналып, оған көрнекті тарихи тұлға Тұрар Рысқұловтың есімі берілген. Көп кешікпей оқу ғимараты алдынан қайраткердің ескерткіші бой көтерді. 2013 жылға дейін осы атпен әлемге танылды. Жылда экономикалық Т.Рысқұлов форумы (оқулары) өтіп тұрды... Бұдан кейін бұл оқу орны жекеменшікке өтіп, Тәуелсіздік мұратымен келген бастаманың бәрі тас-талқан болды. Бас ғимарат алдындағы ескерткіш те жасырын алынып тасталды. Ең сорақысы, бейдауа нарық «акулалары» жекшелендірген оқу орны кеңестік экономика атауын («Нархоз») таңдап, университет сайтындағы тарихынан Т.Рысқұловқа қатысты деректің бәрін жойды. Мұны қазақша – қасиетсіздік, орысша – «кощунство», ағылшынша «blasphemy» демей тұра алмаймыз. Біз осы материалды жазу барысында «Egemen Qazaqstan» газетінің қалыптасуы мен дамуына еңбек сіңірген Т.Рысқұловтың (басқарған уақыты – 1926 жыл), Шерхан Мұртазаның (1989-1992), Әбіш Кекілбаевтың (1992-1993) аруағы алдындағы парызымызды да қаперге алдық.
10 Сәуір, 2024
Атырау қаласының мектептері қашықтан оқыту режиміне көшті
Атырау қаласының барлық мектебі оқушыларды қашықтан оқытатын болды. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
СҚО-да 219 елді мекен су астында қалуы мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев өңірдегі су тасқынына байланысты жағдай күрделі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
Петропавл қаласын су басуы мүмкін
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қала тұрғындарына кезекті үндеу жасады. Облыс орталығына алдағы екі күнде үлкен су басуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласына Қырғызстаннан гуманитарлық көмек жетті
ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов бастаған ведомство өкілдері Қырғыз елінен келген гуманитарлық көмекті күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
Наталья Годунова жаңа қызметке тағайындалды
Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палата басшысы қызметінен кеткеннен кейін жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны: 85 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңнан астам адамды, оның ішінде 30 мыңға жуығы баланы құтқарып, эвакуациялады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2024