Редакция таңдауы
Бензин мен дизель бағасы өзгере ме?
Ішкі нарықта отын балансын сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағындары мен «сұр» экспорт тәуекелін азайту мақсатында Энергетика министрлігі автокөліктің тұтыну көлемі мен шығу тегіне байланысты АИ-92, АИ-93 бензині мен дизель отынына нақтыланған бағалары бар бұйрық жобасын дайындады.
24 Сәуір, 2024
Елімізде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты кейінгі жылдары қабылданған әкімшілік және құқықтық жауапкершілік жәбірленушілер арыз жазбаса да іс қозғауға мүмкіндік береді. Полицияның түсіндіруінше, көрші үйдегі айқай-шу туралы хабарламаның өзі абьюзердің әрекетіне тосқауыл қойып, жуан жұдырыққа жаза арқалатуға негіз бола алады. Алайда құқыққа нөлдік төзімділік танытқысы келген куәгерлердің басын дауға қалдырған 438-бап отбасы-ошақ қасындағы қылмысты азайтуға септігін тигізе ала ма?
24 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заңда отбасы институтын нығайту мақсатында адам денсаулығына жеңіл түрде зақым жасалғаны үшін жаза қатаңдады. Оған қоса неке құру, отбасын сақтауға қатысты жаңа ұстанымдар қарастырылды. Әйел мен баланы қорғау, отбасылық мәселелер бойынша байланыс орталықтарының құқықтық негіздері айқындалды.
24 Сәуір, 2024
Атом құрбандары әділеттілікке сенеді
Елордада 1988-1990 жылдары «Семипалатинск-22» қауіп-қатері айрықша жоғары бөлінісінде әскери борышын өтеген сарбаздар дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған ядролық полигон орнында екі жыл өмірлерін, жалынды жастық шақтарын өткерген олар үйлеріне денсаулығын беріп оралған. Көбі соның салдарынан өмірден озған...
24 Сәуір, 2024
Ұлттық бірегейліктің жаңа кезеңі
Бүгінде әлем жаһанданудың жаңа кезеңін бастан кешіп жатыр. Демек егемендікті қорғаудың, жалпыұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызы арта түсті. Өйткені халықаралық геосаяси жағдай күрделі тұста сырттан төнген сын-қатер аз емес. Осы орайда, этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігін нығайту күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды.
24 Сәуір, 2024
Асан Жүсіпов: Құрлық әскері – қуатты күш
Құрлық әскерлері – армияның ең басты екпінді күші әрі қорғанышы. Көршілерімен негізінен құрлық арқылы шектесетін еліміз үшін оның маңызы орасан зор. Жеріміздің тұтастығы мен халқымыздың тыныштығын күзетуде алдыңғы шепте тұрған бұл әскери құрылым 21 сәуір күні өзінің 31 жылдығын атап өтті. Осы күннің қарсаңында біз Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Асан Жүсіповпен әңгімелескен едік.
24 Сәуір, 2024
Көктемгі су тасқынының салдары ауыр. Жер-жерді су басып, үйлер мен көшелерді шайып, төрт түлік мал қырылды. Елді әбігерге салып, қаншама шығын келтірген табиғи апат халқымыздың ауызбірлігін, ынтымағын тағы бір сынады.
24 Сәуір, 2024
Ескі ғасыр дидарын естеліктен ғана танитын біздің буынға фото-жәдігерлер – таптырмас олжа. Әсіресе әдебиет алыптарының кескін-келбеті – шығармасынан ғана шырамытатын оқырман қауымға құнды қазына. Сол қазынаның бір парасын қоғам белсендісі Ғабиден Жәкей үлестірді. Жеке парақшасына жариялаған бір топ қаламгердің суреті желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп жатыр. Айтуынша, фото-рәсім Ғабит Мүсіреповтің 75 жылдық мерейтойында түсірілген.
24 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша көмек қалай көрсетіледі?
Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктерін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
23 Сәуір, 2024
Су тасқыны: 9 мыңға жуық адам эвакуациялық пункттерді паналап отыр
Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында жағдай әлі де күрделі. Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті мөлшерде көтеріліп жатыр. Осы орайда Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп елдегі су тасқыны ахуалына қатысты соңғы мәліметтерді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
23 Сәуір, 2024
«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?
«Отбасы» банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов 1 мамырда іске қосылатын «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2024
Тасқын суын ұтымды пайдалану жолдары қандай?
Су ресурстары және ирригация министрлігі ел өңірлерінде тасқын суы қалай пайдаланып жатқаны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2024
Қазақстанда 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады
ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствоның тұрғын үй құрылысы саласындағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қосымша өтемақы алады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны салдарын жоюға бөлінген 1 млрд теңге ұрланған
Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексереді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
23 Сәуір, 2024
Ащы да болса шындық, балаларды телефон тәрбиелеп жатыр. Балалардың не қалайтыны, нені қызықтайтынынан бастап, қай сұрақтың жауабын таппай жүргенін, қандай мәселе мазалайтынына дейін – бәрін ата-анадан гөрі қолындағы смартфоны, соның ішіндегі «гугл» бастаған, түрлі қосымшасы қостаған «достары» көбірек білетін сияқты. Баланың санасында не болып жатқанынан хабардармыз ба?
23 Сәуір, 2024
Жалған ақпараттың жазасы қандай?
Адамның ар-намысын таптау, абырой-беделіне нұқсан келтіріп, аяқасты ету осы күні оп-оңай болып кетті. Тіпті ел басқарып отырған, мемлекеттің іргесін бекемдеп жүрген азаматтардың өзіне жала жауып, елдің алдында абыройын төге салу жаман әдетке айналып барады.
23 Сәуір, 2024
Наурыз айында елде жылдық инфляция баяулап, 9,1%-ды (ақпанда – 9,3%) құрады. Ұлттық банктің хабарлауынша, жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді. 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды.
23 Сәуір, 2024
Еліміздің бірнеше өңірінде тасқын судың қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Жайық өзені шекті деңгейінен көтеріліп, жағалай қонған жұртты әбігерге салып отыр. Төтенше жағдай болған өңірлерде тұрғындарды табиғи апаттан құтқару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
23 Сәуір, 2024
Оралда су тасқыны жағдайы ушығуы мүмкін - ТЖМ
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш аймақтағы ахуалды баяндады. Маманның айтуынша, өңірде су тасқыны бойынша жағдай күрделі, деп жазады Egemen.kz.
22 Сәуір, 2024