Редакция таңдауы
Егер оқырманын сүйіндіріп немесе күйіндіріп қоймаса, кезі келгенде, тіпті жирендіріп, ондайдан бойды аулақ саларға ойландырмаса әдебиет әдебиет, өлең өлең емес шығар. Жалпы, өнер атаулының бір міндеті адам жанын тәрбиелеу, рухын шынықтыруға бағышталатыны белгілі.
24 Қаңтар, 2023
Жазушы үшін қаламнан кейін тағы бір қымбат дүние бар, ол – жазу үстелі. Әдебиетіміздегі тарихи романдардың көшбасшысы Ілияс Есенберлиннің жазу үстелі, туған жері – Атбасар қаласындағы көрнекті қаламгер атындағы әдеби музейде сақталған. Бұл жәдігерді суреткердің отбасы 2012 жылы аталған мұражайға тапсырған.
24 Қаңтар, 2023
Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Латвияның мықтысы Елена Остапенкомен күш сынасты.
24 Қаңтар, 2023
Жеңілдетілген автонесие алудың тәртібі өзгеруі мүмкін
Қаңтар айының соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл жолы автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2023
Қазақстанда ана мен бала өлімі азайды
2022 жылы Қазақстанда ана мен бала өлімінің деңгейі біршама төмендеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жаңа деректерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қаңтар, 2023
Үкіметте су тасқынына қарсы шаралар қаралды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қаңтар, 2023
Арыстанбек Мұхамедиұлының сыбайласы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры А.Мұхамедиұлына және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Қаңтар, 2023
Сайлаушылар тізімін түзудің тәртібі
Кеше Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылы 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелеріне қатысты кезекті отырысты ұйымдастырды.
24 Қаңтар, 2023
Ауылдың түтіні түзу ұшып, босағасына береке үйірілу үшін бірлік керек. Елінің бас көтерер ер-азаматтары жұмыла қимылдаған жерде тәп-тәуір тірлік бар.
24 Қаңтар, 2023
Ресейдің Қорған облысымен шектесетін шекараның түбінде жатқан қазақы ауылдың бірі Обаған – заманында талай құқайды бастан кешірген тағдырлы мекен. «Атақты Кенесары хан Тобольскіге өтіп бара жатып, осы Обаған өзеніне атын суарған. Бұл өзеннің жағасында Шоқан Уәлихановтың ізі қалған. 1966 жылдары Сәбит Мұқанов та келген. Обағанның тарихын отыз күн жырласақ та тауыса алмаймыз», дейді жергілікті жұрт.
24 Қаңтар, 2023
Биыл Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді. Өйткені еліміздің барлық аймағына талантты жастарды тартып, өңірлік резервтер құру қажет. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар осы жылы мемлекеттік қызметте өзге де тың бастамалар қолға алынбақ.
23 Қаңтар, 2023
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауда айтқан тағы бір тапсырмасының ойдағыдай орындалғанына куә болдық. Дәлірек айтсақ, кеше өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру басталды. Осылайша, жүздеген жүргізушінің жанын жеген маңызды мәселенің түйіні тарқай түсті.
23 Қаңтар, 2023
Аяз бен қар шымкенттік диқандарды да қып-қызыл шығынға батырып кетті. Көкөніс біткеннің көктей солғаны аздай, тобықтан аса жауған қалың қар жылыжай құрылымдарын да қиратып тынды. Бұған кім кінәлі? Жапа шеккен диқандардың ендігі жағдайы не болмақ?
23 Қаңтар, 2023
Сарыағаштық бағбан лимон өсіріп, табыс тауып отыр
Қыстың күні де бұл әулетте ешкім қарап жатпайды, ағаштардың бұталарын кесіп, көктемге дайындауда. Жылыжайдағы ауа температурасын +5 градустан төмендетпеу де шығынды айтпағанда бірталай еңбекті қажет етеді. Бірақ Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Бағыс ауылында он жылдан аса уақыттан бері жылыжайда лимон өсіріп, ел тұрғындарын тропикалық жеміспен қамтамасыз етіп отырған ағайынды Манатәлі және Оспанәлі Таңсықбаевты биылғы қыс әжептәуір әбігерге салды. Қалың жауған қар бір жылыжайын қиратса, аязды күндері бірнеше ағашын суық ұрған.
23 Қаңтар, 2023
Өндірісті өркендететін жетістіктер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Университет ғылымының дамуы – Қазақстанның инновациялық дамуының қажетті алғышарты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, оқу орнының ғылыми жетістіктерімен танысты.
23 Қаңтар, 2023
Жүргізушілерге сес болатын «Сергек»
Тараз қаласында «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешені қосылатыны туралы ақпарат өткен жылы тарап үлгерген еді. Бейнебақылау жүйесінің нақты қашан іске қосылатыны туралы ел арасында сан түрлі қауесет те жүрді. Халық «Сергекті» алаңдай күткен еді...
23 Қаңтар, 2023
Қазір халық «парамен ұсталды» деген ақпаратқа селк етпейтін болды. Жемқорларды құрықтайтын қызметкерлердің өздері кейде парамен ұсталып жатады. Қоғамда бұл кеселмен күрес шараларына сенімсіздік қалыптасқаны рас. Тамырын тереңге тартқан жемқорлықты жою үшін батыл қадамдар қажет деп есептейді жұртшылық.
23 Қаңтар, 2023
XX ғасырдың басында Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері саяси сахнаға шықты. Алайда олар кеңес өкіметінің орнауымен әртүрлі жағдайға ұшырады, жер аударылды, тұтқындалды, атылды. Ал Мұстафа Шоқай ғұмырының 20 жылдан астамын әділеттілік пен заңдылықты қатаң ұстанған Францияда, шетелде өткізуге мәжбүр болды.
23 Қаңтар, 2023
Кейінгі жылдары қазақ тарихын, оның ақтаңдақ беттерін ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеулер көптеп жазылып жүр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен тұлғалар тарихын саралау жаңа белеске көтерілді. Ал бүгін Әбілқайыр ханның шөбересі, Нұралы ханның немересі, Шығай сұлтанның ұлы Көшекқалидың өмір жолы мен оның ұрпақтарына тоқталмақпыз.
23 Қаңтар, 2023