Редакция таңдауы
Еліміздегі коммуналдық-тұрмыстық көмір қажеттілігінің 40%-ын қамдап отырған «Шұбаркөл көмір» АҚ 2024–2025 жылыту маусымын табысты аяқтағанын мәлімдеді. Кеншілер тұтынушылардан түскен тапсырыстарды түгел қамдап берген. «Бұл жылыту маусымында негізсіз қарбаластардан алшақ болуға сеп», дейді Көмір дивизионының жетекшісі, «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким.
14 Мамыр, 2025
«Интергаз Орталық Азия» АҚ жылыту маусымын сәтті аяқтады
«Интергаз Орталық Азия» АҚ-да («QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) 2024–2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезең (КҚК) аяқталды. Барлық филиалдар мен қызметтердің үйлестірілген жұмысының арқасында жылыту маусымы апатсыз, табиғи газды тасымалдауда толық тұрақтылықпен өтті.
14 Мамыр, 2025
Картоп тұқымын сырттан алу тыйыла ма?
Отандық картоп өсірушілердің дені егіске қажет тұқымды сырттан сатып алады. Себебі отандық картоп түрлерінің элиталық жаңа түрлері жоқтың қасы. Ал жергілікті тұқым шығарушыларды қолдау – елеусіз қалып отырған өзекті мәселенің бірі.
14 Мамыр, 2025
Көктемгі егіс кедергісіз жүруге тиіс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егісті жүргізу мен вегетациялық кезеңді өткізу шарасы қаралды. Тиісті министрлер егіс науқанының атқарылу барысы туралы және саладағы күрделі мәселелер жөнінде баяндама жасады.
14 Мамыр, 2025
Білім саласындағы әріптестік нығаяды
Қытайдың Үрімжі қаласында Орталық Азия елдері мен Қытай Халық Республикасының білім саласы министрлері алғаш рет кеңес өткізді.
14 Мамыр, 2025
Смағұл Садуақасұлы қазақ халқының есін жиып, іргесін бітей бастаған күрделі де жауапты кезеңде елге еңбек сіңіргенін көзі ашық азаматтар жақсы біледі. Егер жұртшылық кеңінен танып, жауапты орындар терең түсінсе, биылғы 125 жылдық мерейтойы жоғары деңгейге көтеріліп, есімі лайықты құрметке бөленері сөзсіз. Әзірше смағұлтану ғылыми жиын форматында ғана өткізіліп жүр.
14 Мамыр, 2025
БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздің екі таэквондошысы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алғашқы алтынды 61 кг салмақтағы Хамзаальпер Ромашкин жеңіп алды. Финалда ол канадалық Никола Самордичке сан соқтырды. 65 кг салмақта сайысқа түскен Сағынғали Жантөренің де бағы жанды. Қандасымыз финалда украиналық Максим Шудженконың осал тұсын оңай тапты. Алла Цой (47 кг) мен Аида Гожалимова (51 кг) қола медальді қоржынға салды.
14 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Мамыр, 2025
«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданның Анталияда ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
13 Мамыр, 2025
Еліміздің жетекші ғылыми сарапшылары жаһандық геосаяси өзгерістердің отандық логистикаға әсерін талқылады. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтында өткен дөңгелек үстелде елдің сыртқы және ішкі саясатының теңгерімді дамуы, транзиттік әлеуеті, егемендікті нығайту мәселелері жан-жақты қарастырылды.
13 Мамыр, 2025
Қуаныш Сұлтанов: Игілік пен сабақ
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов 80-нің сеңгіріне шықты. Таяуда ол кісінің «Қазақтың Қонаевы» атты эссе-кітабын халық жылы қабылдады. Қалың оқырманның сұрауы бойынша аталған еңбектен үзінді ұсынып отырмыз.
13 Мамыр, 2025
Елімізде репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр. Іс-шараның өтуіне Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия ұйытқы болды.
13 Мамыр, 2025
Экономикаға серпін берер жобалар
Премьер-министр Олжас Бектенов химия және металлургия салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған ірі өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экспортқа бағдарланған өндірісті қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
13 Мамыр, 2025
Ел ырысын еселеген еңбек ұжымы
«Бурабай» вагон жөндеу депосы» 1935 жылдан бері жұмыс істейді. Әуелде жүк вагондарын жөндеген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жеңісті жақындатуға қомақты үлес қосыпты. Қазір бір жылда 2 400 вагонды күрделі жөндеуден өткізетін қуатқа ие.
13 Мамыр, 2025
Әлемнің 110 елінен 50 мыңнан аса оқушы қатысқан Хьюстондағы «FIRST Championshi 2025» халықаралық инженерлік турнирінде Қазақстан құрамасы үш жас санаты бойынша рекордтық нәтиже көрсетті.
13 Мамыр, 2025
Әлем мықтыларымен бірге жаттықты
Талай байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған Нұржан Асанның алар асулары алда екені анық. Бразилияның Кашиас-ду-Сул шаһарында өткен жазғы Сурдлимпиялық ойындарда 77 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түсіп, қола жүлде иеленген жамбылдық грек-рим күресінің шебері болашақта тың биіктерді бағындыруды мақсат етіп отыр.
13 Мамыр, 2025
Павлодарда майдангер жазушы, он екі жыл ғұмырын әскерге берген Қалмұқан Исабайдың фашистердің Бухенвальд азаптау лагерінен өз қолымен салған суреттерінің түпнұсқасы сақталып тұр.
13 Мамыр, 2025
Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Мамыр, 2025
Президент Абу Дабидің Тақ мұрагерімен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаяндының сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Мамыр, 2025
Қуаныш Сұлтанов «Отан» орденімен наградталды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Мамыр, 2025