Редакция таңдауы
Шахтада көз жұмған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы беріледі
Қарағанды облысының Абай шахтасында көз жұмған кеншілердің отбасына баспана беру, несиелерін өтеу мәселесі пысықталады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарғандыда өтіп жатқан онлайн брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2021
«Абай» шахтасындағы жарылыс: 2 кенші тірі табылды
«Абай» шахтасындағы жарылыстан кейін құтқару жұмыстары кезінде екі кенші тірі табылды, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2021
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарына «жасыл» статусы бар адамдар ғана кіре алады
Елордадағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу үшін 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана бара алады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
06 Қараша, 2021
Теміртас Жүсіпов – әлем чемпионы
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бірнеше салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2021
Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу жыл ішінде 19%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2021
Мемлекетке 500 млн теңге залал келтірген павлодарлық сотталды
Компанияларға салық төлеуден жалтаруға көмектесіп келген Павлодар қаласының тұрғыны мемлекетке 500 млн теңге шығын келтірілген, деп жазады Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
05 Қараша, 2021
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Асия Теджен мен Ернар Өмірзақ биология пәні мұғалімі Гүлнұр Чандыбаеваның жетекшілігімен арамшөптен биопластик алу жолын ұсынды. Олар алғашқы өнім ретінде биопакет дайындап та көрген.
05 Қараша, 2021
3 млрд-тан астам қолданушысы бар, 110-нан астам тілде ақпарат тарататын әйгілі Facebook әлеуметтік желісі Meta деген атаумен ребрендинг жасағаны өткен аптада белгілі болған еді. Компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг жаңа жобаларын таныстыра келе: «Кезінде әлеуметтік желілер әлеміне трансформация жасасам, енді күнделікті қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, оған да трансформация жасайтын уақыт келді» деп мәлімдеді.
05 Қараша, 2021
Тобыл-Торғай өңіріне ғана емес, есімі елімізге белгілі сатирик жазушы Ғұмар Ахметчин де көзі тірісінде өзі өскен, оқыған Әулиекөл ауданындағы Жангелді, Қояндыағаш ауылдары туралы жиі айтатын. «Ағаштың арасында, қарағайлардың басына өрмелеп, ойнап өстім. Ауыл балалары қарнымыз ашқанда үйге ентігіп жүгіріп келеміз, сонда әниім күйдіріп, шелекке құйып қойған шекілдеуік сарымайдан шай кесеге құйып береді. Соны сіміріп салып, қайтадан шапқылап кетеміз», деп еске алар еді.
05 Қараша, 2021
Ұлттық қаржы жүйесінің ашықтығы артады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарап, қабылдады. Аталған құжатқа Парламент депутаттары бастамашылық жасады.
05 Қараша, 2021
Экологиялық мәселелер – басты назарда
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды.
05 Қараша, 2021
Пән олимпиадаларының жеңімпаздары – әлемдік білім бәйгесіндегі жоғары көрсеткішіміз
Егемендікке жетіп, еңсе тіктеген тұста үнсіз атқарған іргелі істің бірі дәл сол ілім жиғандар мен қолда бар ғылымның жетістігін сақтап қалу жолындағы жанкештілік болса керек. Содан бері білімімен бәсекелесетін деңгейге жеткендейміз. Оған небір үздік білімдарларымыздың халықаралық пән олимпиадаларында оза шауып, бәйге алғаны дәлел бола алады. Еліміздің озат оқушылары азаттық алғаннан бері әлемдік білім бәйгелерінен Қазақстан қоржынына 404 медаль салған. Тәуелсіздік табысы деген осы емес пе?
05 Қараша, 2021
Кубалықты нокдаунға түсіріп, финалға шықты
Бокстан Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Серік Теміржанов жартылай финалдық жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2021
Сан алуан таңғажайып қасиетімен ел-жұрттың жадында жатталған абыздың бірі – Бекет ата. Оның ғажайып қасиеті мен көрегендігі, сәуегейлігі мен сәулеткерлігі аңызға бергісіз әңгімелер желісі негізінде әлі күнге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
04 Қараша, 2021
Ұлттық жоба «Білімді ұлт» қалыптастыруды көздейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшуді тапсырған болатын. Осыған орай әр министрлік өз жобасын әзірледі. Мұның маңызы – келер 5 жылда сол саладағы даму жоспары мен нақты міндеттердің айқындалатынында. Соның ішінде кезекші әлеуметтік сала – Білім мен ғылымның алдағы бағыты қандай? Қай жолға бет алмақ? Дәл қайсы тұсын дамыту, жетілдіру қолға алынады? Осы сұрақтарға Білім және ғылым министрлігі жанындағы Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова жауап берді.
04 Қараша, 2021
Авиациялық қауіпсіздіктің деңгейі жоғары
АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) сарапшылары біздің елдегі авиациялық қауіпсіздікке осындай баға беріп отыр. Жүргізілген шолу нәтижелері бойынша TSA сарапшылары елдегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейі жоғары екенін атап өткен және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша жүргізіліп жатқан шараларға оң баға берді.
04 Қараша, 2021
Еуропа елдері Facebook-ке қатысты жаңа заң қабылдайды
Кейінгі айлар Facebook үшін сынаққа толы болып тұр. АҚШ-тағы бірқатар БАҚ әлеуметтік желілер алыбына қатысты түрлі құжаттар жариялап, компания көп ұзамай құлайды деген ой тудырды.
04 Қараша, 2021
COP26: Жаһандық жылынумен күрес қарқын алмақ
Ұлыбританияда Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған климаттың өзгеруі жөніндегі конференция (COP26) өтуде. Бірнеше күнге созылатын жиын барысында бірқатар маңызды міндеттемелер қабылданды.
04 Қараша, 2021
Digital Bridge – бұл Қазақстанның және шет мемлекеттердің IT компаниялары бас қосып, тың жобаларды іске асырудың жолдарын пысықтайтын алаң. Айталық, биыл отандық стартапшылар Кремний алқабындағы көшбасшылардың бірі Plug and Play жаһандық инновациялық стартап-платформасының акселерациясынан өтуге мүмкіндік алды.
04 Қараша, 2021