Пікірлер .
Кейінгі жылдары елімізге алыс-жақын шетелдерден түрлі әншілер жиі келе бастады. Бір жағынан қуантарлық жаңалық. Енді ше, бұрынғыдай емес шартараптың түкпір-түкпіріндегі өнер иелері Қазақ елін тани бастады деген сөз.
04 Қаңтар, 2024
Қазіргі таңда шартарапты жаһандық жылыну мәселесі алаңдатып отырғаны белгілі. Өткен аптада Қатарда БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты кезекті саммиті басталды. Қоршаған ортаны қорғаушылар қанша жерден дабыл қаққанымен, билік тізгінін ұстағандар ахуалды жақсартуға асығар емес.
07 Желтоқсан, 2023
Елорда төрінде Digital Bridge 2023 халықаралық форумы өтті. Ілкімді іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысты. Жиынның ауқымын содан-ақ бағамдауға болады. Форумға шартараптың 30 елінен 300-ге жуық компанияның өкілдері ат басын бұрыпты. Алайда Астанада дүркіретіп жиын өткізгенмен, ақпараттық технология саласындағы кемшілік бастан асады.
15 Қазан, 2023
Кезінде дастарқан басында шай ішіп, әңгіме соғып отырғанда еліміздің қазба байлығы мол екенін айтып, арабтардай бақуатты ғұмыр кешуіміз керек дейтін едік. Сөйтсек, шынында арабтардың деңгейге жетіп қалғанымызды байқамаппыз. Бұл үшін, әрине, «қара қазан, сары баланың қамын жеген» атқарушы билікке мың алғыс айтамыз.
18 Шілде, 2023
Кейде біздің елдегі мерекелер атауына таңғаласың. Мысалы, бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Мұндағы грамматикалық қатені былай қойғанда, атаудың өзінде түсініксіз ұғым бар. Оларды кімнен немесе неден қорғаймыз? Сонда ұлттың болашағын, халықтың келешегін бір-ақ күн ойлау керек пе? Қалған 364 күнде не істейміз?
31 Мамыр, 2023
Мен «бақытсыз» адам екенмін. Мүлдем. «Қайда барсаң да – Қорқыттың көрі» демекші, қайда барсам да түрлі сәтсіздікке душар боламын. Мына журналист не айтып кетті деп ойлап отырған шығарсыз. «Бақытсыздығымның» себебін түсіндірейін.
25 Мамыр, 2023
Кейінгі кезде қоғамда әсіре қамқорлық белең алып бара жатқандай. Әрине, жан-жануарды қорлауға болмайтынына бәріміз келісеміз. Бірақ кей жағдайда олардың құқығы адам құқығынан биік тұрып жататын кезі бар.
27 Сәуір, 2023
Каталониялық «Барселона» клубы әлемдегі ең үзік футбол командасы болмаса да, үздіктердің қатарында. Осыдан он жылдай бұрын шартарапты таңғалдырып, кубокті қос-қостап ұтып, шеберліктің нағыз үлгісін көрсетті. Алайда кейінгі жылдары «блауграна» дағдарысты бастан өткеріп жатыр.
16 Сәуір, 2023
Су қауіпсіздігі – ұлт қауіпсіздігі
Қазіргі таңда шартарапта су мәселесі ушығып тұр. Әлемнің түкпір-түкпірінде өзендер мен көлдер құрғап, бөгендер мен буғаттар жойылып барады. Бұл проблеманың ушыққаны соншалық, ғалымдар осы бастан қамданбаса, келешекте жер-жаһанды аштық жайлауы мүмкін екенін айтады.
03 Сәуір, 2023
Шетелдің парламентіне таңғаласың. Қашан көрсең айтыс-тартыс, күн тәртібіне қойылған мәселені ұңғыл-шұңғылына дейін талқылап жатады. Әсіресе, Ұлыбританияның Қауымдастық палатасының отырыстарында талай қызық болады.
29 Наурыз, 2023
Көктем шыға туған ауылыма барып қайтатыным бар. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, оңтүстікке қарай бет алдым. Әдетте ұшақпен ұшатын едім, бұл жолы «Тұлпар-Тальгоны» тақымға бастық.
16 Наурыз, 2023
Балалық шақта ғарышкер болуды армандамаған адам кемде-кем шығар. Біз де бастауыш сыныпта оқып жүргенде қиялға беріліп, ауылдағы тұнық түнде жеті қат көкке көз тастап, жымыңдаған жұлдыздармен жарысып жүргенімізді елестететін едік. Мектепте астрономия мен физикаға қатты қызығатынбыз. Алайда өмірдің ағысымен басқа салаға бет бұрдық. Бірақ ғаламға, аспан әлеміне қызығушылық басылған емес. Сондықтан ғарышқа қатысты соны жаңалықтарды мүлт жібермейміз. Ең қызығы, ғалымдар ұсынған жаңа мәліметтер мен теориялар ғаламға ғана емес, дінге деген көзқарасты да бекіте түседі.
01 Наурыз, 2023
Жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Биік мінберлерден ас үйдегі дастарқанға дейін айтылатын мәселе осы. Қоғамның жегі құртын жоюға мемлекет те мүдделі. Түрлі бағдарлама іске асырылды. Тіпті аты дардай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де бар. Бірақ нәтижесі шамалы. Жемқорлық азаюдың орнына жауыннан кейінгі саңырауқұлақ секілді таусылар емес. Бір басын кессе, екінші басы өсіп шығатын грек мифологиясындағы Лирней айдаһары секілді. Енді қайтпек керек?
22 Ақпан, 2023
Елорда көшелерін жаяу араласаңыз, биік-биік ғимараттан көз сүрінеді. Бұл аз дегендей, салтанатты шаһардың әр тұсынан түрлі пішіндегі нысандар аспанмен таласып, күн санап бой көтеріп келеді. Осыларға қарап отырып, құрылысы осыншалықты қарқынды дамыған, бірақ халқының саны миллионнан енді ғана асқан қалада пәтер тапшылығы болмау керек деген ой түйесіз. Дегенмен баспанасы жоқ адамдар саны көбеймесе, азаяр емес.
01 Ақпан, 2023
Таяуда Ұлыбританияда қызық жағдай болды. Полиция қызметкерлері премьер-министр Риши Сунакқа көлікте қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін айыппұл салды. Бұған дейін бұрынғы премьер-министр Борис Джонсон да заң бұзғаны үшін жауапқа тартылған еді.
24 Қаңтар, 2023
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның өмір сүру деңгейі ең арзан елдер қатарына кіргені туралы ақпарат ара-тұра бой көрсетіп қалады. Бірақ «арзанның сорпасы татымас» демекші, мұндай рейтингтерге сене қою қиын.
03 Қараша, 2022
Салық реформасы: үміт күттірер бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында дифференциалды салыққа қатысты мәселе көтерді. «Тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру. Ол үшін экономиканың түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшкен жөн», деген Президент салық реформасы аясында «сән-салтанатқа салық» салуды енгізуге назар аударды. Айта кетерлігі, мұның орта тапқа қатысы жоқ. Бұл тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынбақ.
29 Қыркүйек, 2022
Бұрын жолдың сапасына байланысты Үкіметті жиі сынайтын едік. Сөйтсек, атқарылмай жатқан көп шаруаның астарында біз білмейтін сыр көп екен. Алысқа бармай-ақ елдегі жолға назар аударсақ жеткілікті. Біздің Үкіметтің елдегі жолды жөндеуге асықпайтыны да қауіпсіздік мәселесін ойлағаннан секілді.
02 Қыркүйек, 2022
Жанкүйерлердің есінде болар, Қазақстан алғаш рет УЕФА-ға ауысқанда еуропалық аренада еліміздің намысын «Жеңіс» футбол клубы қорғаған еді. Содан бері аталған команда атауын бірнеше рет өзгертті. «Астана» атауымен де өнер көрсетті. Ақыры қаржылық қиындыққа байланысты клуб жабылып тынған болатын. Бірнеше жыл бұрын команда қайта құрылып, қазіргі таңда «Жеңіс» атауымен бірінші лигада ойнап жүр.
26 Тамыз, 2022
Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыстық жазадан ақталған адамдар туралы ақпарат жиі айтыла бастады. Әсіресе солардың қатарында ел ішінде саяси себепке байланысты сотталды деп есептелетіндер де бар. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық. Ақталғандар үшін қуанамыз, әрине. Осы орайда, жазықсыз жандарды темір торға қамауға үкім шығарғандар қандай да бір жазаға тартыла ма деген сауал туындайды.
22 Тамыз, 2022