Редакция таңдауы
Маңғыстаудағы жарылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
ҚР Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде жарақат алған 5 әскери қызметшінің денсаулығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2021
Елордада Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды
Елордада Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2021
Испаниялық «Барселонаның» экс капитаны Хави катарлық «Аль Садд» командасының бас бапкері қызметінен кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2021
Кәсіпкерлерге 1 млн долларға дейін несие беріледі
Өзбекстанда кәсіпкерлер бұдан әрі 1 млн долларға дейін несие ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2021
ДДСҰ: Коронавируспен күреске 23 млрд доллар қажет
Әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру және өлім саны соңғы екі айда алғаш рет тағы артып, пандемияның аяқталудан алыс екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы Женевада өткен брифинг кезінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2021
Алматыда ұшақтарға жанармай құю тоқтатылды
Алматы халықаралық әуежайында авиациялық отынның тапшылығына байланысты шаралар қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Қазан, 2021
Тұтынушы құқы аяқасты болып тұр
Соңғы уақытта тұтынушылар құқығы жиі назарға алына бастады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 8 164 өтініш келіп түскен. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 мыңға көп екен.
29 Қазан, 2021
Иран ядролық келіссөздерге қайта оралмақ
Иран Венада өтіп жатқан ядролық келіссөздерге қайта оралуға әзір. Бұл туралы аталған елдің сыртқы істер министрінің орынбасары Әли Багери Кани Брюссельде Еуропалық одақтың өкілдерімен кездесуінде айтты.
29 Қазан, 2021
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Текті аталардан ғасырдан ғасырға жалғасқан, тәлім мен тәрбиенің бастауы болған асыл дініміз Ислам бірлік пен бейбітшілікке үндейді. Ислам сөзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Исі мұсылман баласы бауырына сәлем берген сәтте «Әссәламу алейкум» деп, Алладан бейбiтшiлiк пен амандық тiлеп амандасады.
28 Қазан, 2021
Алтын Орда – қазақ мемлекеттігінің алтын бесігі
Кеше Атырауда Қазақстан, Түркия, АҚШ, Жапония, Ресей және Украина ғалымдарының қатысуымен «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды басқосу алдымен тақырыптық мазмұнына орай бес панельге бөлінді. Ал пленарлық отырысты Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.
28 Қазан, 2021
Циркте қайта естілген күлкілер күмбірі
Жаһандық пандемия әсіресе, цирк жанрына қызмет ететін өнерпаздарға оңайға тиген жоқ. Осы бір күрделі кезеңде сахна салтанаты мен кішкентай көрермендердің қошеметіне бөленіп келген жануарлар да тыншу тапқандай болғанымен, Қазақ мемлекеттік циркі қарап жатпай, оқшауланып, жаңа нөмірлерін дайындап жатқан еді.
28 Қазан, 2021
Мұқтаждың мұңын бөліскен мейірімді мамандық
Қарияларға қолұшын созып, ерекше күтімді қажет ететін ересектер мен балалардың, табысы төмен тұрғындардың қамқоршысына айналған жанашыр жандар бар арамызда. Отандастарымыз осындай мейірім мен жан жылуын әуелі әлеуметтік қызметкерлердің бойынан көріп келеді. Мұқтаждың мұңын бөліскен мұндай мамандық иелерінің саны Қазақстанда қазір 12 мыңнан асады. Оның 10 мыңы медициналық-әлеуметтік мекемелерде еңбек етеді.
28 Қазан, 2021
Министрліктер құзыреті қайта бөлінеді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
28 Қазан, 2021
Өнерпаз бойында бекзаттық болғаны дұрыс
Ұлттық өнеріміздің бір төресі – би. Ол туралы айтқанда ойымызға алдымен атақты биші, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлова түседі. Осы аяулы апамыздың ізін басып, би өнерінде өз қолтаңбасын қалыптастырған Тойған Оспанқызының да орны ерекше. Ол танымал биші ғана емес, қазақ биін зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуге үлес қосқан өнертанушы ғалым. Біз бүгін сахна саңлағымен өмірі мен өнері жайында сұхбаттастық.
28 Қазан, 2021
Адамдардан әрдайым алғыс пен бата алады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті» екенін бөле-жара атап көрсетті. Яғни қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, мемлекеттік қызметтер алуда да мүгедек жандар мен қамкөңіл қариялар жайсыздық сезінбеуі, кедергілерге тап болмауға тиіс. Бұл тұрғыда олармен тікелей жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлердің орны ерек.
28 Қазан, 2021
Қазақ халқының жаратылыс ерекшелігі – қоршаған орта, тылсым табиғатпен біте қайнасып жатыр. Яғни адам баласы өзі өмір сүрген айналасын танып, білуі оның тіршілік ету дағдысын жеңілдетері анық. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды» дейді. Ұлт көшбасшысы айтқандай, халқымыздың дүниетанымына әсер етіп, ерте дәуірде нағыз тіршіліктің өзегіне айналған өнерінің бірі – қазақтың аңшылық кәсібі. Бұл орайда, осы өнердің бүгінгі таңда қоғамдағы орны мен маңызы жайлы білу үшін елорда төрінде орналасқан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Жасхайыр Қарағойшин мырзаны сөзге тарттық.
28 Қазан, 2021
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Егеменді еліміздің бастауында тұрған сол кездегі ел ағалары, бүгінгі ардагер-ақсақалдарымыз мемлекетіміздің, оның ішінде Тобыл-Торғай өлкесінің аяқтан нық тұрып, нығаюына, өркендеп дамуына, рухани жағынан кемшін қалмауына зор үлес қосты, әлі де қосып келеді. Солардың бірі – Рудный қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жақсылық Кәкенов.
28 Қазан, 2021
Көктайғақ, қар, тұман: Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қазан, 2021
Қазақстанда ұшақтар ұшпай қалуы мүмкін
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында авиаотынның тапшылығы сезіліп, тіпті тұрақты жолаушылар рейстері үшін де компанияларды авиакеросинмен қамтамасыз ету тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қазан, 2021
Маңғыстауда жарылыстан 5 әскери қызметкер жарақат алды
Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болғандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қазан, 2021