Редакция таңдауы
Пандемия: Үндістан үшінші толқынға дайын ба?
Үндістан 21 қазан күні COVID-19-ға қарсы вакциналау кезінде 1 миллиард доза межеден асқанын жариялап, оны тарихи оқиғаға балады. Бұл шара көпшіліктің үшінші толқын туралы қорқынышын жоққа шығара ала ма деген сұрақ туындайды.
22 Қазан, 2021
Әлемді алаңдатқан зымыран сынағы
Таяуда Financial Times газеті таратқан ақпарат әлемді дүр сілкінтті. Басылымның мәліметіне сүйенсек, Қытай тамыз айында дыбыстан да жылдам ұшатын зымырандық қаруды сынақтан өткізген. Бір қызығы, ракета жер шарын бірнеше рет айналып өткен. Бірақ оны әуе шабуылына қарсы бірде-бір қорғаныс жүйесі байқамаған. Зерттеу авторының жазуынша, зымырандық қару ядролық оқтұмсықтарды нысанаға жеткізуге қабілетті.
22 Қазан, 2021
Партиялық бақылау комитетінде қаралды
Құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және жаңғырту саласындағы түйінді мәселелер Nur Otan партиясы Партиялық бақылау комитетінің отырысында қаралды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
22 Қазан, 2021
Тәжікстан Республикасы Президентінің Жарлығымен осы Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қызметтік борышын орындау кезінде танытқан ерлігі мен жанқиярлығы үшін Раджан Армияұлы Батырқанов қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Спитамен» орденімен марапатталды. 2021 жылғы 20 қазанда Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулло ерлікпен қаза тапқан шекарашының анасы – Қизат Жылқыбаққызы Батырқановаға құрметті орденді салтанатты түрде табыс етті.
22 Қазан, 2021
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. Осыған орай Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын таныстырды.
22 Қазан, 2021
«Ұлттық рухани жаңғыру» – үш бағытты ұлттық жоба
Ұлттық кодты сақтап, құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттауды мақсат тұтқан «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.
22 Қазан, 2021
Қару-жарақты сақтау тәртібі заңмен реттеледі
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарады.
22 Қазан, 2021
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқыраудан қалған «ескерткіштің» бірі – қаңырап, бос тұрған көпқабатты үйлер. Бұлар әлі күнге дейін моноқалалар мен ірі елді мекендерде жиі ұшырасады. Мамандардың айтуынша, иесіз қалған бұл үйлерді сырып тастаудың өзіне қыруар қаржы кетеді екен.
22 Қазан, 2021
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тараз қаласында «Туған жерім – дарқан далам» тақырыбында Талас ауданының күндері өтті.
22 Қазан, 2021
«Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы таныстырылды
ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым министрліктерінің «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы: негізгі бағыттар» тақырыбында брифингі өтті, деп жазады Egemen.kz.
21 Қазан, 2021
Ертең ел аумағында жауын-шашын, көктайғақ, боран болады
Мурманск аудандарынан келген Циклон жаңбыр мен қар түрінде түсіп, 22 қазанда елдің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қазан, 2021
Пандемия 2022 жылы да жалғасуы мүмкін – ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия 2022 жылы да жалғасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қазан, 2021
Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жібергендер жауапқа тартылды
Семейде педагогтерді көше сыпыруға жіберген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Қазан, 2021
Нидерландтың Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бірге В тобында сынға түсетін болды. УЕФА рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы жеребе алдында Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге бірінші себетте орналасқан болатын.
21 Қазан, 2021
Есімі ел есіне тамырланып қалған, танымал тұлғалар қазақ топырағында өте көп. Солардың бірі де бірегейі, бүкіл түркі жұртының, араб дүниетанымының ерекше бір кірпіші болып қаланған, аяулы да арда анамыз Жәудір туралы не білеміз?
21 Қазан, 2021
Студенттердің өнертабыстары халықаралық деңгейде танылды
Жердің кіші жасанды спутниктерінің инновациялық конструкторларын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары ойлап тапты. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Құрылғы оқушылар мен студенттерді ғарыштық аппаратты жобалау және құрастыру негіздеріне үйретуге арналған. Жабдық мемлекеттік тілде бағдарламалық қамтамасыз етумен және қажетті әдістемелік материалдармен жарақталған. Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Маск компаниясы ЖОО ғалымдары әзірлеген Al-Farabi -2 наноспутнигін іске қосқан болатын.
21 Қазан, 2021
Физикалық уран қорына қатысады
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы Директорлар кеңесінің ұйғарымымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жанындағы ANU Energy OEIC Ltd табиғи уран қорына қатысатыны туралы шешімді қабылдады.
21 Қазан, 2021
Әйелдер кәсіпкерлігі қолдау тауып жатыр
Қазақстанның кәсіпкерлік кеңістігінде әйел азаматтар да белсенді. Әйелдер ашқан қаншама бизнес көпшілік тарапынан қолдау тауып, аудиториясын кеңейте түсуде.
21 Қазан, 2021
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар үш жылдық бюджет жобасын мақұлдады. Коронавирус індеті басталған бір жарым жылдан бері алғаш рет Мәжілістің жалпы отырысы бұрынғы, толыққанды дәстүрлі форматта, журналистердің қатысуымен өтті.
21 Қазан, 2021
Осы күндері солтүстікте май тоңғысыз, барынша жайлы, мизамшуақ қоңыр күз тұр. Қыс қамын жасап үлгермегендер қазір қызу жұмыс үстінде. Агроқұрылымдардың бәрі жиын-терім науқанын аяқтаған. Астық өсіретін шаруашылықтар бағаның тұрақтануын күтіп, өнімдерін сата қойған жоқ, бірақ өкіметке берешектерін толық өтеген. Биыл ауыр жыл болды. Жаман індет бір жақтан қысса, жаз ортасына дейін болған аптап ыстық екінші жақтан соғып, қуаңшылық болды. Құрылыс материалдары бағасының шарықтап өсуі де экономикаға өз зиянын тигізіп бақты.
20 Қазан, 2021