Редакция таңдауы
Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Ол сондай-ақ Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары лауазымын қатар атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Шикізатты ел ішінде өңдеу көлемі артып келеді
Елімізде шикізатты ел ішінде терең өңдеу бағыты күшейіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру және қосылған құны жоғары өнім шығаруды дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі отандық өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
13 Наурыз, 2026
Тамдының тумасы, өлеңнің тұлғасы
1960–1980 жылдары қазақ өлеңіне айтары бөлек, жаңа ақындар легі, жас буын келді. Жырлары мінезді, екпінді әрі көктемгі жауқазын бейнесіндегі жас арудың мөлдір мұңындай таза еді. Олар қазақ қара өлеңіндегі жаңалықтың басы болды. Мұқағали, Төлеген, Жұмекен, Қадыр, Тұманбай, Жұматай, Мұхтар болып кете береді. Өлеңқұмар жұрт білетін осы есімдер қатарына Өмірзақ Қожамұратов есімін қосса артық емес.
13 Наурыз, 2026
Қарағандыда «Amanat» партиясының облыстық филиалында «Жаңа Конституция: Қазақстанның болашақ институционалдық архитектурасындағы өңірлердің рөлі» тақырыбында ғылыми және сараптамалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда елдің қоғамдық-саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған конституциялық реформаның мән-маңызы, сондай-ақ мемлекет дамуының жаңа кезеңінде өңірлердің атқарар қызметі кеңінен талқыланды.
13 Наурыз, 2026
Өңдеу өнеркәсібіндегі соны серпін
Жеті жыл ішінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 11,5 трлн теңгеден 30,6 трлн теңгеге дейін өсіп, 2,5 есеге ұлғайды. Саланың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 11,4 пайыздан 12,7 пайызға дейін артты. Өндіріс орындарының кеңеюі, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы мен инвестиция көлемінің ұлғаюы – экономиканың серпінді өзгерістеріне жол ашты.
13 Наурыз, 2026
Маңызды кезеңдегі беделді платформа
Кеше Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Осымен үшінші мәрте бір алаңда екі мыңнан астам мәслихат, Парламент депутаттарының, Үкімет мүшелерінің, барлық саяси партиялар өкілдерінің басын қостық.
13 Наурыз, 2026
Сын-қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы
Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы еліміздің дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын және жүргізіліп жатқан реформалардың тарихи маңызын тағы бір мәрте айқындап берді. Мұндай кездесу өңірлік саясаттың тиімділігін бағалау және ортақ міндеттерді бірлесіп талқылау тұрғысынан да айрықша мәнге ие.
13 Наурыз, 2026
Ауыл шаруашылығы кооперациясы: Оларды ынталандыру тәсілі қандай?
Елімізде экономикалық серпіліс жасап, ұлттық экономикамыздың тұрақты өсімін 6–7 пайызға жеткізу, 2029 жылға қарай өндіріс көлемін екі есеге ұлғайту міндеті қойылып отыр. Бұл ретте жетекші саланың бірі агроөнеркәсіп кешенінде әлі де толық пайдаланылмаған резерв аз емес. Соның ішінде, негізінен, мал өсірумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардың мүмкіндігі мол.
13 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында демографияны қолдайтын ерекше сыйлық пайда болды. Қашанда жақсы жаңалыққа жаршы облыстағы ең ірі ауданда 47 елді мекен, 16 округ орталығы бар.
13 Наурыз, 2026
Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонына ұлт қайраткерінің бюсті орнатылды.
13 Наурыз, 2026
Президенттің айтуынша, қазіргі халықаралық ахуалды сипаттауда «турбуленттілік» ұғымы жиі қолданылады. Әдетте бұл сөз ұшақ турбулентті аймаққа кірген кезде жолаушыларды сабырға шақыратын ұшқыштардың түсіндірмесінде кездесетін. Алайда бүгінде саясаткерлер мен сарапшылар дәл осы терминді жаһандық жағдайды бейнелеу үшін пайдаланып жүр, деп жазады Egemen.kz.
12 Наурыз, 2026
Президент: Мәслихаттар толық цифрлық мемлекет құру мәселесіне белсенді атсалысуы қажет
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Президент толық цифрлық мемлекет құру мақсатының еліміз үшін маңыздылығына және бұл үдерістен мәслихаттар тыс қалмауға тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Наурыз, 2026
Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің павильонында қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына орай бюст ашылды. Бұл – ұлт көсеміне көрсетілген құрметтің айқын көрінісі, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2026
Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, онда сенаторлардың жаңа Конституция жобасының нормаларын түсіндіру мақсатымен өңірлерге жасаған сапарларының қорытындысы талқыланды және халықаралық келісім ратификацияланды.
12 Наурыз, 2026
Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыста Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастық туралы келісімді ратификаттау жөніндегі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерімен де арадағы түрлі халықаралық келісімдерді ратификаттауға қатысты заң жобалары қаралды.
12 Наурыз, 2026
Еңбек көші-қонында тәуекел көп
Қазіргі күнге дейін еліміз еңбек мигранттарын қабылдайтын ел ретінде танылса, кейінгі жылдары жағдай өзгеріп, еңбек күшін экспорттайтын мемлекетке айналды. Мамандардың айтуынша, бұл – қалыпты үрдіс. Алайда «Ел азаматтары өзге елдердегі лаңкестік топтардың құрығына түсіп қалмай ма?» деген алаңдаушылық та бар.
12 Наурыз, 2026
Ата-анаға құрмет – елдік қасиет
Конституцияның жаңа нұсқасына кәмелетке толған, жұмысқа қабілетті ұл-қыздың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін бекіту туралы норма түрлі пікір тудырды. Бірі мұны мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне шамадан тыс араласуы деп санаса, енді бірі мұны заман талабы деп қабылдады. Бірақ бұл норманың мәні тек құқықтық емес, терең адами, құнды маңызға ие.
12 Наурыз, 2026
Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы
Мемлекет басшысы кейінгі жылдардағы өзгерістер ұлт санасына ықпал еткенін, тіпті зор сілкініс әкелгенін атап айтты. Сол сілкіністің келісті бір көрінісі – жаңа Конституция жобасының өмірге келуі.
12 Наурыз, 2026
Елордадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында ХІV ғасыр туындысы «Хұсрау-Шырын» дастанының Париж ұлттық кітапхана қорынан алынған түпнұсқалық көшірмесі сақтаулы тұр.
12 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Ұлттық құрылтай мінберінен жариялаған бастамалары еліміздің саяси архитектурасын айқындау жолындағы маңызды қадам болды. Соның бірі – вице-президент лауазымын қайта жаңғыртып, оны Конституциялық деңгейде бекіту ұсынысы. Бұл институт Президенттің стратегиялық тапсырмаларын іске асырудың тиімді тетігіне айналып, халықаралық аренадағы келіссөздер мен биік мінберлерде ұлттық мүддемізді қорғаудың жаңа сапалық деңгейін қалыптастырмақ. Осы орайда вице-президент еліміздің мемлекеттік құрылымында таңсық лауазым емес екенін айта кеткен жөн. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл жауапты қызметті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ерік Асанбаев абыроймен атқарған еді. Осынау парасатты тұлғаның, білікті саясаткердің туғанына 90 жыл толуы аталған институттың жаңғыру үдерісімен тұспа-тұс келіп отыр.
12 Наурыз, 2026