Редакция таңдауы
Табиғат-ана бусанып, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін қасиетті Наурыз мейрамын ғаламшардағы 300 миллионнан астам адам тойлайды. Ұлыстың ұлы күні адамзат атаулының құнды мұрасы ретінде 2009 жылдың 30 қыркүйегінде ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілгені белгілі. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы 2010 жылы Наурыз мерекесін – халықаралық күн ретінде жариялады. Сондықтан жыл сайын осынау ұлы күнді түркі халықтары ғана емес, әлемнің көптеген елдері үлкен қуанышпен қарсы алып, ыстық ықыласпен мерекелейтіні тегін болмаса керек.
24 Наурыз, 2021
Жауапсыздық пен жалғандық жарға жығады
Қай дәуірде де адамды жарға жығатын – жауапсыздық пен жалғандық. «Өңкей жалған мақтанмен, Шындық бетін бояйды», «Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай – шын құдай», деген Абай мен Шәкәрім сөздері жадымызда жаңғырып тұр.
24 Наурыз, 2021
Жармалықтар әз-Наурызды ерекше тойлады
Ұлыстың ұлы күнін Жарма ауданының халқы ерекше тойлады. Концерттік бағдарламалармен қатар, қазақтың салт-жоралғыларынан театрланған көрініс қойылды, күймеге мінген Қыдыр ата ауылды аралап, халыққа сыйлық таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Наурыз, 2021
Немеремен байланыс әйелдердің өмірін ұзартады екен
Ғасырлар тезінен өткен қазақтың отбасылық институты құндылықтарына батыс елдері енді ден қоя бастағандай. Бірақ бізге қарапайым болып көрінген тасқа басылмаса да санамызда мөрленіп қалған заңдылықтардан батыс елдері хабарсыз тәрізді. Себебі Recreo Viral басылымы наурыз айындағы шығарылымында жасы жетпісті алқымдап қалған әйелдерге «немерелеріңізді күтуден шаршамаңыздар, бұл тек көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, денсаулықтарыңызды жақсартып, өмірлеріңізді 10 жылға ұзартады» деп ақылын айтыпты, деп жазады Egemen.kz.
24 Наурыз, 2021
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақыты бойынша 6 сағат 04 мин 33 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Наурыз, 2021
Ақтөбедегі ғасырмен құрдас мектептердің жай-күйі талқыланды
Ақтөбе қаласындағы үш ауысымды мектептер мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Соның ішінде әлі күнге дейін үздіксіз білім беріп келе жатқан кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім беру мекемелері ғимараттарына күрделі сараптама жасау қажет болып отыр. Үш ауысымды мектептер мәселесінің түбірімен шешілмеуіне қала тұрғындары санының жыл сайын көбейіп жатқандығы да әсер етіп келеді. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан алдағы оқу жылында мектептер жүктемесін азайту тақырыбында қаладағы барлық орта мектеп директорларымен жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Наурыз, 2021
Елімізде коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 50 мыңнан асты
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 3 адам көз жұмды. Бұл туралы Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24 Наурыз, 2021
Қазақстанда 213 мыңға жуық науқас коронавирустан жазылып шықты
Қазақстанда біртәулікте 817 адам коронавирустан емделіп шықты. Бұл туралы Egemen.kz www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
24 Наурыз, 2021
Исландияда бір аптада 40 мың рет жер сілкінісі тіркелген
Исландияда жанартаудың атқылағаны видеоға түсіріліп, желі қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Наурыз, 2021
Тәуелсіздік алғалы бері Наурыз есімді қанша бала дүниеге келді?
Елімізде 30 жылда мыңнан астам Наурыз есімді бала дүниеге келген, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Наурыз, 2021
Ресейде әскери экипаждың үш мүшесі қаза тапты
Ресейдің Калуга қаласындағы аэродромда Ту-22М3 ұшағының катапульт жүйесі кенет іске қосылуы салдарынан экипаждың үш мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
23 Наурыз, 2021
Үрмелі аспаптар квартеті үздік атанды
«Астана Опера» симфониялық оркестрінің музыканттары, танымал «Astrobones» квартетінің мүшелері Фархад Болатов, Алмас Сағымбаев, Альбина Өтегенова және Ерасыл Әмешов GRAND MUSIC ART бейнежазбалары бойынша музыканттар арасындағы X Үлкен Халықаралық байқауда бірінші жүлдені иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Наурыз, 2021
Нұр-Сұлтан әуежайында бірнеше рейс тоқтатылды
Нұр-Сұлтан әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бір әуе рейс тоқтатылып, тағы бір рейс қосалқы әуежайға жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Наурыз, 2021
Бүгін елордада ақтүтек боран болып жатыр
Бүгін елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ауа райы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Наурыз, 2021
Түркі кеңесінің бейресми саммиті бейнеконференция режимінде өтеді
Түркі кеңесінің бейресми саммитін бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Наурыз, 2021
Еліміздегі үш өңір «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус инфекциясы бойынша өңірлердегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасының 23 наурыздағы мәліметтері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Наурыз, 2021
Пневмониядан екі адам қайтыс болды
2021 жылғы 23 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Наурыз, 2021
Елімізде 337 науқас індеттен айықты
Қазақстанда өткен тәулікте 337 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
23 Наурыз, 2021
Наурыз мейрамында оқуға болатын кітаптар
Наурыз қызықтары енді басталғандай. Бүгінгі топтамадан триллер, өмірбаян, магиялық реализм жанрындағы туындыларға таңдау жасап, сондай-ақ заманауи қазақ прозасының даму бағдарын саралай аласыз.
22 Наурыз, 2021
Береке басы – Наурыз, қазына құты – Тайқазан
Халқымызға қайта оралған әз-Наурыз мерекесінің жалпыұлттық деңгейдегі мейрам ретіндегі ресми мәртебе алғанына да міне, 30 жылдың жүзі болды. Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1991 жылы наурыздың 15-інде Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шығып, «Наурыздың 22-сі – халықтық мереке «Наурыз мейрамы» болып жарияланды.
22 Наурыз, 2021