Оқи отырыңыз
Алматыдағы қара шаңырақ ҚазҰУ қалашығында шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің алып портреті күзгі жапырақтардан бейнеленді. Бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған тамаша тартудың авторы – Джохар Юнусов.
03 Қараша, 2020
Жаңаөзенде – жаңа ПТР зертханасы
Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың жанынан ПТР зертхана ашылды. Мұнда енді тәулігіне 200-ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаеваның айтуынша, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті мұнай мекемесінен 89 млн теңге бөлінген.
03 Қараша, 2020
Атырауда Suleimen Promotions компаниясының ұйымдастыруымен өткен кәсіпқой бокс кешінде әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Бекзат Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын жеңді.
03 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
03 Қараша, 2020
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2020 жылғы 30 шілде күнгі №144 санында жарияланған журналист Қазбек Құттымұратұлының «Ғарифолланың есімі тізімге неге кірмеді?!» атты мақаласын оқып, қолыма қалам алып отырмын. Жоғарыдағы жазбада айтылғандай, әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі, 1934 жылы Алматыда өткен халық көркем өнерпаздарының бірінші бүкілқазақстандық слетінің дипломанты Ғарифолла Құрманғалиевтің тізімнен сызылуы кездейсоқ жіберілген қателік емес деп ойлаймын.
03 Қараша, 2020
Шаханның шешілмеген мәселесі көп
Осыдан 3 жыл бұрын Қарағанды облысындағы Шахан кентінде бес қабатты үйдің жертөлесіндегі жылыту қазандығы жарылып, апат салдарынан тоғыз адам көз жұмған болатын.
03 Қараша, 2020
Қазақтың жылқы түстеу және жасын анықтау ілімі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі» деген еді. Сол сияқты француздың атақты шығыстанушы ғалымы, академик Рене Груссе өзінің «Дала империясы» атты еңбегінде: «Көшпенділердің жылқытану мәдениеті әлемде теңдесі жоқ ілім және далалықтар жаратылысынан ат құлағында ойнаған сарбаздар, олар ат әбзелдерін және жылқыны бағу-баптау өнерін ойлап табушылар да осылар» дегені екен. Осы орайда, халқымыздың генеалогиялық жадысына ұстын болған жылқытану мәдениетінің бір пұшпағы жылқы түстеу һәм жасын анықтау ілімі жайлы айтпақпыз.
03 Қараша, 2020
Солтүстік полицейлері «Hi-Tech» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір қылмысты ізін суытпай ашты. Петропавлдық бір әйел полицияға ірі банктердің бірі өзіне ресімдемеген несие бойынша 100 мың теңге көлеміндегі төлемді талап етіп жатқаны туралы арызбен шыққан. Криминалдық полиция қызметкерлері әйелдің құжаттары мен банк картасын пайдалану мүмкіндігі бар оның 22 жастағы ұлын ұстады. Баласы анасын алдап, оның 100 мың теңге ақшасын жымқырмақ болған...
03 Қараша, 2020
Алматының Ақсай шағын ауданында орналасқан көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, бір азаматты жеңіл дәрежеде күйік шалды. Оқиға салдарынан жөндеу орталығында тұрған тоғыз көліктің тамтығы қалмай жанып кеткен. Қара жаяу қалған көлік иелері шығынды кім өтеп береді деп дал.
03 Қараша, 2020
Газет пен гаджет бетпе-бет тұрған бұл өтпелі кезеңді өлара шақ десек болады. Жалпы, келешекте нағыз журналист маманды майшаммен іздеуіміз де мүмкін. Кім біледі, бәлкім бәрі керісінше. Не десек те газетке жан-тәнімен ғашық, өнегелі өмірін тек газетке сарп еткен майталман газетшілердің қатары осы сирегені сиреген. Кейде тіпті кешегі алыптардың көзін көрген, көшелі сөзін сақтап қалған сол тарландардың орнын кім басады деп те ойлаймыз.
03 Қараша, 2020
Оқу бітірген жастардың мамандығы бойынша жұмыс табуы машақат. Бұл мәселенің бірқатар себебі бар. Соның бірі университет түлектерге берген білімін тәжірибемен ұштастырмай, теориямен шектеліп жатады. Оның үстіне маман даярлауда жұмыс берушілердің де талабы ескеріле бермейді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының соңғы мәліметіне сүйенсек, жұмыс берушілердің 68%-ы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Елімізде 60-тан аса жоғары оқу орнында оқыған түлектердің жартысы – жұмыссыздар қатарында.
03 Қараша, 2020
Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерді кәсіпке баулиды
Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен мүгедек баласы бар аналарға арналған жоба басталды. «Ерекше жандардың сәттілік синергиясы» деп аталатын жоба Орта Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау аясында жүзеге асырылды.
03 Қараша, 2020
Түркістанда оңалту орталығы ашылды
Бұл – коронавирус инфекциясымен немесе пневмониямен ауырып, одан емделіп шыққандарды оңалтуға арналған алғашқы орталық. Қалалық емханада орналасқан жаңа орталықта 19 емделуші реабилитациялық көмек алуда. Оларға ингаляция, парафинотерапия, емдік массаж, велотренажер сынды емдік шаралары жүргізіледі.
03 Қараша, 2020
Солтүстікте карантинді бұзудың 34 дерегі анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күндері мониторингтік топтар карантин талаптарын бұзудың 34 дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020
Алматының Әуезов ауданында спорттық нысан бой көтерді
Әуезов ауданында тағы бір тамаша спорттық нысан бой көтерді. Аумағы 3 гектар болатын "Достық" алаңын салуға бюджеттен 67 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020
Coursera-ға өтінімдер қабылдау желтоқсан айына дейін ұзартылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Coursera ірі білім беру платформасымен тегін білім беру курстарынан өтуге өтінімдерді қабылдау мерзімін 31 қазаннан 14 желтоқсанға дейін және оқу мерзімін 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 15 ақпанға дейін ұзарту туралы уағдаласты, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020
Адам органдарына заңсыз трансплантация жасаған дәрігерлерге сот үкімі шықты
Нұр-Сұлтан қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты органдарды заңсыз трансплантациялау туралы істі қарады. Іс бойынша айыпталушылар - танымал қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратов, Шымкент қаласының No1 қалалық клиникалық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Абылай Донбай және Қырғызстан азаматы Бермет Тайсалова, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020
Атырауға ұшып келген 240 жолаушыдан коронавирус табылмаған
Атырауға шетелден ұшып келген 240 жолаушыдан коронавирус инфекциясы табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020
"Атырау-Астрахань" жолының соңғы участкелері реконструкциядан өтуде
Атырау облысындағы "Атырау-Астрахань" тасжолының қалған 217 шақырымында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Реконструкция жұмыстары биыл басталып, қазір 616-833 шақырымындағы учаскеде іске асуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Қараша, 2020
Ертеңгі доллар бағамы қандай болады
Ұлттық банк 3 қарашада доллардың ресми бағамы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Қараша, 2020