Оқи отырыңыз
Қазақстанда бір тәулікте 142 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте елімізде 142 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2020
Өткен тәулікте 91 адам коронавирустан айықты
Қазақстанда тағы 91 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2020
«Олимпиадалық емес спорт түрлері дамып келеді»
Елімізде самбоға қарағанда, дзюдо спорты, аралас жекпе-жектің алдында әуесқой бокстың мерейі үстем екені белгілі. Өйткені екіншілері төрт жылда бір келетін Олимпия ойындарының дәстүрлі бағдарламасына енген. Сондықтан да олимпиадалық спорт түрлері елімізде кең насихатталады және спорт үйірмесіне баратын жас жеткіншектер Олимпиада чемпионы деген мәртебелі атаққа ие болғысы келгендіктен Олимпиада бағдарламасына енген спорт түрін таңдайды. Бірақ соған қарамай, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК бұқара арасында дәстүрлі емес спорт түрін алға ілгерілетуді алдына мақсат етіп қойған. Жуырда осы ұйымның директоры Әлібек НҰРТАЕВПЕН әңгімелескен едік.
27 Қазан, 2020
Тұрлаусыз уақыт торығуларын жанашыр тірліктер емдейді
Адам тағдыры ұстара жүзінде тұрғандай тұрлаусыз уақытта ізгілікті, махаббат пен достықты, адалдық пен шыншылдықты, ақпейілділік пен дархандықты нығайта түсетін шаралар әрбір адамның жанын жылытады. Мұны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы күнделікті жұмыс дағдысына айналдырған. Тоқтаусыз тіршіліктің көшінде қоңырқай күй кешкен жандарға бір сәт болса да жылулық сыйлап, жанын жадыратар бақытты сәттермен қуантуға тырысуда.
27 Қазан, 2020
Сіз, махаббат сағызын шайнап па едіңіз?.. Қалайша?.. Өткен ғасырдың эластикті ретро дәмі есіңізде жоқ па?.. Сыртында «Love is...» деген жазуы бар сүп-сүйкімді созылмалы тәтті ше? Тік төртбұрышты келген, қызғылт өңді борықтай жұмсақ зат. Сол уақытта серінің әтіріндей хош иіс төгіп, ерке-сылқымды естен тандырған өрнекті өнім. Бозбала біткен сүйгеніне сыйға беріп, сол арқылы сезімін де жеткізген. Иә-иә, ұяң жігіттің риясыз пейілінің дәнекері десеңіз де болады. Мұндағы қызық сағызда емес, оның қорабындағы сиқырлы суреттерде болып отыр ғой. Біздің де әңгімеміздің сорабы сол еді, негізі.
27 Қазан, 2020
Дағдарыс басталып, бизнес шығындарды қысқартуға мәжбүр болған кезде, жарнама бюджеттері әрқашан бірінші қатарға ілігеді. Алайда бұл үнемдеу сату нәтижелеріне жақсы әсер етпейді.
27 Қазан, 2020
(Жалғасы. Басы 204-нөмірде) Бату бастаған әскер Ока өзенінің бойымен Коломнаға беттеді. Владимирдің ұлы князь Юрий Всеволодовичтің ұлы Всеволод бастап келген қолы Рязань қосындарының қалған-құтқан сілемдерімен Коломнаны қорғамақ болған әрекетінен ештеңе өнбеді. Рязань князі Роман Игоревич өліп, Всеволод шағын қосынымен Владимирге қашып құтылды. Содан кейін моңғол қолы, Джувейнидің айтуынша «М.к.с.» деген қалаға беттеді, орыс ғалымдары «М.к.с.»-тің Мәскеу екеніне күмән келтірмейді. Ол Владимир князьдігіне бағынышты жаңадан салынған қала болғанмен, халқы өте көп еді. Джувейни: «Халқы құмырсқадай, болмаса шегірткедей қаптаған қала еді, айналасы саз балшық және ну орман, орманының қалыңдығы соншалық – жылан жылжып өте алмастай еді. Моңғол патшазадалары қаланы жан-жағынан қоршап, ағаштарды отап шауып, қатарынан үш-төрт арба өтетіндей ғып жол салып, сол жолмен тас ататын қаруларын сүйреп әкелді. Бірнеше күннен кейін қаланың өзі жоқ, аты ғана қалды. Ханзадалар қолға түсіп тұтқын болғандардың оң құлағын кесуге жарлық шығарды. 270 мың адамның құлағы кесілді», деп хикаялайды (Ата-Малік Джувайни. Тарих-и Джахангушай // История Казахстана в персидских источниках. Т.IV. А-ты, 2006. 59-59 бб.). Рашид-ад-диннің мәлімдеуінше: Мәскеуді «бес күнде жермен жексен етті».
27 Қазан, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған жауынгерлердің сүйегі араға жылдар салып елге жеткізілді. Іздеу тобының жұмыстары нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғысы майданында қаза тапқан үш қазақстандықтың есімі белгілі болды.
27 Қазан, 2020
Өзбек шеберлерінің өзгеше өрнегі
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» атты өнер жәрмеңкесі көрерменге жол тартты. Көрме осы жылдың қыркүйек айында дүниеден озған заманауи өзбек суретшісі Анвар Бахтеевтің рухына (1945-2020) құрмет ретінде ұйымдастырылып отыр.
27 Қазан, 2020
«Туристік инфрақұрылым табиғи ландшафтпен үйлесуі тиіс»
Әлемдік пандемияға байланысты жаз мезгілінде шетелдің шекаралары жабық болған соң отандық саяхатшылар шалғайдағы мемлекеттерге шыға алмай қалды. Есесіне елімізде жаз бойы ішкі туризмге деген сұраныс арта түсті. Десе де бұл салада елімізде орасан жұмыстар атқарылуы қажет екені де байқалып қалды. Олар – сервисті жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, жаңа табиғи аумақтарды игеру. Табиғатқа зиян келтірмеу үшін осы міндеттерді сауатты және жауапты іске асыру туралы әйгілі дат сәулетшісі Ян Гейл құрған Gehl Architects консалтингтік компаниясының жетекшісі қызметінде ұзақ уақыт болған, сәулет және урбанистика жөніндегі италиялық сарапшы Рикардо МАРИНИМЕН тілдесудің сәті түскен еді. Оның пікірінше, қазіргі заманғы түсінікте жайлы орта қала шекарасында аяқталмауы керек, қала маңындағы және қоршаған табиғи аймақтарды да қамтуы тиіс.
27 Қазан, 2020
Полигон зардабын тартқандарға жеңілдік бар ма?
Елуінші жылдарға дейін тіршілігі қыж-қыж қайнаған Абыралы атырабы сонау замандағыдай емес, даласы меңіреу күй кешкен. Полигон тауқыметін тартқан тұрғындардың көбі атажұрттан кіндік үзуге мәжбүр болған. Оңай ма, қырық жыл ішінде 470 жойқын жарылыс жасалып, 500 мыңдай адам зардап шеккен. Зардабын жұрт әлі тартып келеді. Ал мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек қандай?
27 Қазан, 2020
Алыстан үзіліп жеткен қоңыр үн бірде аяңдап, бірде жылдамдата Көк Шолақтың шабысына басады. Көненің күмбірін құлаққа жеткізуге асыққандай домбыра да қағысынан жаңылмастан, көмейден шыққан әуезбен жарыса сайын даланы жаңғыртып, жыршының көңіл күйін дөп басуға асығатындай...
27 Қазан, 2020
Алты Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген еді. Рухани мәдениетіміз бен елдік мәртебеміздің деңгейін бағамдауға басты өлшем болып келе жатқан осы қағидаға сүйенсек, көпшіліктің не оқып жүргеніне қарап, ой-санамыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің түр-тұрпатын аңғаруға болатын секілді.
27 Қазан, 2020
Әжесінің етегіне оралып өскен әрбір баланың ертегіге құмар келетіні ертеден белгілі. Құлынының кірпігі ілінгенше қадағалап отыратын апалардың тәтті әңгімесінен бұғанасы енді қатып келе жатқан балдырған рухани ләззат алатыны хақ. Оның үстіне ежелден ертегімен өренін тәрбиелеген, қиялын дамытып, арманын асқақ етуге мән берген халқымыздың осынау жанры әдебиеттің әліппесі секілді. Жақында жарыққа шыққан Жұмабала Балақаранованың «Ертегілер әлемі» атты кітабынан соны аңғардық.
27 Қазан, 2020
ШҚО тұрғыны 35 жыл бойы құжатсыз жүрген
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметіне Алтай ауданындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметтендіру орталығының маманы жүгініп, 1974 жылдан бері ресейлік төлқұжатпен жүрген 63 жастағы зейнеткерге көмек көрсетуді сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
Шымкентте 7 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды
Шымкент қаласында мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалада 25 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл 7 білім ошағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Алдағы жылы 5 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ дайындау үшін қаржы қаралған, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
“Қазақстанның 100 жаңа есімі” жеңімпаздарымен онлайн-кездесу өтті
Елбасы кітапханасында “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасы жеңімпаздарымен онлайн-кездесу өтті. Іс-шараның модераторы ретінде мекеме басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов сөз сөйледі. Кездесуге еліміздің түкпір-түкпірінен жастар қатысты. Олар Елбасының бастамасы саналатын жобаның өздеріне қалай ықпал еткенін тарқатып айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды шетелге бармауға шақырды
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарды шетелдік сапарлардан аулақ болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
Қырғызстанның премьер-министрі өзін президенттікке ұсынды
Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаров президент сайлауына қатысады. Бұл туралы Жапаров Кочкор ауданына жұмыс сапары барысында мәлімдеген еді, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Қазан, 2020
ЖРВИ мен COVID-19: иммунитетті қалай нығайтуға болады
Жыл сайын күз-қыс кезеңдері күннің салқындауына және ауадағы ылғалдың жоғарылауына байланысты ЖРВИ жұқтырғандар саны көп байқалады. Сонымен қатар COVID-19-ды жұқтырып алу қаупі де бар. Осы орайда иммунитетті қалай нығайтуға болады? Бұл туралы мамандар айтып берді, - деп жазады Egemen.kz
26 Қазан, 2020