Оқи отырыңыз
Күре жолға құтқару бекеттері қойылды
Шығыстың қысын жайлы, я болмаса қатты болады деп дөп басып болжау қиын. Сол үшін де қар күреушілері де, құтқарушылары да қыс маусымына сақадай сай болуы керек. Биыл Шығыс өңірінің тас жолдарында 4 медициналық құтқару бекеті мен 9 жылыту бекеті жұмыс істейтін болады.
06 Қараша, 2020
Оқушыларға 21 мың компьютер тапсырылды
Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсаны да аяқталып, оқушылар қарашаның 5-інен 14-іне дейін онкүндік демалысқа шықты. Бірінші тоқсанда Қостанай облысындағы 337 мектепте 22 мыңнан аса бала сыныпта білім алды. Бұған қоса ата-аналардың өтініші бойынша 157 мектепте 15 балаға дейінгі кезекші топтар жұмыс істеді. Ал қалған 63 мың оқушы «Күнделік», «Onlinemektep», «Еdupage», «Zoom» платформалары бойынша қашықтан оқыды.
06 Қараша, 2020
Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров 1919 жылы 9 тамызда қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Нұркен (бұрынғы Жәмші) селолық округінен екі шақырымдай жерде, Қаратал (бұрынғы Калинин) ауылы маңындағы Тезекбай тауының етегінде дүниеге келген. 1929 жылы Қарағандыда көмір өндірісі ашылып, жұмыс орындарының көбеюіне байланысты Нұркен ата-анасымен Қарағанды қаласына қоныс аударып, осы қалада білім алады.
06 Қараша, 2020
Қарағанды облысындағы Саран қаласында ресейлік «Татнефть» компаниясы автокөлік шиналарын шығаратын зауыт салмақшы. Бұл туралы аталған компанияның басшысы Наиль Маганов облыс басшылығымен кездесу барысында мәлімдеді.
06 Қараша, 2020
Жемқорды отанын сатқан опасызбен теңестіру керек
Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілермен кездесу барысында осылай деді.
06 Қараша, 2020
Елбасы еңсесін тіктеген білім ордасы
Уақыт өтіп, заман өзгеріп жатыр. Бірақ дәуірлер қаншама алмасса да, білім мен ғылым ғана құнын жоймақ емес. Ал осы жолда қай елде болса да жауапкершіліктің ауыр жүгін түсіне біліп, оны көтере алатын, тәуекелшіл, елшіл һәм мемлекетшіл азаматтар болады. Ондай тұлғаларға тән кемел ақыл, терең ой, биік рух, қажырлы қайрат пен зор қабілет сан сынақтан шығудың қисынын тауып, елін өрге сүйреуге жол ашқан. Түркиялықтар Мұстафа Кемал Ататүрік, үнділер Джавахарлал Неру, сингапурлықтар Ли Куан Ю, малайзиялықтар Махатхир Мохамад сынды тұғырлы тұлғаларымен мақтанады. Олар өз елінің дамуында өшпес із қалдырды. Міне, осы қатарда заманның заңғар тұлғаларының бірі әрі бірегейі, көшбасшылық қасиетімен, өзіндік дара жолымен жаһанды мойындатқан саясаткер – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алар орны ерекше.
06 Қараша, 2020
Қазақстан Митрополитімен кездесті
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.
06 Қараша, 2020
Қоғамдық бақылау мәселесі талқыланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде кеше Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитеті депутаттарының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.
06 Қараша, 2020
Мәжіліс депутаты Nur Otan пікірсайысына Шымкенттен қатысады
Шымкент қаласында 10 қарашада «Nur Otan» партиясының өңірлік конференциясы өтеді. Онда қалалық мәслихат пен Мәжіліске үміткерлердің партиялық тізімдері анықталады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Берік Оспанов Шымкент қаласында өтетін пікірсайысқа қатыспақ. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Петропавл мен Қызылжар ауданы карантинге жабылады
Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы 9 қарашадан бастап карантинге жабылады, - деп хабарлайды Egemen.kz
05 Қараша, 2020
“Astanа Media Week” IV медиаапталығы өтеді
11-13 қарашасы аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен және “Қазмедиа Орталығының” қатысуымен "Astanа Media Week" IV медиаапталығы қашықтық режимде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Қазақстанда сайлауға алты партия өтті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың тізімін жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін бұзудың 2 029 фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін бұзудың 2 029 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
05 Қараша, 2020
Талғат Қойбақов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қараша, 2020
"Worldskills Shymkent - 2020" қалалық чемпионатының жеңімпаздары анықталды
Шымкентте 26-29 қазан аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмысшы мамандығының танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру мақсатында "WorldSkills Kazahstan-2020" ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңі өтті. Әр сала бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Асқар Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қырғыз тарапының бастамасымен Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі, Президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Алматыда арық жүйесін түгендеу аяқталды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев төрағалық еткен аппараттық кеңесте арық желілерін түгендеу нәтижелері қаралды, оның қорытындысы бойынша арықтарды абаттандыру және жаңбыр суларын ағызу бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Қараша, 2020
"Астана Балет" жаңа балеттің премьерасына дайындалып жатыр
6 және 7 қарашада "Астана Балет" театрында қазақстандық хореограф Анвара Садықова қойған "Желтораңғы туралы аңыз" бір актілі балетінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Шығыс Қазақстанда су айдындарын балықтандыру көлемі арттырылуда
Шығыс Қазақстан балық шаруашылығы бассейні көлемі бойынша республикада үшінші орынға ие. Негізінен балық аулау Зайсан көлінің және Бұқтырма су қоймасының жағасында дамыған. Мұнда балық аулау көлемі 93% құрайды, кемінде 14 жағалаудағы елді-мекендердің халқы дәстүрлі балық шаруашылығымен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Қараша, 2020
Алматы полициясы жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру жобасын ұсынды
Алматы полициясы жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту және жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру жобасын ұсынды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
05 Қараша, 2020