Оқи отырыңыз
Қар жауып, жел соғады: Синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жолдың сапасына айрықша назар аудару керек. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес» деген еді. Ертіс-Баян өңірінің аумағында жалпы ұзындығы 1026 километрді құрайтын үш ақылы жол бар. Оның негізгісі «Астана – Павлодар» автобаны болса, тағы екеуі «Павлодар – Қалбатау» және «Павлодар – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолдары. Ақылы жолдардың қысқы дайындығы мен қызметіне қатысты бүгінде бірқатар мәселе бар.
20 Қараша, 2024
700-ден аса кибералаяқтық тіркелді
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 700-ден аса интернеттегі алаяқтық тіркелді. Бұл туралы ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрай Арыстанбек мәлімдеді.
20 Қараша, 2024
Қазақ қоғамының алға басқан адымын тежеп, жұрттың сеніміне селкеу түсіретін жегі құрт – жемқорлық. Қылмыстың бұл түрі медицина, спорт, білім, жол және инфрақұрылым саласында жиі көрініс береді.
20 Қараша, 2024
Еуропа жұртына қазақ домбырасының күмбірін алғаш жеткізген дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың есімі біраз уақыт бойы жерлестері үшін беймәлім болып келді. Күй аңыздарының жолын жалғап, Арқа өңіріндегі саз самалының лебін тамам елге таратқан өнер иесінің соңында бүгінде мол мұра қалған.
20 Қараша, 2024
Ертіс-Баян өңірінің мемлекеттік орман қорында ағаш отырғызу жұмысы аяқталды. Жергілікті орман қорғау мекемелері жалпы аумағы 1,2 мың гектардан асатын аумаққа 6,8 млн көшет еккен. Мамандар жас ағаштардың өсу қабілеті арта түскенін анықтап отыр.
20 Қараша, 2024
Соңғы деректерге сәйкес Оралдағы киік саны 2,8 миллионға жеткен. Мөлшерден тыс көбейіп, жергілікті фермерлерге орасан шығын келтіріп жатқан ақбөкеннің бір бөлігін көршілес Ресей аумағына өткізу қарастырылып жатыр.
20 Қараша, 2024
Екібастұз қаласының алты жасар Хадия Құнаева джиу-джитсудан Абу-Дабиде өткен халықаралық турнирде KIDS 2 санатында мерейі үстем болып, әлем чемпионы атанды. Әкесі қызы мен өзге де шәкірттерін аталған додаға апару үшін жеке көлігін сатуға мәжбүр болыпты.
20 Қараша, 2024
Абай атындағы Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің іргесі қаланғанына биыл 70 жыл толды. Кітапхана тарихы сонау 1947 жылдан басталады. Сол кезеңде қала тұрғындары теміржол клубына кітаптар апарып өткізе бастаған екен. Кейін клуб 1951 жылы Чапаев поселкесіне көшіріледі. 1954 жылы Шымкент қалалық атқару комитетінің шешімімен кірпіш зауытында №7, текстиль фабрикасында №8 өндірістік кітапханалар ашылады. Оларға орыстың жазушы-публицисі М.Горький мен жазушы А.Чехов есімдері беріледі. 1964 жылы Горький кітапханасы қазіргі Б.Момышұлы көшесіндегі жиырмасыншы үйдің бірінші қабатына орналасады. Содан кейін кітапхана бөлімшесінің саны отызға дейін көбейеді. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары халықтың кітапқа деген қызығушылығы артады.
20 Қараша, 2024
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы орталығында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, Кеңес Одағының батыры Садық Жақсығұловтың туғанына 100 жыл толуына орай қазақ күресінен халықаралық турнир өтті.
20 Қараша, 2024
22 қараша - «Қоштасқым келмейді» Музыкалық жас көрермен театрының Түркістан қаласына шығармашылық сапары аясында А.Володиннің «Қоштасқым келмейді» музыкалық драмасы көрсетіледі. Аударған әрі режиссері – А.Маемиров.
20 Қараша, 2024
Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
Өзбекстанның министрлер кабинеті отставкаға кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2024
Сметов пен Қырғызбаев татамиге қашан оралады
Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевтың татамиге қашан оралуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2024
Алматы облысының Іле ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қараша, 2024
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты құрылды
15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Қараша, 2024
Жиын құқық бұзушылықты жүгендей ала ма?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар туралы кеңес өткізді.
19 Қараша, 2024
Шаһар жарығы – қауіпсіздік кепілі
Қаланы жарықтандыру көптеген функцияны орындайды: айналаға жылылық пен жайлылық береді, қаланың көркем келбетін, сәулет туындыларын айшықтай түседі. Дегенмен оның басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сапалы жарықтандыру қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының ықтималдылығын төмендетеді. Осы тұрғыда агломерация есебінен күн сайын құлашын жайып келе жатқан Алматы қаласында көшені жарықтандыру жүйесіне ерекше мән беріледі.
19 Қараша, 2024
Шаруасы – далада, саудасы – қалада
Азамат Шадиев Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылындағы «Азат» шаруа қожалығына жетекшілік етеді. Оның бұл кәсіппен айналысқанына он бес жылдай уақыт болды. 2007 жылы қолда бар мал басын көбейтуді, сөйтіп, шаруашылық құруды алғаш рет ойластырды. «Осындай ойым бар, сіздерден көмек, жәрдем бола ма?» деп кеңселерді де жағалаған жоқ. Өз-өзін сынап көргісі келеді. Жай-күйін жасап еді, мал басы да көбейіп шыға келді.
19 Қараша, 2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірге шетелдік инвесторларды тарту жұмысы Жамбыл жерінде жүйелі түрде жалғасып келеді. Әсіресе өңірде өндірісті өркендету бойынша ауыз толтырып айтарлықтай шаруалар атқарылып жатыр. Мұны ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі мен энергетика саласынан да байқауға болады.
19 Қараша, 2024
«Мен келдім кербез Көкше бауырынан»
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында киелі Көкше топырағында туған таланттардың бірі Мұса Асайыновтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Асқақ әнші, ақтаңгер ақын» атты рухани-танымдық кеш өтті.
19 Қараша, 2024