Оқи отырыңыз
«Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі онлайн көрсетіледі (видео)
Бүгін Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалінің Гала-концерті онлайн көрсетіледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Мамыр, 2020
Германиялық инвесторлар салаларды цифрландырудағы тәжірибесімен бөлісті
Бейнеконференция форматында өткен орталық мемлекеттік органдар мен инвестор-компания өкілдерінің кеңесіне Сыртқы істер, энергетика, цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшы құрамы, сондай-ақ Қазақстанның ГФР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Қарипов, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің, KAZAKH INVEST ҰК АҚ басшылары, Ресей мен Орталық Азиядағы Siemens басшылығы, сондай-ақ технологиялық компанияның елдік және салалық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Бұл туралы KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
29 Мамыр, 2020
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына 15 миллиардқа жуық теңге төленді
Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 14,9 млрд теңге төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Мамыр, 2020
Әскерилер карантин шараларын сақтауды жалғастырып жатыр
Төтенше жағдай режимі кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Қазақстанның 29 қаласында жалпы ауданы 50 миллион шаршы метрден асатын 10,5 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысандарға және ұзындығы 4000 шақырымға жуық жол учаскелеріне дезинфекция жүргізді. Бұл Қазақстан армиясының мүмкіндіктерінің шегі емес. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Мамыр, 2020
Қарағанды: Тарих тағылымына тағзым
Кешегі кеңестің қанқұйлы заманындағы тарихтың қатпарына үңілсек, мынадай жантүршігерлік деректер алдымыздан шығады: 1921-1954 жылдар аралығында КСРО-да «контрреволюциялық» немесе «антисоветтік» деген жаламен 3 миллион 777 мың адам сотталып, олардың 642 мыңы ату жазасына кесілген екен. Ал Қазақстанды жеке алып қарасақ, қуғын-сүргінге 103 мыңға жуық адам ұшырап, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесіліпті. Олардың басым бөлігі ғалымдар, мәдениет, саясат және қоғам қайраткерлері сынды зиялы қауым өкілдері еді. Яғни, жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары қазақ зиялылары мен мемлекет қайраткерлерінің «қаймағы» сылып алынып, жазықсыз жазаға ұшырады. Олардың ішінде Қарағанды облысынан шыққан Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Нығмет Нұрмақов, Жанайдар Сәдуақасов, Абдолла Асылбеков сынды қазақ халқының аяулы ұлдары да бар еді...
29 Мамыр, 2020
Елімізде Орталық Азиядағы ең үлкен қонақжай кешені ашылады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков туризм саласын мемлекеттік қолдау және Қазақстанда ішкі туризмді дамыту шаралары туралы айтты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Мамыр, 2020
Қобда беті қазақтары: 90 жыл бұрынғы фотосурет
Мына фотосурет осыдан дәл 90 жыл бұрын Моңғол елінің батыс шебі қазақтар шоғыр қоныстанған Қызылқайың (Ұлан-құс) өлкесінде түсірілген екен. Авторы беймәлім. Суретте бес әйел тұр. Жәдігердің артқы фонына «На память Ташинке Касымовой от Ширетовой» деген жазу оймышталып, «1930 жылы 24 желтоқсан» күні сыйға берілгені таңбаланыпты.
29 Мамыр, 2020
Елордада санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау рейдтері жүргізіліп жатыр
Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда кәсіп иелеріне 500 АЕК-ге дейін айыппұл салынады. Полицейлер, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері дүкендер мен сауда орталықтарына тұрақты түрде тексеріс жүргізеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29 Мамыр, 2020
Белағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Бір айта кетерлігі, жергілікті «Агрофирма ТНК» серіктестігі құрылыстың барлық шығынын өз мойнына алған.
29 Мамыр, 2020
Өткен жылы жер қойнауын пайдаланушылар 144 мың маманды оқытты
Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуі барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
29 Мамыр, 2020
Ресми шара бір жылға шегерілді
Баскетбол спортынан «Лейкерс» клубының аңызына айналған спортшы Коби Брайанттың есімін Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) Даңқ залына ресми түрде енгізу рәсімі келесі жылға қалдырылды.
29 Мамыр, 2020
Қазақстандық мұғалімнің ұлттық моделі де қажет
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық сенім кеңесінде білім мен ғылым саласындағы өте өзекті мәселелер талқыланып, бірқатар маңызды ұсыныстар жасалды. Шын мәнінде мұғалімнің мәртебесі тек заңмен, нормативтік құқықтық актілермен, оқу процесінде қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерімен ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің алған білімі мен дағдыларының мөлшерімен де анықталады.
29 Мамыр, 2020
Covid-19 медицинаның басымдығын айқындап берді - Серік Ақшолақов
Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың денсаулығын нығайту мен отандық медицинаны дамытудың маңызын айқындайтын бірқатар басты мәселелерді қозғады.
29 Мамыр, 2020
Шығысқазақстандық оқушылар сырлы бояудың сырына қанықты
Оқушыларға бейнелеу өнері пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Оқу бағдарламасына сай күнделікті сабақта алған білімін сыныптан тыс жұмыстарда жетілдіру – оқушының білімін тереңдетіп, сурет салу икемділігі мен бейнелеу қабілетін дамытады, тіпті қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын оятады. Осындай сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын жұмыстардың бірі – «Сырлы бояу» атты сурет сайысы.
29 Мамыр, 2020
Сурет Алдыңғы күні табиғат аясында түскен суретін жариялаған. Спорттық костюм киген жігіт ағасы жалғыз өзі жасыл шөпте малдас құрып отыр. Даланың перзенті екендігі есіне түскендегі жайбарақат, жайсаң кейіп. «Тұмса табиғат құшағында» деп жазып қойыпты.
29 Мамыр, 2020
«Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 176 млрд теңге бөлінді
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 176 млрд, соның ішінде бағдарламаның «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бірінші бағыты бойынша 26 млрд теңге бөлінген.
29 Мамыр, 2020
Жүйелі жұмыс жеңіске жеткізеді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын іске асыру туралы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізді. Бердібек Сапарбаев әуелі Мемлекет басшысының Жарлығымен 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режімі тоқтатылғанын, дегенмен, әр өңірдің коронавирус бойынша эпидемиялық жағдайына байланысты карантиндік шаралар сақталып отырғанын жеткізді.
29 Мамыр, 2020
Ел тарихындағы ең қайғылы кезең кешенді зерттеуді қажет етеді
Зобалаң жылдары 3-4 жастағы және емізулі тағы бір қызын арқалаған әйел Қызылордадағы базарда қайыр сұрап жүреді екен. Ашаршылықтан екеуін бірдей құтқара алмасын сезген бейшара ана қыздың үлкенін тастап кетпек болған. Басындағы әдемі орамалын қызының басына байлап, базар ішіндегі қалтарыста адастырып кетеді. Қыз «апалап» әрі-бері жүгіріп, шаршаған соң отыра қалып жылайды. Жылап отырып «апатайым-ау, мына әй-әй орамалды бөпенің басына байласаңызшы, ол жаурайды ғой», дегенін естіген жанның жүрегі қан жылайды.
29 Мамыр, 2020
Білім ісі – жұрт ісі. Оны ұлт ісіне айналдыру керектігі әлімсақтан айтылып келеді. Ежелгі дәуір алыптарынан бастап, бүгінгі ғұламалар да оны жаңғыртуда. 1017 жылы өмірге келген Ж.Баласағұни: «Білсе білім – күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге», депті.
29 Мамыр, 2020
Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тапты
Түркістан облысындағы Жетісай-Шардара автожолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соғысқан. Салдарынан жолаушылар мен жүргізуші ауыр жарақаттанып, 4 адам қаза тапты.
28 Мамыр, 2020