Оқи отырыңыз
МӘМС: 2020 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмектер
МӘМС жүйесін енгізу кезінде балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 192 дәрі-дәрмек айқындалды. 192 атау 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілді. Оның 157 атауы сатып алынды және жөнелтуге дайын. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.
13 Қаңтар, 2020
«Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Роман Григорчук елордалық «Астана» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.
13 Қаңтар, 2020
Елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
16 қаңтардан бастап теміржол арқылы өтетін көпірдің тірек бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Ш.Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Алматы әкімдігі жеке жер телімдерін нарық бағасы бойынша сатып алады
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында әкімдіктің жаңа құзыреті туралы әңгімеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Н.Мұқышев Ақтөбе облысының тұрғындарына АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – АӘК) жаңа форматын тағайындау тетіктерін және көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын түсіндірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Түркістан: Мәжіліс депутаттары Сарыағаштағы кәсіпорындарды аралады
Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Сарыағаш ауданына іссапармен келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Қарағанды облысында жол жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Биыл Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы аппарат кеңесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есентаев мәлім етті деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
13 Қаңтар, 2020
Лозаннада биатлон бәсекесі аяқталды
Бүгін Лозаннадағы жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиадада қазақ биатлоншылары аралас эстафетада 8-орын алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Қазақстанда 2019 жылы 13,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді
Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуді мақсат ететін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылдың қорытындысында республика бойынша барлығы 13,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл дегеніміз 115 800 пәтер. 2018 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіш 104,9% құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы лицензиялық турнирде үшінші орын алды
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрама командасы лицензиялық турнирде үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Үстел теннисінен іріктеу турнирінің нәтижесі белгілі болды
8-11 қаңтар күндері үстел теннисінен Алматы қаласында республикалық турнир өтті. Аталған турнир нәтижесі бойынша ұлттық құрамаға спортшылар іріктелді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Әскери абырой мен қаһармандықтың үлгісі бола білген Ауған Соғысының ардагері, полковник, Борис Керімбаев биыл тірі болғанда 72 жасқа толар еді. Алматыда қалалық әскери-патриоттық клубтың оқушылары батыр рухына тағзым жасап, 28 Панфиловшылар саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
13 Қаңтар, 2020
Алматы әкімдігі сәулеттік ғимараттардың дизайн-кодын әзірлейді
Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатының барысында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қабылданған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының аясында қала құрылысы саласын дамытудың перспективалары туралы әңгімеледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
IQala орталығы елордалықтарға 119 қызмет түрін көрсетеді
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары электрондық цифрлық қолтаңбаны IQala қалалық қызметтер көрсету орталығында алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram арнасында мәлім етті.
13 Қаңтар, 2020
Алматыдағы Бас ботаникалық бақ басқа министрліктің балансына берілді
Үкімет қаулысымен Ботаникалық бақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына берілді. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жариялады.
13 Қаңтар, 2020
Еліміздің заңнамасы мен бюджет процесін жетілдіру мәселелері талқыланды
Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары аясында облыстық қаржы басқармасында қаржы органдарының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Арман Лямбеков тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
13 Қаңтар, 2020
Сенаторлар онкологиялық орталықта болды
Парламент Сенатының депутаттары Нұржан Нұрсипатов пен Манап Көбенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында жаңа онкологиялық орталықта болып, аймақтағы медициналық мекемелердің бас дәрігерлерімен жиналыс өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Теміртауда көп қабатты үйде өрт шығып, екі адам қаза тапты
Теміртауда көп қабатты үйлердің бірінде пәтерден өрт шығып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
13 Қаңтар, 2020
Сенатор Ләззат Сүлеймен Сарқан ауданында жеке қабылдау өткізді
Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен жұмыс бабындағы сапармен Сарқан ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
13 Қаңтар, 2020