Оқи отырыңыз
«Ұлы дала жорығы-2024»: Үшінші маусым жеңімпазы – «Жетісу» командасы
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Аманжол Әлтай және Қазыбек Әлішев қатысты. Бұл туралы «Ұлы дала жорығы» баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Мамыр, 2024
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе, Үлкен Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин орман қорғау мекемелерінің 500-ден аса қызметкері өздеріне бекітілген аумақтарда экологиялық акция өткізді.
24 Мамыр, 2024
«NazarAI» бәрін хабарлап тұрады
«Жасанды интеллект адамзатты өрге шығара ма, жоқ орға жыға ма?» деген тақырып күн тәртібінен түспей тұр. Төрешіміз уақыт дейік. Бірақ жасанды зердені ізгілік жолында жаратып жатқан жастарымыз жаңалықты жатсынбау керектігін барған сайын дәлелдеп келеді. Солардың бірі – 10-сынып оқушысы Смағұл Тұмар ойлап тапқан «NazarAI» қосымшасы.
24 Мамыр, 2024
Геосаяси жағдайға байланысты құрлықтардың сауда-қатынас жолдары өзгеріп жатыр. Ол туралы жазылған пікір мен болжам да көп. Дегенмен сарапшылардың әсіресе, Еуразия құрлығындағы ойыншыларға қатысты көзқарасы оң: жақын келешекте Қытай, Үндістан және Орталық Азия бағытында инвестиция мен тауар айналымы артады.
24 Мамыр, 2024
Түркістан облысында инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 857,6 млн доллар болып, жылдық жоспар 190,1%-ға орындалған. Биылға негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1 трлн 133,8 млрд теңге көлемінде бекітілген. Қазіргі уақытта бірінші тоқсанның қорытындысымен өңірге 132,2 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестиция – 116,1 млрд теңге, бюджеттік инвестиция – 16,1 млрд теңге.
24 Мамыр, 2024
Жөнсіз қарыздануды заңмен реттеу жолдары
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және қаржы нарығын реттеу туралы заңды қарады, сондай-ақ депутаттық сауалдарын жолдады.
24 Мамыр, 2024
Жайық өзенінің деңгейі Махамбет ауданында әлі көтеріліп жатыр. Бұл ауданда су айдыны 850 см болып белгіленген қауіпті шектен асып, ауылдарға оқтын-оқтын қауіп төндіріп тұр. Кеше сағат 12.00-де қауіпті шектен 170 сантиметрге ұлғайды.
24 Мамыр, 2024
Жылыжайдың дені – Түркістан облысында
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жылыжай шаруашылықтары иелерімен, жұмысшыларымен өзекті мәселелерді талқылады.
24 Мамыр, 2024
Автохтонды қазақ қалай депортацияланды?
1947 жылы 13 мамырда КСРО Министрлер Кеңесі Ресейдің Астрахан, Волгоград, Қазақстанның бұрынғы Орал, Гурьев облыстары аумағында Орталық мемлекеттік «Капустин яр» полигонын құру жөнінде шешім қабылдады. КСРО Министрлер кеңесінің 1951 жылы 21 желтоқсандағы №5263 қаулысына сәйкес полигон аумағын ұлғайту мақсатында Батыс Қазақстан облысындағы Орда ауданының 1 миллион 355 мың 692 гектар жері әскери полигон иелігіне беріледі.
24 Мамыр, 2024
Батыр мерейтойына арналған басқосу
Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде батырдың ғасырлық мерейтойына орай конференция өтті.
24 Мамыр, 2024
Жошы ұлысы: Тарихы мен тағылымы
Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуы елімізде кең ауқымда аталып өтіп жатыр. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен «Жошы ұлысы: тарихы, мұрасы және тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Алтын Орда, Жошы ұлысының тарихына қатысты зерттеулер арқау болды.
24 Мамыр, 2024
Абай облысында 5 жаңа су қоймасы салынады
Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысында жаңадан 5 су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде министр Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жаңа су қоймалары өңір қажеттілігі үшін 156 млн текше метрден астам су жинай алады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Мамыр, 2024
Енді несие алу кезінде биометриялық сәйкестендіруден өту міндеттеледі
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және қаржы нарығын реттеу туралы заңды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонгпен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Сингапурдың Премьер-министрі лауазымына тағайындалған Лоуренс Вонгты құттықтап, оның жаңа мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 Мамыр, 2024
Қазақстанда 57 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы сәуір метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдеріндегі ең жылы айлардың бірі ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы Дала жорығы-2024» бүгін аяқталып, жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Мамыр, 2024
«Сатып алудағы» сергелдең азая ма?
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі және құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажеттігі туралы биік мінберлерден жиі айтылып жүр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы, одан кейін Үкімет басшысы айтты. Негізінен сынға алды. Салада шамадан тыс бюрократия, созбаққа салынатын процедура көп, ашықтық пен нақтылық жоққа тән. Соны түзеу керек. Ал өткен аптада бірнеше айдан бері қаралып жатқан «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Өзгерген заң жобасы бойынша біраз ілкімді шараларға басымдық берілген. Түзетілген нұсқа Сенат қарауына жіберілді.
23 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында 2025 жылға дейін елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашу қажеттігін, соның ішінде техникалық бағыттағы жоғары оқу орнының екі филиалын еліміздің батыс өңірінде ашу туралы тапсырма берген еді. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ұлыбританиялық Heriot-Watt университетінің филиалын ашу жөнінде бастама көтеріліп, тиісті келісімдер жасалды.
23 Мамыр, 2024
Солтүстік Қазақстан облысында су басқан 3 898 үйдің 87 пайызының жағдайы сарапталып, бағаланды. Комиссияның шешімімен 508 үй қалпына келтірілмейді деп шешім қабылданды. Сонымен қатар 845 үйді жөндеу жұмыстары белгіленіп, сметасы жасалды. Осы аптаның аяғына дейін техникалық зерттеулер, сметалық есептер және бағалау құжаттары тұрғындардың қолына беріледі.
23 Мамыр, 2024
Дүниені бүлдіру оңай, бүтіндеу қиын
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында адам саудасы, ат спорты бағытындағы қазақы жылқы түрін сақтап қалу, экологиялық таза көлік түрлерінің қоғамдағы беделін арттыру, биржа саудасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті қолдау бойынша салықтық жеңілдіктер қарастыру, өзге де өзекті бірқатар заң жобасы талқыланып, тиісті шешімдері шығарылды.
23 Мамыр, 2024