Оқи отырыңыз
Биологиялық қауіпсіздікке бәріміз жауаптымыз
Ғылым саласы қаншама дертке дауа тапты. Сонда да аурудың жаңа түрлері пайда болып, адамзатты сарсаңға салып отыр. Әлемді әлекке түсірген вирустар біздің елді де айналып өткен жоқ. Адам мен жан-жануар инфекциясы да экономиканың дегбірін қашырды. Осы мәселемен табан тіресіп, ұзын арқан, кең тұсаудан аулақ болуға тырысқан вирусолог-вакцинолог, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Қайсар ТАБЫНОВ «Халықтың иммундық ахуалын білу, қадағалау өте маңызды. Содан кейін ғана ауқымды иммундық науқанды бастауға болады», деген еді. Ол әлемде алғаш рет ірі қара малда кездесетін бруцеллез жұқпалы ауруына қарсы екпе әзірлеген.
23 Қаңтар, 2024
Еліміздің бас басылымында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мазмұнды сұхбаты жарияланды. Сұхбатта еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдени-рухани саладағы жетістіктер айтылып, Қаңтар оқиғасына айқын баға берілді. Президенттік мерзім хақында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөніндегі пікір де ашық айтылды.
22 Қаңтар, 2024
Ақтоғай ауданында әлеуметтік дүкендердің саны артып келеді. Мұндағы міндет – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және төмен бағадағы азық-түлікті қолжетімді ету. Осы мақсатта жақында аудан орталығынан «Мөлдір әлем» дүкені ашылды.
22 Қаңтар, 2024
Жапония мемлекетінің «Шөп тамыры» жобасының шарапатын көрген отандық медициналық нысандар аз емес. Қайтарымсыз грантты еліміздің әр қиырындағы ауруханалар жылдар бойы алып жүр. Жоба аясындағы әріптестік Жамбыл жерінде де жалғасын тапты.
22 Қаңтар, 2024
Қызылжар өңірі ұзақ жыл бойы ұлттық өнерден, соның ішінде әсіресе айтыстан қағажу көріп келді. Қолдаушы, қорғаушы ішінара табылып жатса да, алқалаған орта, белсенді ұйымдастырушы болмаған соң өнердің оты маздамай, шоққа айналып жүрді. Айтыс жиі өтіп, басқа облыстардағы додаларға үнемі қатысып тұрмаған соң ақындар қожырап, үлкен өнерден қол үзіп кетті.
22 Қаңтар, 2024
Жазушы Зейнел-Ғаби Иманбаев есімін бүгінгі балалар біле қоймауы мүмкін, бірақ 60–80 жылдардағы «Балдырған» оқыған алдыңғы буын жақсы біледі. Оның ауыл өмірінен балаларға арнап жазған қысқа, көркем, тартымды әңгімелері журналдың әр нөмірі сайын шығып тұратын. Оларды жас қауым қызыға оқып, талдап, өзара әңгіме қылып айтып жүретін.
22 Қаңтар, 2024
«Ерекше толқыдым». Журналист анасын іздеген Эдди Жанның Дубайда неліктен жылағанын айтты
Белгілі журналист, «Қазақ радиосындағы» «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық қазақ, былтыр туған анасын іздеп атажұртына келген Жәнібек – Эдди Жанға (Мұрат Савельев) қатысты тың дерек айтты, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Қазақстанда робот сот орындаушысы жұмыс істей бастады
ҚР Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қаңтар, 2024
Жас ұрпақ «жалған батырлардың» жетегіне ілесіп кетуі мүмкін - Мемлекет басшысы
Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
22 Қаңтар, 2024
Канвон-2024: Хоккейшілер қарсыластарын ірі есеппен жеңді
Канвонда өтіп жатқан Жастар Олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан жас хоккейшілер қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
22 Қаңтар, 2024
«Қазақстанға келе қоймас, келсе де кіре алмайды»: СІМ ресми өкілі Тина Канделаки туралы
Ресейлік журналист Тина Канделаки өзінің Telegram-парақшасында Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын өзгерту шешіміне орай Қазақстанда орыс тілінің қолданылу аясы тым шектеліп жатқанын жазған еді. Ол «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі күмән тудырады деп жазды. Тина Канделакидің осы әрекетіне орай Қазақстанда қандай шара қолданылатынын Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Роскосмос түнгі Астананың фотосын жариялады
Ресейлік ғарышкер Олег Кононенко Халықаралық ғарыш станциясы терезесінен түнгі Астананың келбеті қалай көрінетінін көрсетті. Сурет Роскосмостың Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Ел тұрғындарын тағы да - 30 градус аяз күтіп тұр
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтар аралығында Қазақстан территориясында аязды ауа райы болатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
22 Қаңтар, 2024
Ойға алған шаруаның оңынан оңғарылып жатқаны қандай жақсы. Шұбар ауылында 300 оқушыға лайықталған жаңа білім ошағы есігін айқара ашып, ата-аналарды бір қуантып тастады.
22 Қаңтар, 2024
Астанада ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Ақтық сынға 1 мыңнан астам зияткер жолдама алған. Білім бәсекесі 25 қаңтарға дейін жалғасады.
22 Қаңтар, 2024
Мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылды
Қорадағы мал – ауыл халқының негізгі табыс көзі. Осыған орай мал ұрлығы ауылдық жердегі резонансты қылмыс түрлерінің бірі болып қалып отыр. Ол жалпы қылмыстардың 3 пайызын құраса да, қарапайым халыққа айтарлықтай зиянын тигізіп келеді.
22 Қаңтар, 2024
Құпиясыздандырылған 2 миллион құжат
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматыға жұмыс сапары аясында Президент архивінде баспасөз өкілдерімен кездесіп, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысымен танысты.
21 Қаңтар, 2024
Шымкентте өткен жылдың кейінгі 4 айында сотқа ажырасу жөнінде 1128 талап-арыз түссе, оның 304-і бойынша шешім шығарылған. Бұл жөнінде мегаполистің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Мырзахан Тиметов айтып берді.
21 Қаңтар, 2024
Ақмола облысы Аршалы ауданының Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің оқушылары өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын сатып, табыс тауып отыр. Оларды мұндай пайдалы еңбекке аталған мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін Алмагүл Бейсенбаева баулып келеді.
21 Қаңтар, 2024