Оқи отырыңыз
Елімізде күзгі қоғамдық-саяси науқан өте қызу басталды. Алдағы бір жыл Президент және Мәжіліс пен мәслихат сайлауы өтетін тартысты кезең болғалы тұр. Президент Жолдауында айтылған сан-салалы өзгерістерден жастар қауымы тыс қалмайтыны бізді қуанышқа бөлеп отыр.
09 Қыркүйек, 2022
Қазақта үлкен дау-жанжалдың бірі – жер дауы. Ырыздығын жерден еміп отырған ел бір сүйем жер үшін көршісімен керілдесуге бар. Шыны солай. Бір қызығы, гектар-гектар жерді иемденіп алып, не өзі, не өзге кәдеге жаратпай жатады. Мұны ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару керектігін айтқан. Айта сала Шығыс Қазақстанда жұмыс жүйелі түрде жолға қойылып, арнайы комиссия құрылған. Жақында Amanat партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының отырысы өтті.
08 Қыркүйек, 2022
«Малым – жанымның садағасы...» деп отырған ауылдың елі жаздың күні суға түсіп, жағалауда жайбарақат демала қоймайды. Ішінара болмаса. Тамыз туа шөп піссе, техникаларын сайлап алып, қысқы мал азығын әзірлеуге кірісер еді. Биылғы көктемде жауын-шашын аз түсті ме, Шығыс өңірінде шөп сұйық. Әркім бұта-қараған арасын, сай-саланы қол тартпамен қырнап шауып жүр.
08 Қыркүйек, 2022
Ажырасу азаймай тұр: «Неке және отбасы туралы» Заңда не өзгерді?
Бірнеше жылға созылған жаһандық індеттен кейін Алматыда қайтадан той-томалақ көбейе бастағанын байқауға болады. Дегенмен ресми деректер аймақта ажырасудың да азаймай тұрғанын көрсетіп отыр. Мегаполистегі тіркеу қызметі саласындағы жағдайға орай Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина ресми мәліметтермен таныстырған еді. Департамент өкілінің хабарлауынша, Алматы қаласының тұрғындары биыл жиірек шаңырақ құра бастаған.
08 Қыркүйек, 2022
Санамен саралап қарасаңыз, кез келген мамандықтың кемшілігі жоқ. Өзіңе және қоғамға пайдалы болса болғаны. Екатерина Глушкова – облыстағы әйелдер арасынан шыққан жалғыз электр монтері.
08 Қыркүйек, 2022
Жетістікке жетелейтін жетпіс жоба
Павлодар облысында жетпіске жуық инвестжоба жүзеге асырылуда. Биылғы алғашқы жеті айдың қорытындысы бойынша экономиканың негізгі салаларында өсудің оң динамикасы байқалады. Ауыл шаруашылығы – 2,5, құрылыс – 8, баспана құрылысы – 16,6, инвестиция тарту 7,5 пайызға өскен. Соңғы көрсеткіш бойынша облыс елімізде көш бастап келеді.
08 Қыркүйек, 2022
Көрмеге барсаң демаласың. Тіршілікке бей-жай қарауға бейілденген рухыңды бір сілкіп алып, мына ғазиз әлемге суретшінің жанарымен үңілгің келеді. Кабырғаға ілінген әр картинаның құпиясын ашқың келіп құныға қарайсың. Кенет ғажап бір әлем алдыңнан шығады. Суретші өмірдің әр сәтінен қуаныш көруге ұмтылады екен ғой. Қылқалам құдіреті кейде мұңның өзін шаттыққа айналдырып, санаңды сабыр нұрына малатыны бар... Ал кейде бәрі керісінше.
08 Қыркүйек, 2022
Құстардың қайтар мезгілі келді. Қоңыр күзде қоңыр әнге сала ұшады енді. Біз төбемізден құстар көшкенде қол бұлғаймыз. Қимаймыз. Құс – өмірдің еркіндігіне мұңая қызығамыз. Сонда бұл өмірде шарасыз адам ғана ма дейсің.
08 Қыркүйек, 2022
Кубок үшінші мәрте Қазақстанда
Ең алдымен Кремль кубогы мәртебесі бар халықаралық турнир жайында бірер сөз. Дүбірлі жарыстың атақ-даңқы спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс.
08 Қыркүйек, 2022
Осы аптаның соңында Сербияның астанасы Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионатының шымылдығы түрілетіні белгілі. Бұл бәсекелерде барлығы 30 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Бақ сынаушылар қатарында әр жылдары Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған саңлақтардың қатары қалың. Аталған жарыс қарсаңында біз оқырмандарды Біріккен күрес әлемінің (UWW) рейтингімен таныстыруды жөн көріп отырмыз.
08 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын білім беру саласының өкілі ретінде жылы қабылдадым. Өйткені Президент бұған дейінгі отандық педагогиканың дамуы мен білім сапасының артуына ықпал еткен тиімді шешімдерін осы жолы да нақты бағыттармен жалғастырды.
08 Қыркүйек, 2022
Іс-шара Алаш ардақтысына арналды
Биылғы жыл – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттың рухани көсемі» атты ұлы тұлғаның 150 жылдығына және 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай әдеби кеш өткізілді.
08 Қыркүйек, 2022
Туған ауылдың шетіне ымырт үйіріле іліккенбіз. Нағашы жұрттан қалған жалғыз шаңырақ Наурызбай ақсақалдың табалдырығынан аттадық.
08 Қыркүйек, 2022
Әскери есепке алу құжаттарының саны қысқарады
Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мақсатында қорғаныс ведомствосы шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктерден бас тартуды, сондай-ақ әскери қызмет өткермеген азаматтарға әскери билеттер беруді алып тастауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2022
Бас прокуратура кеден саласына тексеріс жүргізді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басында прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Қыркүйек, 2022
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында алапат өрт шығып, тамылжыған табиғаттың әсем жүзіне кіреуке түсті. Жалпы көлемі 104,5 гектар жерді өрт шалған, оның 89,7 гектары дала өрті болса, 14,8 гектары орман.
08 Қыркүйек, 2022
От тұтанса өз алдына, ал дәл сол сәтте ұйытқып соғар жел тұрса, жағдай қиындады дей беріңіз. Дәп осындай жағдай Қарағанды облысында ара-тұра байқалып тұр. Мәселен, күннің ыстықтығына жел қосылып, өңірде кешегі тәуліктің өзінде 17 табиғи өрт тіркелді.
08 Қыркүйек, 2022
Көктебеде от тұтатқан адам ұсталды
Алтыншы қыркүйек күні Алматыны үрейге бөлеген алапат өрт Көктөбенің етегінен басталып, талай жерді жайпап кеткенін ел біліп отыр. Оған қосарласа Кеңсай шатқалы да отқа оранып, көп ұзамай сөндірілген еді.
08 Қыркүйек, 2022
Ауыл оқушыларын автобус тасиды
Ауыл мектептеріне автобустар керек-ақ. Себебі өңірде мектебі жоқ елді мекендерден қатынап оқитын балалар бар. Осы мәселе Қарағанды облысында бірталай уақыттан бері айтылып келген еді. Енді міне, бұл проблема да шешімін тапқан сыңайлы.
08 Қыркүйек, 2022
Дімкәс сәбидің дүниетанымын кеңейтеді
Биылғы Балалар жылында балаларға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Әсіресе аутизм ауруына шалдыққан балалар және олардың отбасы мен түзелту орталығының өзара қарым-қатынасы да қоғамда кейінгі кездері нығая түскен. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Алтын Ұя Еркеле» орталығы сөзімізге дәлел бола алады.
08 Қыркүйек, 2022