Пікірлер .
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» дейді халық мақалы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үлкен ұлағат жатқанына шек келтірудің өзі күнә.
16 Ақпан, 2018
Шынын айтсақ, кейде біздің кейбір ағайындарымыздың бірқатар мәселелерге қатысты ойлау қабілеттеріне, көзқарастарына таңғалуға тура келеді. Осы біздің өмір туралы түсінігіміз қаншалықты дұрыс, ой-пайымдарымыз уақыттың қазіргі ағымымен қаншалықты үйлеседі деген күмәнді сауалдың ара-тұра болса да туындап жататыны да сірә, сондықтан болса керек.
31 Қаңтар, 2018
Ертеректе ел жаққа барғанымда бір жолдас жігіттің үйінде болғаным бар. Сонда әлгі жолдасым әңгіме арасында өзінің талай жыл қоңсы тұрып келе жатқан көршісіне деген ренішін айтты. Мәселе қалай болған дейсіздер ғой.
08 Желтоқсан, 2017
Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгімені көп айтамыз. Тіл безеп. Шешенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұрамыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз батырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..
16 Қараша, 2017
Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?
Бүгінде ұялы телефонды пайдаланбайтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?
19 Қазан, 2017
Балалы елдің бәрі бірдей базар ма?
Халқымыз «Балалы үй – базар» дейді. Ол баласы бар үйдің ойынға, у-шуға толы болатынын білдіреді. Ал қызыққа толы ойын, сыңғырлаған күлкі бар жерде – бақытты балалық шақ бар.
26 Қыркүйек, 2017
Баяғыда әннен де, өлеңнен де хабары жоқ біреу не құлаққа жағымды әуезі, не адам түсінетін сөзі жоқ бірдемелерді айтып жұрттың мазасын ала беріпті. Әбден мезі болған халық мынаның әләуләйі қашан таусылады өзі деп шыдамсыздық таныта бастаса керек. Сөйтсе, әлгі қасқа «Әләуләйім таусылса, хәләуләйім тағы бар» деп одан әрі жалғастырған екен. Алланың әмірімен «ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады» дейтін сол заман қайта айналып келді. Сенбейсіздер ме? Сенбесеңіздер мінеки, мысалыңыз.
25 Тамыз, 2017
Сонау 80-ші жылдардың басында, жасым әлі отызға да жете қоймаған кез, ауылымыздағы Ғалым есімді үлкен кісімен бірге көрші кеңшарға баратын болдық. Автомашина рөлінде жаңағы кісінің баласы. Оның да жасы менімен қатарлас, жолдас жігіт. Көлікке отырар шақта мен өз «мәртебемді» білгендіктен артқы орындыққа қарай ұмтыла берген болатынмын. Жаңағы кісінің қатқылдау шыққан үні мені кілт тоқтатты. «Алдына отыр! Сендердің болашақтарың әлі алда, шегіншектемей, ілгері қарай талпыныңдар. Біз сияқты шалдарға осы жер де жарайды», деп өзі автомобильдің артқы есігінен еніп, екінші қатардағы отырғышқа жайғасты. Өзін шалдардың қатарына қосып отырған кісінің жасы ол уақыттары әлі алпысқа да жете қоймаған болатын.
14 Тамыз, 2017
Бұрындары біреулердің қажырлылықпен тындырып тастаған бір ісін көргенде немесе көп алдында қасқайып тұрып айтып салған қара қылды қақ жаратындай батыл сөзін естігенде «Әй, азамат екен, нағыз жігіт екен!» деп жапа-тармағай ризашылық білдіріп, таңдай қағып таңқалғандай болып жатушы едік.
01 Тамыз, 2017
Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықыласына бөленіп, өзіндік сыр-сипатымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Тасыған сияқты журналистер жүргізіп келе жатқан ток-шоулар көпшілік көңілінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді талқылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған тақырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.
25 Шілде, 2017
Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фирма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кеткендіктен сіздің тапсырысыңызды уақытында орындай алмайтын болып отырмыз.
19 Шілде, 2017
Балаға гаджет қаншалықты қажет?..
Бүгінде телефонсыз, әсіресе, ішінде не керегіңнің бәрі бар смартфондар мен планшеттерсіз өмірді көзге елестетудің өзі қиынға айналып бара жатқан сияқты. Керек десеңіз, телефон қазіргі уақытта байланыс құралы ғана емес, сонымен бірге, жаңалықтарды жеткізетін ақпарат көзінің, тіпті уақыт өткізетін «ойыншықтың» да рөлін атқара бастады.
18 Қаңтар, 2017
Өткен Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өте орынды пікір айтты. Ол нендей пікір?
13 Қаңтар, 2017