Пікірлер .
Сарыағаштағы 7 жасар баланың оқиғасы ел арасына енді тарай бастағанда Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі оқиғаны жоққа шығаруға тырысқаны бәріне мәлім.
05 Маусым, 2018
Өзінің қателігін, я болмаса кемшілігін мойындамайтын адамдар болады. Жаны ашитын жақындары айтса да ешқандай сынды қабылдамай, өздерін керемет мықты санайды. Бәлкім, жұрт алдында мойындаудан ұялатын шығар, айтылған ойдың дұрыс екендігін іштей болса да түсінер деп үміттенесің. Өкінішке қарай, жылдар өтсе де баяғы жартас сол жартас болып қала береді.
27 Наурыз, 2018
Орынсыз мақтан – мәдениетсіздік көрінісі
Әлеуметтік желі – адамдарға бір-бірімен идея алмасуға мүмкіндік беретін тамаша құрал. Өкінішке қарай, кей замандастар бұл мүмкіндікті теріс пайдаланып, пендешілік мақсаттарын қуалап жүр.
14 Наурыз, 2018
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға қайшы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қойған еді. Бірер күн бұрын Әзербайжан да қосымшаға тыйым салған болатын. Қазақстандық қалтафон қолданушылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?
14 Ақпан, 2018
Үйлену мәселесі жаңа көзқарасты талап етеді
Қазақстанда неке қию саны азайып, ажырасу фактілері көбейіп, үйленудің орта жасы ұзарып келеді. Сенбейсіз бе? Дерекке сүйенейік. «АХАЖ Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің мәліметінше, 2013 жылы 167 411 неке қиылып, 51 305 жұптың заңды некесі бұзылған екен.
01 Ақпан, 2018
Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік
АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолюттік болуы тиіс пе деген тақырыпты талқыладық.
19 Қаңтар, 2018
Журналистер жаһандық білімге неге талпынбайды?
2013 жылдың 29 қарашасында Үкіметтің қаулысымен «Болашақ» бағдарламасына «Бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері» санаты енгізілген болатын. Бұл санат журналистерге маңызды жеңілдік берді. Бұдан былай «төртінші билік» өкілдері шетелдік оқу орнынан шақырту алмай-ақ «Болашақ» стипендиаты атана алады. Бар болғаны құжатын түгендеп, шет тілінің төмендетілген шектік балын алу қажет еді. Жетпей жатқан білімді мемлекет есебінен оқитын еліңізге барып, тілдік ортада емін-еркін толықтырып аласыз. Бұл мемлекеттің БАҚ саласын дамытуға басымдық беріп отырғандығын көрсетсе керек. Алайда осындай мүмкіндіктерге қарамастан, жас тілшілер ел көріп, жаңа білім алуға асығар емес.
08 Қаңтар, 2018
Атауларды дұрыс қысқартып жүрміз бе?
Бірнеше сөзден тұратын атаулар өмірімізде жиі кездеседі. Жазуға жеңіл, айтуға қолайлы болуы үшін әдетте біз ондай күрделі атауларды қысқартып қолданамыз. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымын БҰҰ дейміз. Өкінішке қарай, аббревиатура немесе акроним деп аталатын бұл қысқартылған сөздер әрдайым сәтті шыға бермейді. МҚІСҚА, ҚазҰАУ, ЕҚЫҰ, ЕАЭО секілді атауларды не айта алмайсың, не біреу айтса түсінбейсің. Мәселенің мәні неде? Салдары қандай? Ой-талқыға салайық.
27 Қараша, 2017
Журналистика факультеттерін жабу керек пе?
«Медиа Альянс» қоғамдық ұйымы құрылтайшыларының бірі Арман Шораев журналистерді әзірлейтін оқу орындарын қатаң сынға алып, ҚазҰУ-дан басқасының бәріндегі журналистика факультеттерін жабу керектігін айтты. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бұл тақырыптың қозғалғаны бүгін емес. БАҚ қызметкерлерін университет қабырғасында әзірлеудің қажеті қанша деген сұрақ бұрыннан қойылып келеді. Баспасөз саласында жұмыс істейтіндіктен, бұл мәселе бізді де бейжай қалдырмайды. Сол себепті осы тақырып төңірегінде ой өрбітуді жөн көрдік.
09 Қараша, 2017
Ағылшын тілін оқу алдындағы психологиялық дайындық
Ағылшын тілін меңгеру – мектеп жасынан өтіп, университетті бітіріп, бүгінде жұмыс істеп жүрген азаматтарға өте қиын шаруа. Біреудің қаражаты жеткіліксіз, біреудің уақыты аз, ал біреуде ерік-жігер жетіспейді. Отбасылы жандарға тіпті қиын. Алайда нарық заңы қатал, өз дегенін жасайды: тіл білсең сапалы білім аласың, өсесің, жалақың артады, үлкен мүмкіндіктер ашылады; білмесең бәсекеге қабілетсіз боласың да қаласың. Дегенмен, жоғарыда аталған түрлі қиындықтарға қарамастан, тіл үйренуге әлі де кеш емес. Бастысы – тіл оқуға психологиялық тұрғыда дайын болу.
29 Тамыз, 2017
Той кортежінде тікұшақпен ұшу – құндылық жүйесіндегі мәселе
2 тамыз күні интернет желісінде тікұшақ бастаған той кортежінің видеосы жарияланып, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Пікір білдірушілердің алдыңғы легі оқиғаны қатаң сынға ұшыратса, кейіннен бірнеше адам жастардың әрекетін жақтап шықты. Артынан сол кортеждің қатысушыларына әкімшілік жаза қолданғаны белгілі болды. Осы орайда, жастардың бұл ісі индивидтік қалыпқа әсер ете ме; жеке өмір мен қоғамдық талқының шекарасы қандай деген сауалдар алдыңғы орынға шықты.
11 Тамыз, 2017
Мамандықты тек грант үшін таңдау дұрыс па?
Жаз айлары біреу үшін демалыс болса, мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін уайымға толы кезең. Алдымен жыл бойы қорқа күткен ҰБТ-ға қатысады, одан кейін мамандық таңдап, құжат тапсырады, соңынан конкурс нәтижесін тағатсыздана күтеді. Бұл күндері аталған үш уайымның біреуі өте өзекті болып тұр – түлектер мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыруда. Осы орайда, қайтсем де грант иеленуім керек деп жүрген жастар өте көп. Бұлай ойлау дұрыс па, әлде қателік пе – осы жайлы ой қозғауды жөн көрдім.
17 Шілде, 2017