Пікірлер .
Әр халықтың өз бесік жыры болады. Сол бесік жыры – ұлттық болмысты қалыптастырудың алғашқы факторы. Баланың болмысы, табиғаты, таным-түсінігі, дүниені қабылдауы мен сезім-түйсігі бесік жырынан бастау алатынын аңғару қиын емес. Бесік жырында сол халықтың салт-санасы, тарихы мен тағдыры, арманы мен үміті тұрады. Дүниеде барлық ұлы музыкалық шығармалар, халық композиторларының туындылары, тіпті танымал әндер де бар адамзат баласына ортақ дүниеге айналып жатады. Қазақтың әнін біздің Димаш Құдайберген арқылы қырық халықтың ыңылдайтыны секілді, біз де дүние халықтарының әндерін айтып, тыңдап, көңіл бағында көктем құстарын сайратып жүреміз. Тек, бесік жыры ғана ортақ болмайды екен. Әр халықтың өзіне ғана тән бесік жыры бар, ол – сонікі, жалғыз сонікі.
17 Наурыз, 2022
Зау көкке мойнын созған зәулім үйлерге көз салғанда сан алуан күйді кешесіз. Біздің балалығымыз өткен бәкене бойлы бес қабатты сұр үйлерді сүріп өткендей, жадағай өмірді жарып шыққандай, жаңа заманның белгісіндей асқақ та сәнді үйлерге қарап тұрып, кеудеңді қуаныш кернесе, кейде көп терезелерден кезектесе жанып-өшіп жатқан шамдарға қарап, адамдардың қилы тағдыры жайлы ойға батасыз.
01 Қараша, 2021
Сүлеймен патшаның жүзігінде: «Бәрі де өтпелі. Бұл да өтеді» деген жазу болған екен дейді. Сүлейменнің жүзігін кім тағып көріпті, бірақ әрбір адам осы бір ойды, сезімді өз өмірінде әйтеуір бір кешіреді. Бұл – көңілдің күйі, адам өмірінің көңіл күйі ғой. Уақыттың көңіл күйі. Ұланғайыр даланың қайсыбір шоқысында отырып «Ахау, арман, дүние – жалған» деп аһ ұрған қазақтың, «дүние – бір қисық жол бұраңдаған» деп шерлене ыңылдаған қазақтың қай перзенті де осы күйді кешкен, кешіп те келеді, кеше де бермек.
06 Тамыз, 2021
Бұрыннан бар ма еді, әп-сәтте-ақ айтқан сөзіңді әлемге таратып жіберер әлеуметтік желі пайда болған соң қарға түскен көмірдей көп көрініп қала ма, бізде бірін-бірі айыптауға, кемшілігін көпке көрсетуге, кемістігін елдің алдында ашуға құмартып тұратын бір әдет пайда болды.
28 Шілде, 2021
Әл-Фарабидің айтуынша адам баласы жаратылысынан қабілетті болады, соның арқасында оның әрекеттері, жан аффектілері және ақыл-парасаты тиісінше жақсы болады немесе жақсы болмай шығады. Осыдан келіп адам не тамаша немесе оңбаған әрекеттерге барады. Мұны тудыратын күйді ғұлама мінез-құлық деп атайды. Мінез-құлықтың дұрыс немесе бұрыс қалыптасуы әдеттерге байланысты, қайталанған әдеттер мінезге айналады.
13 Шілде, 2021
Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын атап өттік. Жаһандық пандемия жағдайына тұспа-тұс келсе де, ел бар жерде ер есімі елеусіз қалған жоқ. Әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференциялар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды, газет-журналдарда фарабитанушылардан бастап, ғалымдар мен қаламгерлердің танымдық, зерттеу мақалалары жарық көрді. Көркем және деректі фильмдер түсірілді.
24 Ақпан, 2021
Достықтың дәргейінде кім бар, кім жоқ?!.
Жұмыстың жоғарғы жағында Жазушылар аллеясы бар. Аллея Абай көшесінің бойында жатыр. Ілияс, Сәкен, Бейімбеттің мүсіні тұр. Төңіректегі халық үшін демалуға, кросспен шұғылдануға таптырмас мекен. Біз де бір мезгіл барып тұрамыз. Ойлануға, ой қорытуға ыңғайлы. Әдеттегі кешкі серуенде велосипед тепкен бір балақаймен қақтығысып қала жаздадым. «Байқап жүр» деп әрі қарай кете бердім. Бір кезде әлгі балақайдың сол бір сәтте айтқан сөзі ойыма орала кетті. Құдайым-ау, не деп еді?! Есіме түсті: «Брат, былай тұр».
25 Қыркүйек, 2020
Уақыттар мен халықтар кеңістігіндегі әрбір ұлт пен ұлыстың тарихы секілді қазақтың да тұтас тарихы – диалогтар тарихы. Заман мен заман, дала мен адам, баба пен ұрпақ, хан мен қара, халық пен билік диалогы. Біздің тарихты бір жақты монолог ретінде қарауға болмайды, ол бірдің ғана сөзі емес, бірдің зары емес, бірдің шері емес, әрқашан бірі бірінен сөз сұраған, сөзге кезек сұраған, сөзге тоқтаған, дат айтқан, діл айта алмағанды тіл айтқан, тіл айта алмағанды қобыз бен домбыра айтқан, әйтеуір біртұтас сұхбатты, сырласуды, шерлесуді, ақылдасуды, кеңесуді ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылық ретінде қалыптастыра алған тарих.
17 Қыркүйек, 2020
Бәлкім, Эдгар Поның кейіпкері («Человек толпы») секілді ағылып өтіп жатқан адамдар нөпіріне құлықсыз я қызығушылықпен көз салып отыратын күй әрбір адамда болатын шығар. Болады ғой, адам болған соң. Қоғам көшесіндегі қым-қуыт қарбалас қай сәтте де назар аудартады. Кімді көресіз? Нені аңғарасыз?
14 Қыркүйек, 2020
Қазақтың жаны қайда демеңіз, қазақтың жаны – қара өлеңде. Әулие қара өлең, осынау байтақ жұрттың ары да, жаны да, зары да, бары да сенде емес пе?!. Басынан өткерген алағай да бұлағай тағдыры, жүрек кешірген жадағай дәуірлері, жаралы жылдар да, ақжайнақ заман да, жонарақасымен сезген жойқын дерті мен серті де сенде екен ғой, қасиетті қара өлең! Қастерлі жанын қара қылышқа сақтайтын баяғының батырлары секілді, халық та өз жанын сөзде, сөзді өлең кейпінде сақтайды екен.
03 Қыркүйек, 2020
Әр адамды өз дәуірінің бел баласы, баған көтерушісі, байрақ ұстаушысы дейміз, алайда ол сол заманның шеңберінде ғана қалу дегенді білдірмесе керек.
31 Наурыз, 2020
Уақыт – әр адам үшін әртүрлі өтеді ғой. Қаламгер уақыты – қат-қабат, қарбаласқан, дәуірлер мен замандарды сапырылыстыра, араластыра, кейде тарихи шегініс жасап, кейде алдағы ғасырларға ой күшімен қарғып өтіп жететін құбылыс секілді көрінеді. Сол аласұрған уақытпен арпалыса жазған қаламының ізіне күллі дүние ілесе көшіп жүргендей сезіледі. Сол қалам бір сәтке тоқтап қалса, бүкіл әлем тоқтап қалғандай әсер қалдырады. Ал мәңгілікке тоқтаса ше? Тоқтаған қалам – үзілген демнен де ауыр.
06 Қараша, 2019