Қазақстан • 13 Мамыр, 2019
Озық қолжетімді технологияларды енгізу. Бұл үдерістің астарында қандай сыр бар?
Біраз жыл бұрын журналистік сапармен Венада болғанымызда, қала шетіне таман, Альпі тауларының жатаған беткейіне орналасқан қонақүйге жайғастық. Қонақүйдің айналасы толған шағын коттедждер.
Қоғам • 13 Мамыр, 2019
Мемлекеттік тіл ғылым тіліне айналуы тиіс
Тіл – ұлтты танудың қайнар көзі, ұлттық дүниетанымның коды. Алайда, қазақ тілінің мемлекеттік ғылыми пәндер тізбесінен алынып тасталуы – ғалымдарды толғандырып отырған өзекті мәселе.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2019
Көрші елге экспортталатын өнім көбейіп келеді
Экспорттық әлеуеті артып келе жатқан салалардың ішінде еліміздің аграрлық секторын ерекше атап өтуге болады. Біріншіден, көлемі жағынан өсімдік пен мал өнімдері және дайын азық-түлік тауарларының үлесі жалпы экспорттың 5 пайызын құрайды. Екіншіден, 2018 жылы бұл саладағы экспорттың өсімі 27 пайызға көтерілді. Сөз жоқ, бұл жақсы көрсеткіш.
Әлем • 13 Мамыр, 2019
Венесуэладағы саяси дағдарыс өзінің шарықтау шегіне жетті. Президент Модуро мен оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо өздерін елдің шынайы басшысы деп атаудан жалығар емес. Модуро билікті сақтап қалуға барынша тырысып жатса, Гуайдо оны тартып алудың амалын жасап жатыр. Соғыста барлық әдістер орынды демекші, олар өз мақсатына жету үшін бәріне баруға даяр. Тіпті, Гуайдо жақында мемлекеттік төңкеріс жасауға да тырысып көрді. Тек екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің керімен бұл текетірестен халық қана зардап шегіп жатыр.
Әлем • 13 Мамыр, 2019
Байырғы америкалық «үндістер». Олардың түпкі тегі антропогенездік ғылымдар тоғысында
Осыдан он бес жылдай уақыт бұрын генетика, биология, химия және палеолингвистика ғылымдарының аражігінде адамзаттың антропогенездік түпкі тегі мен жаһандық миграциялық бағыттарының шебі мен шегін дәл анықтайтын ДНК-генеалогия сынды көкжиегі кең жаңа ғылымның негізі қаланды.