Спорт • 10 Маусым, 2019
Айбек Нұғымаров – екі дүркін «Қазақстан барысы»
Өткен сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдынында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен IХ «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Еңселі елордамыздың төрінде тоғызыншы рет ұйымдастырылған айтулы додада, еліміздің ең мықты деген 36 балуаны бақ сынады. Жалпы, биылғы жарысқа 37 балуан қатысуы керек болған. Алайда былтырғы «барыс» Ержан Шынкеев спорттық ғұмырын аяқтап, жолын жастарға беретінін мәлімдеген еді.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Жарқын болашақ үшін дауыс берілген тарихи күн
Еліміздің алдағы даму бағдарын айқындауда үлкен маңызға ие Президент сайлауы демократиялық үрдіске сай таза әрі әділ өтті. Осынау саяси науқанға сайлаушылар аса жауапкершілікпен қарап, бір кісідей өз таңдауларын жасады.
Әлем • 10 Маусым, 2019
Сауда соғысы тыңшылықты әшкере етуде
Әлемдік экономикаға үстемдік жүргізуге таласқан алпауыт елдер – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысында жекелеген компаниялар құрбандыққа шалына бастады. Бұл бір жағынан алып қарағанда, нарыққа тән құбылыс секілді болғанымен, қазір таяқтың бір басы осы елдердің ұлттық қауіпсіздігіне тіреліп тұр. Өз кезегінде, бұл шатақ АҚШ пен Қытайға ғана қатысты болғанымен, үшінші мемлекеттерде де қатысты ойланарлық мәселелер жоқ емес.
Әлем • 10 Маусым, 2019
АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияға барған сапарында «Брекситті» қатты қолдап, Англия Еуроодақтан шыққаннан кейін екі елдің арасындағы экономикалық қарым-қатынастың тереңдей түсетініне сенім білдірген.
Тарих • 10 Маусым, 2019
Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «А.Байтұрсынұлы ізімен: Орынбор кезеңі» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұйымдастырып, ұлы тұлға бас-аяғы 20 жылдай тұрған Орынбор шаһарына сапар шегу мүмкіндігі туды. Бағдарлама басталғаннан ойға алынған шаруа биыл сәуір айында университет ректоры Алма Досжанова ханымның қолдауымен жүзеге асты.