Руханият • 10 Маусым, 2019
«Малым мен жанымды алсаң да, рухымды алма, Алла» деп өтіпті бір атамыз. Ол батыр да, жайсаң да болмаған, ауылдағы қара шал ғана болыпты. «Осының айта беретіні қайдағы рух? Қалбаңдаған қалжасы қояндай бола тұра, рух деп үзіледі де тұрады, рух мұның қай жеріне сыйып тұр осы?» деп құрдастары қаузайтын көрінеді. Сонда құртақандай күйбеңдеген қара шал: «Е, рухың өлді дегенше – ұрығым өлді де. Үрім-бұтағым солды де. Рухсыз тірлік болып па? Елдің ел болып отыруы да рухтың арқасы емес пе!» дейді екен.
Руханият • 10 Маусым, 2019
Маусым ереуілі. Естелік эсседен үзінді
Сейсенбі, 19 маусым күні таңертеңгі тоғыздар шамасында мен «Мелодия» дүкенінің алдындағы балалардың ойын алаңына (қазіргі «Ramada Plaza Astana» қонақүйі тұрған жер) келдім. Жексенбі күнгі келісім бойынша, сейсенбідегі қарсылық шеруі осы жерден басталып, орталық алаңда жалғасуға тиіс еді. Мен келгенде балалардың ойын алаңында біршама адам жиналып қалыпты. Бара-бара адамдардың қарасы көбейіп, алаңға сыймай кетті. Бүгін қарсылық шеруіне шыққандар тек студент-жастар ғана емес еді. Алғашқы студенттер шеруінен бергі өткен төрт күн ішінде Қазақстан аумағында, қасиетті қазақ жерінде неміс автономиялық облысы ашылғалы жатқанынан хабардар болып үлгерген зауыт-фабрикалардың жұмысшылары, қарапайым қала тұрғындары көптеп шыққан екен. Орталарында кеуделері ордендер мен медальдарға толған абыройлы ақсақалдар мен ардақты аналар да баршылық.
Аймақтар • 10 Маусым, 2019
Механизатор мамандары тапшы ма?
Қаңтардан бастап-ақ дала жұмыстарына қамданатын Жетісай өңіріне жуырда жолымыз түскен-ді. Ақпанда егіліп, сәуірде жиналатын қырыққабаттың орнын қайта өңдеп, мақта, тағы басқа дақылдарды егетін диқандардың жұмысы қызу.
Әлем • 10 Маусым, 2019
Грузияның НАТО-ға мүше болу мүмкіндігі зор
Грузия мен Солтүстік атлантикалық келісім ұйымының (НАТО) байланысы жыл өткен сайын нығайып келе жатыр. Әйткенмен әлеуетті әскери-саяси одақтың құрамына осы елдің қосылу процесі тым созылып кетті. Бірақ қазіргі таңда екіжақты ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан іс-шаралар Грузияның альянсқа мүше болатын күнін жақындата түскендей.
Сайлау • 10 Маусым, 2019
Тәуелсіз байқаушыға ризашылығын білдірді
Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының бұрынғы президенті Степан Месичпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі.