Сұхбат • 06 Маусым, 2019
Түркі ынтымақтастығын дамытуға көрсетілген құрмет
Таяуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді. Осы тарихи оқиға Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлуның елімізге сапарымен тұспа-тұс келген болатын. Осы орайда біз Түркия мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың даму бағыты туралы білу үшін еліміздің Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал САПАРБЕКҰЛЫМЕН әңгімелескен едік.
Руханият • 06 Маусым, 2019
Заманауи өнер: түсініксіз мейнстрим
Заманауи өнерден түсетін табыс криптовалюта саудасынан да жоғары десек, сенер ме едіңіз? Әлбетте, бұған бірден илана қоюыңыз екіталай. Десе де мына бір қызықты қараңыз, былтыр Лондондағы Сотбис (Sotheby’s) аукционында арт өнердің саңлағы Бэнкси «Шар ұстаған қыз» жұмысын 1, 04 млн фунтқа немесе 1, 4 млн АҚШ долларына сатқан. Артынша ол қашықтықтан жойылып, бұл перформанс концептуалды туындының бағасын 50%-ға жоғарылатып, картинаның құны 2 млн фунтқа өскен деседі.
Қоғам • 06 Маусым, 2019
Бала өмірі қырағылықты қажет етеді
Жаз айларында балалардың жол апатына ұшырауы, суға кетуі, терезеден құлап мерт болуы, оған қоса астан улану жағдайлары жиілеп кетеді. Ішкі істер министрлігінің деректеріне қарағанда, былтыр 90 бала суға кетіп көз жұмған. Ал биылғы бес айдың өзінде 45 бала осы «тілсіз жаудың» кесірінен бақилық болыпты. Иә, үрейіңді ұшыратын бұл сандардың астарында баланың тағдырына деген жауапсыздық, немқұрайлылық және салғырттық жатқандай.
Сұхбат • 06 Маусым, 2019
Левон Джулфалакян: Қазақстанға келуге қашанда асығамыз
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен Болат Тұрлыхановтың кубогы жолындағы жарысқа бірқатар мемлекеттен атақты спортшылардың келгені жайында біз бұған дейін де жаздық. Солардың бірі – грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының жеңімпазы, әлем және Еуропа чемпионы Левон Джулфалакян. Бұл күндері Арменияның ұлттық құрамасын баптап жүрген әйгілі балуанмен айтулы жарыс барысында сұхбаттасудың сәті түсті.
Сайлау • 05 Маусым, 2019
Сайлауға дайындық пен өткізу барысы айтылды
Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ШЫҰ Байқаушылар миссиясының басшысы – ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норовпен кездесті. Кездесу барысында 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына әзірлік және оны өткізу барысы туралы айтылды.