Қоғам • 03 Мамыр, 2019
Бір жылда 80 миллион теңге табыс тапқан студенттер
Жер шарын мекен етіп жатқан адамдар саны 7 миллиардтан асты. Оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын дамыту қажет. Аталған саланы алға жылжытып отырған елдің экономикасы да сөзсіз ілгерілейді. Осы орайда студент-ғалымдардың табысты жобаларын сөз еткіміз келеді.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2019
Кремний зауытының құрылысы қашан басталады?
2016 жылы Екібастұзда «ANSA Silicon» ЖШС кремний зауытын салу жобасын бастаған-ды. Серіктестік таратқан ақпаратта кәсіпорын іске қосылған кезде 800 адам жұмыспен қамтылуға тиіс болатын. Үш кезең бойынша салынатын зауыт 2017 жылы іске қосылып, кәсіпорын жылына 35 мың техникалық кремний өндіреді делінген. Кезең-кезең бойынша жылдық қуаты 135 мың тоннаға дейін ұлғаяды, құйылған инвестиция көлемі 20 млрд долларды құрайды деген жоспар жасалған еді.
Президент • 03 Мамыр, 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шараға қатысты. Қаладағы Абай алаңына жиналған алматылықтар мерекені айрықша салтанатпен атап өтті.
Президент • 03 Мамыр, 2019
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Президент Талдықорған қаласындағы әлеуметтік қызмет көрсету нысандары мен өндіріс орындарын аралап, Қаратал ауданындағы «Ашық әкімдік» жобасымен және аудандағы көктемгі дала жұмыстары барысымен танысты.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада кең көлемде атап өтілген 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған шараға қатысты. Мамырдың алғашқы мамыражай күнінде Қазақ елі монументінің алаңына жиналған астаналықтар мен қала қонақтарының қарасы көп болды. Ұлттық мәдени орталықтардың қызылды-жасылды киінген өкілдері тойдың көрігін қыздырып, ән салып, би билеп бірліктің өнегелі үлгісін көрсете білді.