Қоғам • 19 Қаңтар, 2024
Дүкен иелерінің уәжі немесе мобильді аударымдарға қатысты кілтипан
Жаңа жыл басталғалы бері мобильді аударымдарға қатысты өзгерістер такси жүргізушілерін ғана емес, үйдің айналасындағы дүкен иелерін де уайымға салып отыр. Біз бұған дейін үкіметтің салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты нақты қадамдары жеке кәсіп иелерін қынжылтып отырғаны туралы мәселе көтергенбіз. Дегенмен үй жанындағы дүкен иелерінің уәжі мен талабы нендей?
Ауыл • 19 Қаңтар, 2024
Аласапыран жылдары шекара шебіндегі ел үдере көшкенде ішкі жақтағы ауылдардың да шеті сетіней бастаған. Қайта картадан өшіп кетпей, негізін сақтай алды. Ақсу, Барлық, Коробиха секілді ауылдар күре жолдан жырақтау, тау қуысындағы бытыса біткен тайганың жықпыл-жықпылында жатқанымен, қопарыла көшпеген. Әйтпегенде, Алтайдың бір пұшпағы жетімнің күйін кешер ме еді? Біз осылай көр қуыстағы көрікті мекен – Коробиха ауылына жол тартып бара жатпас па едік...
Пікір • 19 Қаңтар, 2024
Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған реформа
Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Жолдауында ауқымды конституциялық реформа жүргізуге бастама жасай отырып, елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын жариялады. Конституциялық реформаның мәні «суперпрезиденттік» басқару формасынан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты бойынша құрылған мемлекетке ауысу, сондай-ақ Парламент пен мәслихаттардың ықпалын күшейту болды. Ал жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейтінін атап өтті.
Егемен Қазақстан • 19 Қаңтар, 2024
Озық ойлы ұлт: мәні мен міндеті
«Істің нәтижесі оның қалай аяқталғанынан емес, қалай басталғанынан білінеді» деп дана Абай тұжырымдағандай, жаңа 2024 жыл ел газеті – «Egemen Qazaqstan» үшін айрықша мәні бар оқиғамен, нақтырақ айтқанда, жарияланыммен басталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев газетімізге арнайы сұхбат беріп, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ішкі және сыртқы саясат, Қаңтар қасіреті, одан кейінгі күрделі саяси реформалар, тұрмыстық зорлық-зомбылық сынды ел өміріндегі елеулі мәселелер жайында кеңінен әңгіме қозғады. Озық ойлы ұлт ретінде тек алға қарауымыз керек екенін атап өткен Мемлекет басшысы еліміздің келешегіне қатысты да терең мәнді толғамдарын жеткізді. Осыған орай «Egemen Qazaqstan» газеті сұхбатта көтерілген өзекті мәселелерді талқылауға арналған «Озық ойлы ұлт: мәні мен міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Басқосуға «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл, философия ғылымдарының докторы, профессор Төлеуғали Бөрібаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, композитор Жанғали Жүзбай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ақын Оңайгүл Тұржан, Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов, ҚМДБ «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы Жұманазар Садырханов қатысып, тақырып төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Экономика • 19 Қаңтар, 2024
Көрші ықпалындағы көлік нарығы
Біздің автонарығымыз да, автоәуесқойларымыз да Қытай автокөліктеріне бірден ықылас таныта қоймады, тіпті географиялық жақындығымыз да сұранысты арттыруға әсер ете алмады. 2020-2021 жылдары ішкі нарықта көлік тапшылығы байқалды. LADA, Renault, Nissan сияқты бағасы қолжетімді көлік түрлері азайып кетті. Санкцияның салқыны тиген Ресейдегі зауыттар оларды шығаруды ішінара тоқтатты. Бұрын Ресейде құрастырылып келген Батыс көліктерін жеткізетін логистикалық тізбектер бұзылды.