Ғылым • 19 Қаңтар, 2024
Қарағандыдан шыққан жас ғалымдар паркинсон ауруына шипа болатын дәрі-дәрмек жасап шығарды.
Энергетика • 19 Қаңтар, 2024
Астанада биыл қыс тым кеш түсті. Өзге өңірлерде де қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай, тіпті қаңтардың кей күндері жылы болғанына қуанатындар бар. Шын мәнінде, бұл – ғаламдық жылынудың белгісі. Әлемді алаңдатқан мәселені шешу үшін көп ел ауаға бөлінетін көмірқышқыл газын электр қуатымен жүретін көліктер мен жылыту жүйелеріне көшу арқылы азайтуға тырысып жатыр. Біздің еліміз де сол қатарға қосылуға ниетті. Бірақ электр энергиясы шексіз емес, оның да сарқылатын сәті болады. Соның алдын алу мақсатында елімізде атом электр стансасын салу ұсынылды. Салу-салмауды алдағы референдумда халық шешеді. Ал біз бұл мәселеге ғылым тұрғысынан үңіліп көрдік.
Тарих • 19 Қаңтар, 2024
1911 жылы 16 наурызда қазақ жерінде, ұлт зиялыларының өз күшімен ашқан тұңғыш басылымы – «Қазақстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Сол жылдың басында Троицк қаласында шыққан «Айқап» журналынан кейін іле-шала көрінген «Қазақстан» алғашқы нөмірінен-ақ ұлттың жоғын жоқтады.
Сұхбат • 19 Қаңтар, 2024
Алмас Ахметбек: Көк ту – азаттық рухы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жырын жүрегіне құндақтап, алып ұшып елге жеткен ақын Алмас Ахметбек қазақ руханиятының көгінде «Көк тудың желбірегені» әні арқылы патриоттық төңкеріс жасады. Қазақтың ішкі табиғатымен үндесіп, алпыс екі тамырын бұлқындырып жіберген саф дүниені ел жылы қабылдады, жүректерден орын алды. Кейіпкерімізбен арадағы әңгімеде Көк туымызбен алғаш кездескен кездегі көңіл күйінен бастап бүгінге дейінгі өзгерістерді еске алдық.
Айбын • 19 Қаңтар, 2024
Қарулы күштерде тәрбие жұмысы органдарының тарихы 1993 жылғы 19 қаңтардан бастау алады. Сол күні Президент Жарлығымен командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылған болатын.