Туризм • 18 Қаңтар, 2024
Тараз қалалық Ардагерлер кеңесінің жоспарына сәйкес былтырғы жылдың аяғына таман 50 ардагер Самарқан қаласына саяхат жасап қайттық.
Ғылым • 18 Қаңтар, 2024
Қ.Сәтбаев университетінің жас ғалымы Есбол Шаймардан қауіпті экотоксикант – полихлорбифенилді тиімді залалсыздандыруға арналған катализатор әзірледі.
Оқиға • 18 Қаңтар, 2024
Өз заманында әділдігімен аты шыққан, турашылдығымен талайға көмегі тиген Әділ Сұлтанбекұлы туралы кейінгі жастардың көбі біле бермейді. Көбі дейміз-ау, оның есімін тек алдыңғы буын өкілдерінен естігені болмаса, кейінгі жастар қайдан білсін? Аты аңызға айналған адамның есімін жаңғыртып, әділдігі мен адалдығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында біраз ізденіп көрдік.
Тағзым • 18 Қаңтар, 2024
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде әннің алар орны ерекше. Ғасырларды аттап, байтақ даламыздың төрт бұрышына тегіс таралып, «бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғанына» қарамастан, белгілі авторлардың есімдері уақытпен бірге көмескі тартып, соңында қалған бай мұра халық қазынасына айнала береді. Әлдеқандай себеппен авторы ұмыт болып, иесінен ажырап қалған әндерді ырғағына, құрылымына, қолтаңбасына қарай анықтап, шығарманы шырғалаңнан құтқарып, ғылыми айналымға енгізгендердің басында ұлы Ахмет Жұбанов тұр. Сонымен бірге өткен ғасырлардағы көрнекті әншілер мен композиторлардың музыкалық мұрасын зерттеушілердің арасында Ахмет Қуанұлының талантты шәкірттерінің бірі, өнертану ғылымдарының кандидаты Зейнұр Қоспақовтың да есімі бәрінен гөрі биігірек аталады.
Өнер • 18 Қаңтар, 2024
Жыл басынан бері әлемдік театр қауымдастығы біртуар хореограф Ролан Петидің 100 жылдығын тойлауды бастап кетті. Атаулы мерейтойға орай әлемнің барлық театры өз сахналарында классиктің қойылымдарын ұсынуда. «Астана Опера» театры да бұл мәдени оқиғадан қалыс қалмай, 18-19 қаңтарда Ролан Петидің хореографиясындағы француз композиторы Л.Делибтің «Коппелия» комедиялық балетін қойып, ұлы тұлғаның есіміне құрмет көрсетеді.