Ауыл • 18 Қаңтар, 2024
«Қаладан – ауылға!» Батыс Қазақстан облысында бірегей жоба басталды
Қабілетті жастарға қай кезде де сұраныс жоғары. Мұны Мемлекет басшысы бас басылымға берген сұхбатында да ерекше атап өтті. Қазір әлемнің жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатқанын айтқан Президент: «Жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Жұмысты ұйымдастырудың және басқарудың әдіс-тәсілдері қайта қаралуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түседі», деді. Ал біз ауыл-аймақтағы дарынды жастарға қаншалықты көңіл бөліп жүрміз?
Энергетика • 18 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында атом электр стансасы мәселесі де көтерілген еді. Осы орайда бұл тақырыпты одан әрі қаузамақ ниетпен Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықта болып қайтқанбыз. Сол сапарымызда қаладан 75-80 шақырым қашықта орналасқан «Байкал-1» реактор кешеніне барып, өз көзімізбен көрудің сәті түскен еді.
Әлем • 18 Қаңтар, 2024
Ресей мұнайы және санкция салқыны
Ресей мұнайы төмпештеген сайын төбеге ұмтылатын доп секілді. Санкция салынған сайын еңсесі көтеріле түскендей. Әрине, баяғы еуропалық тұтынушылардың қарасы күрт сиреді. Оның есесіне Азияның өзінен-ақ алпауыт импорттаушылар табылып отыр. Әрі-беріден соң Азияға жатпайтын кейбір елдердің өзі арзан орыс мұнайын сатып алғанды қолай көреді. Санкт-Петербург тауар-шикізат биржасының мәліметтері бойынша ресейлік мұнай бағасын бақылау нәтижелеріне сүйене отырып, орыс «қарамайына» шекті баға түріндегі санкциялар 2023 жылдың қарашасына дейін тиімсіз болды деп тұжыруға болады.
Форум • 18 Қаңтар, 2024
Давос форумы: Жаһан экономикасы еңсе тіктей ме?
XX ғасырдың 70-жылдары неміс экономисі Клаус Шваб негізін қалаған Дүниежүзілік экономикалық форум осы аптада кезекті жұмысын бастады. Форум жаһандық проблемалардың шешімін табу мақсатында мемлекет пен жеке сектордың күш біріктіруін мақсат тұтады. Форум ұдайы Давоста өтіп келеді және осы жолы да дәстүрінен айныған жоқ. Биыл жетекші саясаткер, ғалым, экономист, сарапшы мамандар жасанды интеллект, әскери қақтығыс пен соғыс, климаттың өзгеруі және жұмыссыздық проблемаларын талқылайды.
Құрылыс • 18 Қаңтар, 2024
Құрылыс заңсыз, компания қамсыз
Қарағандыда қалаған жеріне құрылыс салатындар қайдан шықты? Заңсыз салынған бірнеше дайын үй дауға қалып отыр. Өткен жылы тұрғын үй салудан көш басындамыз деп, бөркімізді аспанға атқан едік. Алайда құжаты жоқ әлгі үйлерге ақша салып қойған ағайынның көңілі алаң.