Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Кеніштегі апат: Автобус табылуға жақын
Екі құтқарушымен бірге жер астына түсіп кеткен автобус әне-міне табылып қалады дегелі екі аптадай уақыт өтті. Арнайы техникалар жол салып, құтқарушылар қолдарынан келгеннің бәрін істеп жатыр. Геологиялық сканер анықтап берген жерді қазып жатқан экскаватор әзірге құтқарушыларға тиесілі бірнеше затты ғана алып шықты.
Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024
Қысқы жолдың бойында жазатайым оқиға көп. Түтеген ақ боранның, сақылдаған сары аяздың, қаңтарда жауған жауынның әсерінен пайда болған көктайғақтың салдарынан жолаушылар өміріне қауіп төндіретін оқыс оқиға жиілеген. Бір-біріне соғылып, қаусаған техника өз алдына, жол үстінде ажал құшқандар да аз емес. Апат сыры неде?
Тәрбие • 17 Қаңтар, 2024
Көптен ат ізін салмаған ауылға, түп нағашымызға барғанбыз. Біраздан көріспегендіктен бе, құшағын жайып қарсы алып, қуанып қалды. Жаман тұмаудан кейін жүздесу сиреп кетті ғой. Қала тұрмақ ауылда да дидарласа бермейді. Әдейі іздеп келген жиендерін қауқылдай қарсы алған нағашымыз шаруа жайын ыңғайлап бола бере асқа қараңдар деген мезірет білдірді.
Өнер • 17 Қаңтар, 2024
Халық әні ешқашан ескірмейді, қайта заман жаңарған сайын алтындай құны арта бермек. Сағынсаңыз, Жетісуға келіңіз! Жүректі елжіретер, жан толқытар әуендер қарсы алады. Оған дәлел – Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның «Әнмен атқан таңдар-ай» атты концерті. Бұл кеш дәстүрлі әндердің тамырына қан жүгіртіп, қарашаның қиялына қанат бітірді.
Инвестиция • 17 Қаңтар, 2024
Инвесторлар дауын реттеу тәртібі
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста елімізге инвестиция тартуға арналған ахуалды одан әрі жақсартуға бағытталған заңдарды талқылады.