Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Петропавл қаласындағы 2-ЖЭО-ның 2022 жылдың наурыз айында ортан белінен опырылып түскен мұржасының жыры әлі де жалғасып келеді. Дәл Наурыз мерекесінің қарсаңында құлаған мұржа қала жұртшылығын ғана емес, барша ел халқын дүр сілкіндірді десек, артық айтқандығымыз емес. Құлаған кірпіш пен цемент кесектері қазандық цехын басып қалып, үйіндінің астында машинист-байқаушы болып істеген әйел адам қаза болды. Бұл уақытта Солтүстікте әлі жылыту маусымы аяқталмаған, өңір әлі де қыс ызғарының құрсауында еді. Сондықтан үйлерімізге жылу жетпей қала ма деген қалалықтардың қорқынышын да түсінуге болады.
Үкімет • 15 Қаңтар, 2024
Балалар басылымы: Кешенді бағдарлама әзірленбек
Балалар басылымының балаларға қолжетімді болуын қадағалап, стратегиялық жоспар құрып, осы саладағы өзекті мәселелерге ден қойған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыдағы «Достық» үйінде «Қазақстан балалары және шығармашыл интеллигенция» атты сала өкілдерімен кездесу өткізді. Балалар тақырыбындағы өзекті жиынға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев та арнайы қатысты. Қос министр елдегі балалар басылымдарына қатысты мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.
Құқық • 15 Қаңтар, 2024
Еліміз ауқымды демократиялық реформалар жүргізіп, халықаралық міндеттемелеріне сәйкес адам құқын қорғайды. Демократияны дамыту, адам құқын қорғау және заң үстемдігін нығайту мақсатында қажетті заңнамалық жағдай жасалды.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Қоғам және әділеттілік қағидаты
Қазақстанның Азаматтық альянсы кеңсесінде Мемлекет басшысының сұхбатын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысушылар Президент сұхбатының негізгі тұстарын талдап, онда қозғалған маңызды тақырыптар бойынша ой-пікірін білдірді.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Жошы ұлысы – мемлекеттілігіміздің негізі
Өткен апта соңында елорда төрінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының ұйытқы болуымен «Жошы ұлысы тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл Жошы ұлысының 800 жылдығы іс-шараларын талдап-таразылауға арналып отыр. Оған танымал тарихшы, шығыстанушы, археолог, қоғамтанушы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.