Спорт • 15 Қаңтар, 2024
Жакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Никита Чирюкин алтын медаль жеңіп алды.
Таным • 14 Қаңтар, 2024
Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы алуан түрлі танымдық ой – жұмбақтармен өрнектелген.
Тұлға • 14 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта «Egemen Qazaqstan» газетінің 3 қаңтар күнгі санына жарияланған сұхбатында: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады», дей отырып, еліміз тарихында тағылымы зор тұлғалардың өмірі мен өнегесін насихаттау ісі тиісті деңгейде атқарылуы қажеттігін ескерткен еді.
Өнер • 14 Қаңтар, 2024
Талант арнасы тасқындап тұрса да, тірліктен тұрлау таппай, өз отына өртеніп өткен дарындар аз ба? Ғазиз ғұмырын бағыштаған шығармашылық тұлғамен бірге тұншығып кетсе, өкініш сол. Кенеп бетіне жан сырын жайып салған мың сан суретшінің ішінде Әбілхан Қастеевтің есімі неге ерек аталады? Халқымыздан шыққан тұңғыш суретшілердің бірі болғаны үшін бе? Жоқ. Қастеевтің тұлғасын шырқау биікке көтерген – кенептегі кесек мінез... Ол жазылмаған дала заңын бойына сіңіріп, көшпелілер мәдениетімен өсіп жетілді.
Саясат • 14 Қаңтар, 2024
Тілді дамытудың жаңа міндеттері
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен кездесті. Кездесу барысында саладағы бірқатар өзекті мәселе, оның ішінде отандық ғылымды дамыту, жоғары білім сапасын көтеру, сондай-ақ еліміздегі тіл саясатын дамыту мәселелері талқыланды.