Тарих • 08 Қаңтар, 2024
Мемлекеттілік тарихын зерделеген
Шынайы тарихшы болу дегеніміз елжанды, нағыз патриот деген ұғымды білдіреді. Өйткені патриот тарихшы ғана халқының, мемлекетінің ғасырлар қатпарында қалған белгілі және белгісіз тағдыр-талайын, тарихы мен тағылымын, күрес жолдарын терең зерттеп, болашаққа шыншыл тарихи мұра қалдыра алады. Тарихы ғасырларға терең бойламайтын елді ешкім де санатқа қоспайтыны бесенеден белгілі. Олай болса, бесігімізді қалай түзесек, тарихымызды да солай түзегеніміз жөн. Шынтуайтына келгенде, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Берекет Кәрібаевтың білікті тарихшыға айналып, ел құрметіне бөленуі де оның отаншылдығының, мемлекет тарихын бұлтартпас дерек-дәйектермен дәлелдеп, Қазақ хандығы ұлттық мемлекетіміздің негізі екенін айқындаған терең білімдарлығынан болса керек.
Әдебиет • 08 Қаңтар, 2024
Адамға бергісіз және адам сенгісіз
Қазақ кейде әлекке түсті дегенді «ит болды» деп айта салады. Әбден әлектенгенді «ит сілікпесі шықты» деуі мүмкін. Қазақтың осы «ит болдысын», итке қатысты адамға қарата айтатын кейбір тұрақты тіркестерін әртүрлі қырынан дәлелдеп жазған екі шығарманың бірі Михаил Булгаковтың «Ит жүрегі» болса, бірі Нодар Думбадзенің «Ит» шығармасы.
Поэзия • 08 Қаңтар, 2024
Алып адам даңқын арқалап туады. Ғасырлар қойнауын мүйісіне тартқан алыптар тобы Жер шарын мүйізімен көтеріп тұрған ерен өгіздер іспетті. Олар өздерімен бірге ұсақ рухани балаларын жаратады. Шекспир, Мильтон, Фирдоуси, Байрон, Гете...
Мәселе • 08 Қаңтар, 2024
«Қорғансыздың күнін» кешкен Бектауата
Бектауатаның берекесін қашырғалы қашан? Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Қарағанды – Балқаш» күрежолының құрылысына таудың тасын тасып, жұрттың ашуына бір тиген еді. Енді сол тауды тегістейміз деген ниетпен жарылыс жасап, ел ашуына екі тиіп отыр.
Экология • 08 Қаңтар, 2024
Аралды құтқарудың бүгінгі амалы
2024 жылдан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақ еліне өтті. Алдағы үш жыл бойы еліміз аталған ұйымды басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды.