Шаруашылық • 09 Қаңтар, 2024
Егін шаруашылығының ертеңі алаңдатады
Өңір диқандары үшін өткен жыл оңай болған жоқ. Тамызда басталған жауын-шашын қыркүйек, қазан, қарашаға ұласып, соңы желтоқсанға дейін жетті. Соған қарамастан, техникасы қуатты ірі шаруашылықтар өнімін түгел жинап алды. Ал шағын шаруалардың еңбегі еш кетті десе болады: бидайының біразы қар астында қалды, біразы өтпеген соң, тау болып үйілген қалпы қызып, шіріп кетті.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2024
«Жаз қамданған қыста қапы қалмайды» деген тәмсілді берік ұстанатын жол қызметкерлері жылдың беймаза айларына биыл да дәстүрлі дайындық жұмыстарымен келді. Биылғы қыс жанға жайлы жылымық болар деп үміттенсек те, табиғаттың «тосын сыйлары» талай жұртты біршама әбігерге салғаны анық...
Кәсіпкер • 09 Қаңтар, 2024
Қызылорда қаласының іргесінен орын тепкен Бесарық – жұрты жаңалық пен жақсылыққа жұмылған ауыл. Бүгінде Сырдария ауданына қарасты бұл ауылдағы әр шаңырақ мал ұстап, облыс орталығын етпен қамтамасыз етіп отыр. Жыл тоғысында осы берекелі Бесарықта бөдене фермасы ашылды.
Инфографика • 09 Қаңтар, 2024
БЖЗҚ салымшылары 2023 жылдың 11 айында таза 1,2 трлн теңге инвестициялық кіріс алған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 468,54 млрд теңгеге немесе 60,3 пайызға артық. Ал Ұлттық банк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері – 8,11 пайыз.
Еңбек • 09 Қаңтар, 2024
Өзін жұмыспен қамтығандар не істемек?
Жаңа жылдан бастап республикамызда бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) қолданысын тоқтатты. Бұл мезетте бес жыл бойы осы салық түрін ұқыпты төлеп келген адал азаматтар өздерін орта жолда қалғандай сезініп отырғаны шындық. Салыстырмалы түрде аз төлем өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға медициналық көмек, әлеуметтік сақтандыру алуға мүмкіндік беріп, келешекте зейнетақы төлемдерінен үміттендірген еді.