Сенат • 29 Желтоқсан, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жылды қорытындылаған отырысы өтті. Жиын барысында Қостанай облысынан сайланған Сенаттың жаңа депутаты Бибігүл Аққожина ант беріп, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің құрамына сайланды.
Саясат • 29 Желтоқсан, 2023
Әлихан Смайылов: Экономика өсіп, инфляция төмендеп келеді
Премьер-министр Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына 2023 жылғы ішкі жалпы өнім және инфляция бойынша болжамды көрсеткіштер мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі тапсырмаларының орындалуы туралы кең ауқымды сұхбат берді. Премьер-министрдің айтуынша, отандық экономика күрделі сыртқы жағдайларға бейімделді.
Сараптама • 29 Желтоқсан, 2023
Экономикадағы қандай өзгеріс есте қалды?
Сонымен ресми жыл да аяқталды. Төккен тер, жеткен жетістік, кездескен қиындық, секем көңіл – бәрі бар. Дағдарыс салқыны әлі тарқамағанына қарамастан биыл отандық экономиканың өсімі 4 пайыздан асты. Ішкі жалпы өнім көлемі 4,9 пайыз болды. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көлемі 11,5 мың доллардан 13,3 мың долларға дейін өсті. Инфляцияның баяулағаны да айта жүретін жетістік. Сондай-ақ осы жылы ел экономикасына шетелдік инвестиция тарту ісі де қарқынды жүрді.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Әлеуметтік орнықтылық, сапалы тұрмыс баспанамен байланыстырылатын басты қағидалар екені әркімге аян. Яғни елдегі тұрғын үймен қамту деңгейі халықтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Бұл тұста кез келген мемлекет өз азаматтарының игілігін қамтамасыз ететін тиімді тетіктерді іске қосады. Бүгінгі таңда елімізде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін кешенді іс-шаралар қолға алынған.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Ауыр жұмыстағыларға арнайы әлеуметтік төлем
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында: «Менің тапсырмаммен Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірледі. Бұл бұрыннан талқыланып жүрген мәселе болатын, енді шешімі табылды. Оның мынадай өлшемдері бар. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын», деді.