Спорт • 29 Желтоқсан, 2023
Спорт саласында 2023 жылды дауыл алдындағы тыныштық деп атасақ, дөп келетіндей. Өйткені келер жылы төрт жылдықтың басты додасы – Олимпия ойындары өтеді. Биыл спортшыларымыз лицензия үлестіретін бірнеше әлем чемпионаты мен Азия ойындарында бақ сынады.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
2023 жыл еліміз үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Әсіресе өнер адамдарына айрықша қолдау көрсетілді. «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі» деген атақтар қайта жаңғырып, ел руханиятының мерейін асырып жүрген тұлғаларға берілді. Жаңа жыл қарсаңында сол атаққа ие болған азаматтардың үшеуіне хабарласып, өткен жыл мен Жаңа жылға байланысты ой-пікірлерін білген едік.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Ғылым-білім орталықтарын трансформациялау
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығын (ҰАҒБО) тігінен интеграцияланған агротехнологиялық хаб етіп қайта құруды міндеттеген еді. Осы уақыт ішінде ғылыми институттар мен қолданбалы ұйымдар арасындағы тікелей коммуникацияларды олардың әзірлемелерін кейін коммерцияландыра отырып, айналымға тезірек және сәтті енгізу үшін қамтамасыз етуге бағытталған трансформацияның түрлі нұсқасы қарастырылды.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен CNPC компаниясының президенті Хоу Цицзюнь (ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар аясында мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Кездесу бейнеконференция форматында өтті.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2023
Биыл еліміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жемісін көрді деп айтуға толық негіз бар. Наурызда Парламент сайлауы өтті. Мәжіліске алты партия өтіп, бірмандатты округтерден депутаттар сайланды.