Сұхбат • 22 Желтоқсан, 2023
KEGOC өзінің барлық өндірістік міндеттерін орындайтын болады
Желтоқсан айының үшінші жексенбісі Қазақстанда Энергетик күні ретінде аталып өтіледі. Биылғы кәсіби мерекелер күнтізбесі осы бір соңғы мейрамдармен жабылғалы да тұр. Бұл – мерекені де ұмытпай, бір жылғы қызметті де саралайтын уақыт. Биылғы жыл «KEGOC» АҚ ұжымы үшін қандай сәттерімен есте қалғандығы туралы Басқарма төрағасы Нәби Айтжановтан сұрап білген едік.
Құқық • 22 Желтоқсан, 2023
Қазір Парламент Мәжілісінде «Тұтынушының құқығын қорғау туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасы бизнестің жауапкершілігін арттыру және тұтынушының құқын қорғаудың тиімділігін жетілдіруді көздейді. Сонымен бірге бұл іске үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын арттыру мақсатын алға қойған. Заң жобасы Мемлекет басшысының тұтынушылардың мүддесін қорғау туралы берілген тапсырмасының негізінде әзірленген.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
Тереңнен тамыр тартқан түбі бір Түркі әлемі үшін биыл айрықша оқиғаларға толы болды. Бауырлас елдердің бірнешеуінде қатарынан бір ғасырлық мерейтойлар аталып өтіп жатыр. Атап айтсақ, Түркия Республикасының құрылғанына, Әзербайжан халқының Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен көрнекті қазақ жазушысы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толып отыр.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2023
Ақтоғай ауданындағы ауыл мектептерінің оқушылары қыстың суығында тоңып отыр. Білім ұйымдарына көмір жеткізуді міндеттенген мердігер компания отын қорын жеткілікті қамтымаған. Оның үстіне қазандықтарда сапасыз көмір жағылып, жылу параметрлері 50-55 градустан аспай тұр. Мұндай келеңсіздік бірнеше ауылдық клуб пен аудан орталығындағы қос мемлекеттік мекемеде де қалыптасқан.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2023
Жаңа теміржол құрылысы басталды
Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты.