Үкімет • 21 Желтоқсан, 2023
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында Жоғары аудиторлық палата су ресурстарын басқару тиімділігі жөніндегі есеп берді. Сондай-ақ отырыс соңында депутаттар сауалдарын жолдады.
Білім • 21 Желтоқсан, 2023
«Ұлттық қор – балаларға»: Білімге бағытталған инвестиция
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың қарашасында балаларға Ұлттық қордан қаржы төлеу туралы заңға қол қойды. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан жүзеге аса бастайды. 18 жасқа дейін жиналған қаражатты екі мақсатқа қолдануға болады. Соның бірі – білім алу.
Білім • 21 Желтоқсан, 2023
«Жайлы мектеп» – нақты мүмкіндік
Былтыр ел Президентінің тапсырмасы бойынша қанатқақты режімде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске қосылды. Осы жылдың қорытындысы бойынша жоба аясында екі ауысымда оқитын 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды. Жаңа жоба еліміздегі орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған нақты мүмкіндік екенін дәлелдеп отыр.
Медицина • 21 Желтоқсан, 2023
Өңір медицинасындағы оң өзгеріс
Жыл басынан бері денсаулық сақтау саласында ауыз толтырып айтарлық жаңалық жетерлік. Әдеттегідей бірнеше медицина ұйымдарының базасы озық үлгідегі технологиямен жабдықталса, ауыл-аймақтарда медицина нысандары бой көтерді. Сала мамандары біліктілігін арттырып, шыңдалудан шет қалмады.
Энергетика • 21 Желтоқсан, 2023
Баламалы энергетика – басым бағыт
Түркияның Мерсин қаласында Ұлыбританияның New Nuclear Watch институтының мұрындық болуымен, Түркия атом өнеркәсібі ассоциациясы және Sustainable Enerji Projeler компаниясының ұйымдастыруымен журналистерге арналған семинар өтті.