Руханият • 21 Желтоқсан, 2023
«Білімдіден аяман сөздің майын...»
Ұлы дала руханиятының мазмұнын байытып, қазақ халқын әлемдік өркениеттің кеңістігіне бастайтын, ұлттық мәдениеттің мәртебесін биіктететін темірқазық бағдар іспетті ұлы тұлға Абайдың ұрпақтарына аманат етіп кеткен дана сөзі мен мол мұрасы бүгінде адамзат баласының мәңгілік асыл қазынасына айналған. Осылайша, Ұлы даланың мәртебесі Абайымен биіктеп, ғасырлар бойы асқақтай беретін болады.
Театр • 21 Желтоқсан, 2023
Ұлттық театр және кино өнерінің алтын қорын «Гауһар тас», «Әпке», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Мұңлық – Зарлық», «Өкпек жолаушы», «Мұрагерлер», «Жаужүрек», «Бөрте», «Дермене», «Тауқымет», «Балуан Шолақ» сияқты тың туындылармен толықтырған жазушы-драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің арнасы басқа болса да, адамзаттық ізгілікті дәріптеген қос саланы бөліп-жармай қатар дамытуға қосқан үлесі өлшеусіз. Бүгінде 11 елдің театрында пьесалары жүріп жатқан драматург шығармалары өз елінің ғана емес, әлем театрлары тарапынан да сұранысқа ие.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Ұлттық академиялық кітапханада ақын, бард, қоғам қайраткері Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» кітабының таныстырылымы өтті. Елорданың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен кітапсүйер қалың оқырманның басын қосқан рухани жиында өлең туралы өрелі әңгіме өрбіді.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Мұнайлы шаһарда апатты жағдайда тұрған 82 үй бар. Мәселен, Азаттық даңғылындағы ескі үй 1947 жылы салынған. Ал Стаханов көшесіндегі 8 пәтерлік үйдің іргетасы 1950 жылы қаланған.
Ауыл • 21 Желтоқсан, 2023
Таяуда Балкашин ауылының тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды. Шығармашылық үйі мен музыка мектебі пайдалануға беріліп, ел ертеңі санатындағы жас ұрпақ өздеріне көрсетіліп жатқан қамқорлықты жас жүректерімен сезініп, арқа-жарқа қуанып жүр.