Өнер • 20 Желтоқсан, 2023
Қостанайдағы Жастар сарайында «Түркі әлемі» халықаралық этнофестивалі өтті. Бауырлас елдердің арасындағы мәдени байланыстың беки түсуіне септігі мол дәстүрлі іс-шараға Қостанай облысының өнерпаздары, Өзбекстан, Қырғызстан және Башқұртстан Республикасынан келген өнер ұжымдары қатысты.
Табиғат • 20 Желтоқсан, 2023
Айрықша қорғалатын өсімдіктер сиреп барады
Еліміздің солтүстік-шығыс өңірінде жайқалған жалқарағай ормандарының ерекшелігі жайында бүгінде аз айтылып жүрген жоқ. Қарағай ормандарында «Қызыл кітапқа» енетін 7 өсімдік түрі, орман сусары және жергілікті құстардың 50 түрі бар. Өкінішке қарай, бұл иен байлық орман өртінің жиілеуімен сирей түскен.
Егемен Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2023
Экология • 20 Желтоқсан, 2023
Көп жылдан бері Аралдың ұлтанына сексеуіл егу қолға алынып, құм мен тұз бораған теңіз табанынан тіршілік белгісі байқалып келеді. Былтыр ЮСАИД даму агенттігі мен Аралды құтқарудың халықаралық қоры осындай алқаптарды суару үшін теңіз ұлтанынан таза судың көзін тапты. 700 метр тереңдіктен шығып тұрған тұщы су сексеуіл өскіндерін суаруға және «Барсакелмес» қорығындағы аң мен құсты осы маңайға тұрақтандыруға сеп болмақ.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2023
2023 жыл: Ел экономикасының өсімі
2022 жылы болған геосаяси тәуекелдерден кейін Қазақстан 2023 жылға дайын болды. Сондықтан болар осы жыл ел экономикасы үшін сәтті өрбіді. Ең бастысы, баға өсімі тежелді. Бұл ретте Ұлттық банктің де, Үкіметтің де еңбегін атап өту маңызды. Биыл қаңтар-қараша аралығында экономикалық өсім қарқыны 4,9 пайызды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,7 пайызды құрағанын ескерсек, биылғы өсім – үлкен жетістік.