Оқиға • 16 Желтоқсан, 2023
Шамахан әулетінің талайлы тағдыры
Аяқ артар көлігі жоқ халық жаяу-жалпылап түрікмен жеріне қарай шұбырды. Босқан жұрттың қатарында Шамахан әулеті де бар еді. Бір рулы ел ұжымдастыру зобалаңынан қашып, Жем өзені бойындағы кір жуып, кіндік кескен ата қоныстан әуелі Сам барып, одан Желтау асып, Түрікменстан жағына өткен.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2023
1986 жыл. Желтоқсанның ызғарында алаңға әділдік іздеп шығып, кеңес билігінің тепкісін көрген өрімдей бозбалалар мен бойжеткендердің ерлігі бүгінгі жас ұрпаққа аңыз болып айтылып жүргені хақ. Азаттықты жақындата түсуге сеп болған Желтоқсан көтерілісінде керекулік Сая Торбаева да аз теперіш көрмеді.
Тарих • 16 Желтоқсан, 2023
ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің ішінде ғұмырбаяны толық анықталмаған, шығармашылығы жөнінде іргелі зерттеулер жүргізілмеген тұлғаларды анықтау, шығармашылық мұрасын жинақтау, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазып кітаптарын шығару, олардың саяси қуғын-сүргінге ұшырау себептерін талдау – маңызды мәселелердің бірі.
Таным • 16 Желтоқсан, 2023
Академик Окладников Абылай хан туралы
Кеңес заманында ғылымнан Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алексей Окладниковті тарихшы, археолог, этнограф, әдебиеттанушы, фольклоршы, қоғамтанушы ғалымдар ортасында білмейтін адам кемде-кем еді.
Таным • 16 Желтоқсан, 2023
Үлкен мұхиттар тереңінде түрлі құбылыс жүріп жататын көрінеді. Соның бірі – мұхит үстіндегі сыртқы күштердің әсерінен болатын қатты ағынға бағынбай, өз мақсатына жету үшін су асты тіршілік иелерінің ағынға қарсы жүзетін жанкешті әрекеті. Дәл осындай жанкешті қарсылық бодандыққа түскен елдер тарихында кездеседі. Тумысынан еркін өскен кең даланың арда азаматтары бодандық бұғауына көнбеген. Оған қазақ тарихындағы түрлі азаттық күрес куә. Біз ол соғыстарды әлі түгендеп болған жоқпыз.