Сұхбат • 08 Желтоқсан, 2023
Сот жүйесін жетілдіру – қоғамның әділ талабы
Сот жүйесін жетілдіру, бұл бағыттағы шараларды сапалы жүзеге асыру – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басты басымдықтың бірі. Себебі қарапайым халықтың сот пен судьяға деген сенімі билік пен мемлекетке деген сеніммен бірдей. Мемлекет басшысы жариялаған сот реформасының жүзеге асырылу барысы қалай? Сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесін халық сезіне алды ма? Сот жүйесін дамыту бағытында қолға алынған заңнамалық бастамалар мен ұзақмерзімді міндеттер қалай орындалып келеді? Біз салаға қатысты қоғамда талқыланып жүрген осы және өзге де сұрақтарды Жоғарғы сот төрағасы лауазымына тағайындалғанына бір жыл болған Асламбек Мерғалиевке қойған едік.
Сенат • 08 Желтоқсан, 2023
Экожүйе мен балалар қауіпсіздігі алаңдатады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады. Мақұлданған құжаттардың қатарында «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заң бар.
Халық • 08 Желтоқсан, 2023
Жетісу жерінде елуден астам этнос өкілі тұрады. Дарқан қазақ даласына бауыр басқан қауым Шу мен Таластың ортасын атамекені санап кеткені қашан? Себебі көңілі жеті өзеніндей асып-тасып жатқан ағайын тілі мен ділі бөлек ұлыстармен бір атаның балаларындай күн кешіп келеді. Содан-ау жанға жайлы жазиралы атырап ғасыр аунаса да киелі достықтың алтын бесігінен айныған емес.
Құқық • 08 Желтоқсан, 2023
Адам құқы және қоғамдағы әділеттілік
Елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жиында адам құқығын қорғау саласында ақсап тұрған заң нормаларын жетілдіру мәселесі жан-жақты талқыланады.
Өндіріс • 08 Желтоқсан, 2023
Сүт нарығын зерттеу орталығының дерегіне қарағанда, елімізде жылына 6,3 млн тонна сүт өндіріледі екен. Дегенмен бұл көрсеткіш елдегі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде сүтке деген тапшылық жылына 2,2 млн тоннаны құрайды.