Тағзым • 07 Желтоқсан, 2023
Жақында елге есімі белгілі, заң саласының белді өкілі Балапан Әбеновті еске алуға арналған шағын футбол турнирі Кеншілер астанасына алыс-жақыннан доп додасының өрен жүйріктерін жинады. Бұл жолы республикалық доп додасы 2010-2011 жылы туған жеткіншектер арасында ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу рәсіміне Балапан Әбеновтің достары мен туыстары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ұлттық спорт • 07 Желтоқсан, 2023
Жамбы ату – қазақтың көнеден жеткен ұлттық жауынгерлік өнері. Ат құлағында ойнаған қырағы, құралайды көзге атқан мергендер жүйрік атпен шауып бара жатып, бағанға ілінген жамбыны садақпен атып түсіреді. Тарихтың сарғайған бетіне сіңіп бара жатқан сайыс түрі бүгінде қайта жаңғыра түсті. Жамбы атудың бірнеше түрі белгіленіп, ережелері бекітілді. 2014 жылдан бастап елімізде ат үстінде садақ ату спортын дамыту үшін Жамбы ату федерациясы құрылды. Содан бері жамбы атудан халықаралық және республикалық жарыстар, ел чемпионаттары өткізіліп келеді. Атқа қонған сұрмергендер шетелдік додаларда сынға түсіп, көк байрақты желбіретіп жүр.
Жастар • 07 Желтоқсан, 2023
Қысқы мейірімділік аптасы жалғасын тапты. Қоғамға ізгі ниетті жандардың еңбегін насихаттауды көздеген науқан еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылып жатыр. «Жастар рухы» жастар қанаты астаналық ардагерлерге, тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жәрдем беріп, елордада «ТазаLike» акциясын өткізді.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2023
Осы жылдың қаңтар-қараша айларында отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына 717,8 млн теңге көлемінде шығындардың бір бөлігі өтелді. Бұл кезеңде «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ға еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бағыттары бойынша жалпы саны 600-ге жуық өтінім келіп түскен.
Шаруашылық • 07 Желтоқсан, 2023
Керекулік картоп өсірушілер неге алаңдайды?
Керекулік картоп өсірушілер тығырыққа тірелді. Ала жаздай баптап өсірген жер ырысын жылдағыдай көршілес елдер тонналап сатып алмай отыр. Ал ішкі нарықтағы көтерме баға килосына 58-65 теңгеден аспай тұр. Мұндай тиімсіз баға көптеген шаруашылықтың шығынын жабуға мүмкіндік бермейді. Салдарынан кейбір фермерлер келер жылы банкрот деп танылуы да ғажап емес.